Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет57/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Карбункул –тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және теріасты май 
клетчаткасының некрозымен, ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын 
бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді 
–некротикалық қабынуы. Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, 
сирекстерптококк, кейде аралас инфекция . Ауру бірнеше шаш 
фолликулдарын, май бездерін қамтитын инфильтраттың түзілуінен 
басталады. Жергілікті қанайналым бұзылып, тері және теріастымай қабаты, 
кейде одан терең некроз дамуы мүмкін.Некрозбенбірге, тіндердің іріңдіеруі 
дамып, ірің фолликулдардың түбінен ағады. Ірің шыққаннан кейін орнында 
терең дефект қалып, ол екіншілік жазылумен жүреді. Жалпы белгілері айқын 
, дене температурасы фебрильдіге дейін көтерілуі мүмкін. Науқасты 
тексергенде 
іріңді 
қабынудың 
жалпы 
белгілерінен 
басқа 
(дене 
температурасының жоғарылауы, қалтырау, аппетит төмендеу, бас ауру) 
орналасатын аймақтарда көк-қошқыл түсті ісіну байқалады .Аурудың 
басында бірнеше инфильтрат түзіліп, кейін олар бір-бірімен қосылып, тері 
үстінен жоғарылаған ортақ инфильтрат түзіледі. Инфильтраттың бетінде 
бірнеше некротикалық пустулалар болады, олар ортасында қосылып, 
жайылмалы тін некрозын түзеді. Некроз аймағының жұқарған беті бірнеше 
жерден тесіліп, тесіктер пайда болады (ситосимптом) Жиі лимфоаденитпен 
лимфангитпен бірге жүреді. Егер науқаста тіндердің ісінуі ұлғайса, жалпы 
симптомдары өрістесе, онда карбункулдың ағымы қолайсыз деп бағаланып, 
арықарай флегмона, сепсис дамуына түрткі болады. Карбункулды сібір 
жарасының карбункулынан ажырату керек, сібірлі жара карбункулында 
геморрагиялық көпіршіктер болады, іріңді бөлініс болмайды, инфильтрат 
ауырсынбайды және некротикалық стержень қара түсті болады. Көпіршік 
құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады. 
Егер шиқан шыққанда бір тал жүннің түбі қабыну процесіне шалдықса, 
карбункул бүкіл жүн біткеннің түптерін бүлдіруі мүмкін. Жүннің қабыну 
процесіне шалынған бірнеше түбі өзара қосылып, сол процесст өңірегіндегі 
майбездері де қабынып, көлемі едәуір жайылған жалпы инфильтрат пайда 
болады. Карбункул ауруына шалынған жердегі терімен шел торшалары өлі-
некроз жағдайына ұшырап, көп уақытқа дейін жазылмайтын іріңді жараға 
айналады. Жануардың терісінде пайда болатын бұл пәле көбінесе желке 
маңайында, жауырынаралығы немесе жауырын аймағында, бел және құйрық 
төңірегінде жиі кездеседі. Жүдеген әлсіреген басқадай созылмалы аурудан 
айыға алмай жүрген жануарға аталмыш ауру жабысқақ келеді. Ондай 
жануардың ағзасында микробқа қарсы тұратын күші төмен, зат алмасу 
процесі нашар. Тек стафилоккок микробтары ғана емес, стрептоккок 
микробы жүн талшықтарында қабыну процесін қоздыруға әсер етеді. Қабыну 
процесін кейде стафилоккок және стрептококк микробтары араласып та 
туғызады. Карбункул процесі басталған жердің патологиялық өзгерістерін де 
білген жөн. Бірнеше жүннің түптері қабыну процесіне бірден ұшырағандық-
тан, сол жердегі тері мен шел торшаларында қабынған инфильтрат 
қалыптасады. Осы инфильтрат астынан өтетін қан тамырларының қызметі 


82 
нашарлап, коректік зат, оттегі дер кезінде жеткізілмегендіктен, сол 
жерлердегі ұлпалар өліксе жағдайына ұшырап, ақырында жайылып кеткен 
жалпы өліеттенген ұлпалардан құралған үлкен іріңді жара орнында тыртық 
қалады. Өліеттену процесі теріден, шел торшалардан да әрмен тереңдей 
түсіп, кейде қара ет немесе бұлшық еттерді жауып тұратын фасцияны да 
ерітіп, шірітіп жіберетін қауіпі бар екенін есте сақтау керек. 
Клиникалық сипаты мен белгілері. Ауру ең алғаш түймедей ісіктен 
басталады. Бірақ ісік күн сайын жайылып, көлемі ұлғая түседі де, 
шыдатқызбай, сыздап, солқылдап, әкете береді. Қол тигізе алмайсыз. Ісік 
пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Терінің 
эпидермис атты қабығында шұрық-шұрық тесіктер пайда болып, сол 
тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің аға 
бастайды. Терең үңіліп, қадағалап қарайтын болсақ, сол тесіктер түбінен 
өліеттену жағдайына ұшыраған ұлпалар көрінер еді. Біраздан соң, осы 
кішігірім тесіктер өзара қосылып, тері бетінде көлемі үлкен жара пайда 
болады да, сол жарадан ірің, өліеттенген ұлпалар шыға бастамақ. Карбункул 
ауруына шалдыққан жануардың жалпы хал-жағдайы нашарлап, бүкіл ағзада 
жалпы өзгерістер байқалады. Жануарды жай-күйін тексерген дәрігер, оның 
дене қызуы 41 градусқа дейін көтерілген, тамыр соғуының жиілегенін, 
денесін суық қара тер басқанын, кейде есінен айырылып қалады. Жарадан 
ірің өліеттенген ұлпалар тері сыртына шыға бастаған күннен бастап, 
жануардың жалпы жағдайы жақсара түспек. Дененің басқа жерлерінде пайда 
болса, ол лимфаденит, лимфангит, тромбофлейбит, сепсис, іріңді менингит 
жағдайына ұрындыруы мүмкін. Стафилоккок немесе стрептококк 
микробтарының салдарынан пайда болған карбункул ауруын топалаң 
ауруынан айыра білу керек. Карбункул ауруына шалдыққан жануарды емдеу. 
Карбункул ауруы асқынып бара жатса аталмыш шалдыққандарды 
клиниканың хирургиялық бөлімшесіне орналастыру керек. Жаңа басталған 
дертке антибиотиктерді новокаин ертіндісімен қосып, бұлшық еттерге 
енгізеді. Жаңа басталған ауруға УВЧ әдісі де қолданылады. Қабыну ісігінің 
үстіне құрғақ таза шүберек салады. Немесе синтомициндік эмульсия жағып, 
байлап таңады. Осындай емдердің айтарлықтай көмегі болмай жағдай 
қиындай түссе, ол малға операция жасалынады. Ол үшін наркоз беріледі, 
карбункул ісігінің беті айқастыра тілініп, ірің-шіріп кеткен барлық өліксі 
ұлпаларды алып тастайды да, ірің жиналған жерлер тазартылады. Операция 
кезінде қансырау аз болады. Операциядан кейін пайда болған жараны тікпей-
ақ сол жараға тұзды суға малынған дәке салып, протеолиттикалық 
ферменттер ертіндісімен жараны жуып күн сайын таңып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет