Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет65/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

4.3 Цестодоздар 
Бұл қоздырушылары цестод класының құрттары немесе жылан 
құрттар,әсіресе басы немесе сколексі ілгекпен қамтылған эмбриональды 
дернәсілдер болатын аурулар. Цестодтардың даму циклы 2 кестеде 
көрсетілген.
Мониезиоз. Бұл малдардың аш ішегінде паразиттік тіршілік ететін 
цестодтар тудыратын күйіс қайыратын малдардың ауруы.
Қоздырушылары- ақ түсті, ұзындығы 4-5 м, олардың сколексінің 4 емізігі 
бар,таспа тәрізді мониезиялар. Жұмыртқадан инвазионды дернәсіл -
цистоцеркоидқа дейін дамуы аралық иесі-оибатидті кененің ағзасында 2-3 
айда өтеді. Жыныстық жетілуге паразит күйіс қайыратын малдардың 
ішегінде 47-50 күнде жетеді,ол жерде 2-7 ай паразитті тіршілік етеді. 
Цестоданың өмірлік циклі.
Негізінде ірі қара малдың және қойлардың жас төлі ауырады. Ауруды 
жұқтыру, ылғалдылығы жоғары жайылымда шөппен бірге инвазирленген 
кенелерді жұту кезінде жүреді.Көбінесе тамыз айында жиі таралады.
Бұзауларда ауру ауыр және токсикалық,обтурациялық және жүйкелік 
түрде өтеді.Жабырқау,анемия,тәбеттің төмендеуі,көп жату,іш өту,ішті бостау 
кезінде арқаның бүгілуі,буынның және мониезий үзіндіснің шығуы,қатты 
шөлдеу,3-10 күні өлім байқалады. Жүйкелік түрі қозғалыс кординацияның 


91 
бұзылуымен, басын артқа еңкейтумен, айналмалы қозғалумен, көп жатумен 
және тез өлумен өтеді. Обтурационды түрі сырттай сау бұзауларда кенеттен 
шаншудың пайда болуымен сипатталады: жерге кенеттен құлау, басты ішке 
қарай қысу, бір орында айналу.8 айдан үлкен ірі қара малда ауру айқын 
белгілерсіз өтеді 
Мониезиозға диагнозды клинико-эпизоотологиялық мәліметтер, 
гельминтоскопиялық 
зерттеулер, 
диагностикалық 
дегельминтизация 
(буындар мен фрагменттерін табу) және овоскопия негізінде қояды.
Ауруды емдеу үшін антгельминттік заттарды пайдаланады: бұзауларға 
фенасал 0,15 г/кг жекелеп, 10–12 бастан тұратын топқа – құрама азықпен 
қосып 0,2 г/кг, мыс сульфаты 1 % сулы ерітінді түрінде қолданылады, 1 л 
қайнатылған суға 1-4 мл тұз қышқылын қосу арқылы шыны ыдыста 
дайындалады, ерітіндіні резеңке түтік арқылы3-тен 6 айға дейінгі бұзауларға 
120-150 мл көлемде енгізеді.
Алдын алу мақсатында бұзауларды екі рет дегильминтизациялайды: 
алғаш рет өріске шығарғаннан кейінгі 35-40 күнде, екінші рет- біріншіден 35-
40 күн өткен соң, ал 1 жасқа дейінгі төлдерді- жайылымға шығарғаннан 
кейінгі 35-40 күннен кейін. Ағымдағы жылы туған бұзауларды жасанды 
жайылымда немесе лагерльлерде ұстау ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет