Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет63/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

4.1 Фасциолез 
Бұл фасциол тобына жататын терматодтар арқылы туындайтын ірі қара 
немесе басқа малдың,сондай-ақ адамдардың ауруы,ол бауырдың өт қабында 
паразиттік тіршілк етеді. Қоздырушысы – бауырлық және алып фасциола. 
Олар жапырақ формалы,ашық-кір-жасыл түсті. Қоздырушының дамуы 
жұмыртқадан адолескрийге дейін кіші тоған ұлуларының мекен орталарында 
2-2,5 айда өтеді. Инвазирленген малдардың бауырында жыныстық жетілген 
фасциолдардың қалыптасуы 3-4 айдан кейін аяқталады; өт жолында 
паразиттендіру жылдар бойы жүреді.
Ауруды жұқтыру алиментарлы жолмен,негізінде жазда жайылымдық 
жерде, кіші тоғанның ұсақ сулы орталарының көп болған жерінде жүзеге 
асады. Берілу фауторлары – су, су айдынында,ылғалды не суармалы 
жерлерде өсетін шөптер,бұл жерден алынған адолескариялармен бүлінген 
пішен.
Ірі қара малдың жас төлдері арасында инвазияның күрделі өтуі 
байқалады және ауру малдың жабырқаулы болуымен,көп жатумен, бауырдың 
үлкеюімен, ауырсынумен, атония және әлсіреумен білінеді. Ересек малдарда 


89 
ауру 
созылмалы 
болады,бұл 
сауым 
сүтке 
әсер 
етеді, 
мал 
жабырқаулы,шырышты 
қабық 
солғын 
болады,қабақтың,жақаралық 
кеңістіктің,кеуденің,қарынның төменгі бөлігінің ісінуі,бауырдың ұлғаюы 
байқалады. Малдардың өлімімен аяқталуы мүмкін.
Диагнозды фекалияларда фасциола жұмыртқаларын анықтау негізінде 
қояды (сары-ақшыл сарғыш түсті,сопақша формалы,қақпақшасы бар). 
Емдеу үшін антигельминтиктерді қолданады: гексихол (0,3 г/кг дене 
массының құрама азықтармен бір рет ), ацемидофен (15 г/кг бір рет). Емдеу 
дегельминтизациясы клиникалық көрсеткіштер бойынша жылдың кез келген 
кезінде 
жүргізіледі. 
Гельминтоздың 
инфнекциямен 
немесе 
басқа 
патологиямен асқынуы кезінде антигельминтиктермен емдеуге тек екіншілік 
аурудың жазылуынан кейін кірісуге болады. Фасциолездің алдын алу мен 
аурумен 
күресу 
жолдары 
жылына 

рет 
профилактикалық 
дегельминтизацияны өткізуден(қорада ұстаудан бұрын және 3 айдан кейін) 
және өрісті қолдану тәртібін реттеуден тұрады. Ірі қара малды жаппай 
дегельминтизациялауға тек 15-20 малға антгельминтиктерді алдын-ала 
сынағаннан кейін ғана кіріседі. Төлдеуге 2 апта қалған және төлдегеннен 
кейін 2 апта өткен аналықтар және әлсіреген малдар дегельминтизацияға 
жатпайды . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет