Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал


 Ірі қара малдың өмір циклі және көбеюі



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата20.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.3 Ірі қара малдың өмір циклі және көбеюі 
Сиырлардығ  өмір  сүру  ұзақтығы  20  жыл  шамасында,  сирек  35  жылға 
дейін;  бұқалар  15  –  20  жыл.  Жануарлардың  өсуі  5  жылға  дейін  созылады, 
кейбір кеш жетілетін тұқымдарда 6 – 7 жылға дейін. Қашарларда жыныстық 
жетілу  шамамен  7  –  9  жасында  болады,  ал  бұқаларда  6  –  8  айында  [23], 
дегенмен  кейбір  африкалық  тұқымды  жануарлар  24  айында  жыныстық 
жетіледі  [24].  Жыныстық  жетілудің  келуі  организмнің  ұрпақ  қалдыра 

38 
 
алатынын  білдірмейді,  сиырлардың  физиологиялық  жетілуі  жасына  емес, 
салмағына  байланысты.  Бұқалардың  және  сиырлардың  ересек  жануардың 
салмағының    50—60  %  тең  салмаққа  жеткенде  физикалық  жетілген  деп 
саналады  (осы  тұқымға  және  табынға  жататын  3-ші  бұзаулағаннан  кейін 
және  одан  көп).  Бұқалардың  және  қашарлардың  ерте  ұрықтандырылуын 
болдырмау  үшін    5  –  6  айлығынан  бастап  бір-бірінен  бөлек  ұстайды.  Етті 
бағыттағы  мал  шаруашылығында  бұқаларды  және  қашарларды  анасынан 
айырғаннан  бастап  бірден  бөлек  ұстайды.  Қашарларды  18  –  22  айында,  ал 
бұқаларды  14  –  18  айында  шағылыстыруға  жібереді.  Қызмет  мерзімінің 
ұзақтылығы  (туғаннан  бірінші  қашуға дейін)  3  апта  шамасында.  Сиырларда 
көбею маусымы жоқ, олар жыл бойы ұрықтана алады. 
Сиырлар  –  полиэстерлі  жануарлар,  оларда  жыныстық  цикл  орташа  21 
күннен тұрады. Оны 4 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – эструс немесе 
«аңшылық»,  12  –  18  сағат  шамасында  созылады,  осы  кезеңде  сиыр 
шағылыстырылуға  дайын.  Жануар  қозғыш  болып  келеді,  тұқымдастарын 
иіскелейді,  басқа  сиырларға  мініп  ала  алады,  жиі  мөңірейді,  табыннан 
қашады,  нашар  азықтанады,  көп  су  ішеді;  сүт  мөлшері  азаяды;  қынаптың 
сыртқы  бөлігі  қызарады,  одан  бұлдыр  болатын  кілегей  ағады.  Табиғи 
ұрықтандыруды шағылыстыру, ал арнайы құралдардың көмегімен – жасанды 
ұрықтандыру  деп  атайды.  Ұрықтандыру  ерікті  және  қолдан  болады.  Ерікті 
ұрықтандыру  кезінде  ұрықтандырушы  бұқалар  әрқашан  аналықтармен 
болады  және  шағылыстыру  кезінде  бір  аналықты  бірнеше  рет  қажетсіз 
ұрықтандыра  алады.  Етті  бағыттағы  мал  шаруашылығында  сүтті  бағыттағы 
мал  шаруашылығына  қарағанда  ерікті  шағылыстыру  кеңірек  қолданылады 
[27].    Овуляция  шағылыстырудан  10  –  15  сағаттан  кеін  болады  [13]. 
Ұрықтанған  қашарды  буаз  деп  атаған  жөн,  ал  төрт  ай  буаздығынан  бастап 
құнажын  деп  атайды.  Шамамен  екі  жасар  пішілген  бұқаларды  өгіз  деп 
атайды.  Аталықтарды  олардың  табындағы  агрессияларын  төмендету  үшін 
немесе  жануарларды  жүк  тасымалдаушы  және  жегу  мақсатында  қолдану 
кезінде  пішеді  [28].  Құнажын  бұзаулауға  1,5-2  ай  қалғанда  желіндейді. 
Буаздық  орташа  285  тәулікке  созылады.  Сиырлар  бір  төлді,  егіздер  сирек 
болады  (2  %  шамасында);  бір  уақытта  6  –  7  бұзаудың  туылу  жағдайлары 
кездесіп  тұрады.  Егіздер  жиі  әр  түрлі  жұмыртқалы  болады  (бір  жынысты 
және түрлі жынысты). Түрлі жынысты қашарлардың көбісі төлдей алмайды, 
сырттай олар бұқаларға ұқсас келеді, оларды фримартиндар деп атайды [28]. 
Бұзаулардың  тұқымына  байланысты  туылған  кездегі  салмағы  18  –  45  кг, 
кейде 60 кг дейін, бұқалардың салмағы 1 – 3 кг-ға көбірек. 
Бұзаулаған  уақыттан  бастап  лактация  басталады.  Бірінші  7  –  10  күн 
сиыр  уыз  береді.  Аналық  төлді  тоғыз  айына  дейін  емізеді  (етті  бағыттағы 
тұқымда алты – сегіз айға дейін), бірақ шөп жей бастаған кезде, шамамен үш 
айлығында суалтуға болады. Жыныстық жетілген құнажындар сүт бермейді: 
алдымен  олар  шағылысу  керек  және  бұзаулаулары  қажет.  Бұзаулағаннан 
кейін лактация сүтпен емізу немесе әрдайым сауу шартында шамамен 11 айға 
созылады.  Лактация  аяқталған  соң  және  атап  айтқанда  суалу  кезеңі 
басталғанда  сиырды  қайта  шағылыстыру  қажет  (  әдетте  екі  ай  демалғаннан 
кейін): сүт келесі бұзаулаған кезде пайда болады. 

39 
 
 
2 Ішкі жұқпалы емес аурулар 
Ішкі  жұқпалы  емес  аурулар  азықтандыру,күтіп-бағу  мен  қолдану 
кезіндегі  ережелерді  сақтамау  салдарынан  пайда  болады,олар  дербес  ауру 
ретінде  пайда  болатын  және  инфекциялық,инвазиондық  ауруларға 
жалғасатын болып бөлінеді.  
Аурудың  бұл  тобын  алдын  алу  оптималды  микроклиматты-  ауаның 
гадық  құрамы,  температура,  ылғалдылық,  бөлмелерді  жарқытандыру, 
уақытылы  белсенді  серуен  ,сондай  ақ  толыққанды  және  уақытылы 
азықтандыруды қамтамасыз етуге негізделеді.  
 
 
 
Тірек-қимыл жүйесінің аурулары   
Тірек-қимыл  жүйесінің  ауруларына  сүйектердің,сіңірлердің,буындар 
мен  бұлшық  еттердің  аурулары  жатады.  Барлық  ауруларды  ветеринарлық 
дәрігердің бақылауымен емдек қажет.  
Бұл  тарауда  шаруа  малға  көмекті  өзі  бере  алатын  кейбір  кең  таралған 
патологиялық жағдайлар туралы сөз етіледі. 
2.1 Сүйек аурулары 
Сүйек  ауруларына  периостит  (сүйек  қабығының  қабынуы),  остит 
(сүйектің  қабынуы),  сүйек  некрозы  (жансыздану),  тісжегі  (бетінде  ақаудың 
пайда болуымен (сүйек жарасы) сүйек тінінің ыдырауы, остеомиелит (сүйек 
кемігінің,эндостың,тығыз заттың және сүйек қабығының қабынуы). Олардың 
пайда  болу  себебі  ашық  немесе  жабық  механикалық  зақымданулар,сүйек 
айналасында шоғырланатын жедел іріңді қабыну процестері, бұған дәрумен, 
минерал  жетіспеушілігі  және  басқа  да  себептер  негіз  болатын  зат  алмасу 
процесі бейімдейді.  
Кез-келген  емдеу  курсын  ветеринарлық  дәрігер  белгілейді,ол 
тыныштық,құрғақ  суық,басып  тұратын  таңғыш,препараттарды  сүйекішіілк 
енгізу,жедел кірісу және т.б. нормаларды белгілейді.  
Остеодистрофия  
Ағзада  D  дәруменінің,  кальций,фосфордың  жетіспеуі  немесе  олардың 
теңестірілмеген 
қатынасы 
кезінде 
сүйектердің 
қалыпты 
өсуі 
бұзылады,олардың 
осы 
байланысының 
бұзылуы 
жүреді, 
бұл 
остеодистрофияның  дамуына  әкеледі.  Асқазан-ішек  жолындағы  сіңіру 
қызметінің  азықтандыру  кезіндегі  ақауларға  немесе  шырышты  қабықтың 
қабыну  процесінің  салдарынан  бұзылуы  зат  алмасудың  бұзылуы  мен 
гипокальциемияны  тудыруы  мүмкін.  Бұзау  ағзасында  D  дәруменінің 
жетіспеуі 
және 
фосфор-кальций 
алмасуының 
бұзылуы 
сүйек 
түзілу(остеогенез)  процесінің  қатты  бұзылуын  және  өсудегі  артта 
қалушылықты(рахит)  тудырады.    Бұндай  сүйектерде  бірден  шеміршекті 
масса басым түседі.  
 

40 
 
 
 
8 Сурет - Ірі қара малындағы остеодистрофия көрінісі 
 
Өсуі 
аяқталған 
малдарда,әсіресе 
лактация 
мен 
буаздылық 
кезеңінде,фосфорлы-кальций,ақуыз-көмірсу  және  дәрумендік  (D  және  А-
гиповитаминоз) 
қамтамасыз 
етілмеуі,ульракүлгін 
сәулеленудің 
жетіспеушілігінен 
ересектер 
рахиты 
немесе 
остеомаляция-ұлпаның 
созылмалы екіншілік деминерализациясы (тұзардың шығуы) дамиды. Рацион 
құрылымының  өнімділік  деңгейіне  сәйкес  келмеуі,азықтардың  төмен 
биологиялық толыққандылығы бұл аурудың дамуында елеулі рөл атқарады.  
Кәрі  малдарда  көбінесе  остеопороз  –сорылу  процесінің  остеогенез 
процесінен  басым  түсуінің  салдарынан  ,сүйек  ұлпасының  сирек  болуы, 
байқалады.Сүйектердің  сынғыштығы,сүйек  сынығының  ұзақ  жазылуы  тән 
болады.  
Аурулар тәбеттің төмендеуінен,жүннің түсуінен,өнімділіктің азаюынан 
басталады.Малдар  сербектерді,құйымшақ  төбешікті,табан  және  алақан 
сүйіктерін    қолмен  ұстау  кезінде  мазасызданады.  Құйрықты  соңғы  ұшы 
жіңішкеруімен  жүретін    құйрық  омыртқалары  аймағында  сүйір  бұрыштап 
бүгуге  болады.Бұл  сүйек  массасының  жіңішкеруімен  қатар  құйрықасты 
кеңістіктің ішке енуіне әкеледі. Кейін аяқтарының әлсіздігі байқалады, жүрісі 
қиындап,сырқаулы,  ақсаңдау  пайда  болуы  мүмкін,  тұру  кезінде  қиналып, 
соңғы қабырғалары майысады. Ауру малдар аз қозғалғыш және көп жататын 
болып кетеді. 
Остеодистрофияның  алғашқы  белгілерінің  пайда  болуы  кезінде 
кальций,фосфор  және  Д  витамині  бар  дәруменді-минералды  препараттарды 
беру  керек,осы  компонеттерді  мал  азығында  теңдестіру  қажет.  Малдарды 

41 
 
концентратты азықтандыру кезінде рационның жалпы қоректілігінің 40%-на 
дейін  концентрат  мөлшерін  төмендету  керек.Малдар  күн  астында  болуы 
қажет  немесе  қорада  арнайы  ультракүлгін  лампаларды  орналастырады,ауру 
малдарды әр күн сайын 10мин-тан 20күн сәулелендіреді.    
2.2 Сүйек сынулары 
 Бұл  сүйек  ұлпасының  (мысалы,остеодистрофия  кезінде)  өзгеруі  мен 
жарақат  салдарынан(құлау,т.б)  болатын  сүйек  бүтіндігінің  аздап  немесе 
толық зақымдануы (сур. 9).Бұндай түрдегі жарақаттар ашық және жабық(тері 
жабынының  бұзылуы),  толық  және  толық  емес  (сызаттар,шатынаулар,т.б), 
сынық  сызығының  бағыты(көлденең  және  бойлық)  мен  шоғырлануы 
бойынша(эпифизарлы,т.б.) көпшілік болып бөлінеді. 
 
 
 
9 Сурет - Сүйек сыну деңгейлері 
 
Сүйек  сынуының  негізгі  белгілері  аздап  ісінудің,  деформацияның, 
қызметтердің,  сүйек  қозғалысының  бұзылуы,  сүйек  крепитациясы,  ауру 
білінеді.Ірі  қара  малда  қолайлы  болжам  фаланг,  табан  және  алақан 
сүйектерінің,  сондай-ақ  бүйір  мен  құйымшақ  төбешіктерінің  сынуы  кезінде 
анықталады.  Жамбас,  асықты  жілік  және  иық  сүйектерінің  толық  сынуы 
кезінде  малдарды  жарамсыз  деп  табады.  Алғашқы  емдік  көмек 
жарақаттанған  малға  тыныштықты  қамтамасыз  етуге,қан  ағуды  тоқтатуға, 
иммобилизациялаушы  таңғышты  салуға    негізделеді.  Жабық  сынықтар 
кезінде  зақымдалған  жерге  ауруды  басатын,  инфекция  мен  шокты  алдын 
алатын, 
тыныштық 
пен 
қозғалмаушылықты 
қамтамасыз 
ететін 
бекіткішиммобилизациялаушы 
таңғышты 
(шиналық 
және 
гипстік)  
қолданады.  
Шина  таңғышты  уақытша  немесе  қолдан  жасалған  шиналарды 
(картоннан,  фанерадан,  ағаш  тақтайшалардан,  шыбықтардан,  алюмин  және 
қаңылтыр  сызықтардан,  сым  торшалардан  жасалған)  қолдану  кезінде  ұзақ 
емдеуге  қолданады.  Гипс  (тығыздағыш)  таңғыштар    ішкі  және  ішкі  емес, 
терезелі, көпір тәрізді және тынық болады. Суға көпіршіктері жойылығанша 
батырылған,  аздап  сығылған  гипстелеген  бинтті  қозғалмайтын  ұшына 
спиралды  таңғыш  түрінде  төменнен  жоғары  (6-8  қабатқа  дейін)  және 
керісінше сынықтан жоғары немесе төмен орналастырады 

42 
 
Ашық  сынықтар  кезінде  жарақаттың  аузын  жуу  керек,оны  йодтың 
спирт 
ертіндісімен, 
антисептик 
ұнтақтарымен 
өңдеп, 
қорғаныс 
иммобилизациялаушы  таңғышты  салу  керек.  Бұл  кезде  негізгісі-  жарақат 
бөлінулерін  шығарып,  мықты  антисептикпен  қамтамасыз  ету.  Қорғаныс 
таңғыш,басқа  таңғыштар  сияқты,  ішкі  (байлау)  және  алдынғысын  ұстап 
тұратын, малдың тыныштық күйі мен қозғалысы кезінде жылжымайтын,қан 
мен  лимфа  айналымын  бұзбай  ,тепе-тең  жататын  сыртқы  бөлімнен  (негізгі 
байлау)  тұрады.  Сүлгі,  таңғыш  формасындағы  байлаушы  матаны  әр  түрлі 
байлау  тәсілдері  үшін  қолданылады,  одан  кейін  жарақатты  өңдеуге  орын 
қалдырып, бекіткіш иммобилизациялаушы таңғышты салады.  
Жас малдарда таңғышты 35-40-шы күні,ал кәрі малдарда 40-45-шы күні 
–зақымдалған  ұшының  тірек  қызметінің  қалпына  келуі  кезінде.Таңғышты 
ауыстырғаннан  кейін  малға  массаж(уқалау,сипалау,денені  жазу,вибрация) 
мөлшерленген  жүктелімді  (желілеу)  тағайындайды,  рационға  С  және  D 
дәрумендерін, минералды қоспаларды енгізеді.  
2.3 Сіңір аурулары  
Тенденит  (сіңірлердің  қабынуы)  пен  тендовагиниттердің  (сіңірмен 
сіңірлі  қапшықтарының  қабынуы)  пайда  болуына  жарақаттар,  жаралар, 
инфекциялық  аурулар  себеп  болады.  Оларға  жарақаттанған  жердің 
қалыңдауы,  аурушаң  ісік,  қалыпты  температураның  жоғарылауы,ақсаңдау 
тән.  Негізгі  емдеу-тыныштық,  алғашқы  күндері  басып  тұратын  таңғыштар 
және суық, ал экссудаттың артық мөлшерде жиналуы кезінде –жара аймағын 
антисептиктер  ерітіндісімен  және  камфорлы  немесе  5  %-тік  ихтиолды 
спиртпен бірге ылғал сорушы таңғыштарды салу негізінде босатқыш тесіктер 
жасау.  Аурудың  жазылуына  қарай-камфорлы  май  немесе  йодвазогенмен 
массаж жасау. 
Сіңір  үзілуі  
Бұл  жарақаттар  мен  жаралар,  миорелаксияның  болмауы  кезінде  құлау 
(бұлшық  еттердің  босаңсуы)  сіңірлердің  бүтіндігінің  бұзылуы.Оған  себепші 
ретінде рахит, остеомаляция,сіңірлердің нашар дамуы, сіңірлер мен олардың 
қынаптарында іріңді-некротикалық процесстер,тұяқтарды дұрыс кеспеу бола 
алады. 
Үзілулердің 
белгілері 
босаңсу 
мен 
жарақат 
орындағы 
ақау(тереңдеу),қабынудың дамуымен өтетін ұштар қызметінің бұзылуы бола 
алады. Мысалы, бармақты бүгуші беткі және терең сіңірлердің үзілуі кезінде 
малдар  тұяқты  табан  бөліктеріне  және  тұсау  мен  тұсау  буынының  артқы 
беткейіне сүйенеді. 
Ауру малға алғашқы көмек тыныштық пен жараланған аймақты гипстік 
таңғышпен 6-8 аптаға иммобилизациялауды жасау негізінде болады. Алдағы 
уақытта жылулық процедуралар мен массаж өткізу керек.  
Бурситтер 
Бұл  синовиальды  қапшық-бурстардың  (борпылдақ  дәнекер  ұлпасынан 
оның  талшықтарының  созылуы  мен  жылжуы  нәтижесінде  бұлшық  ет 
жиырылуы,  сіңірлер  мен  байламдардың  қозғалуы  әсерінен  түзілетін)  
тұйықталған  жабық  қапшық  қабынуы.  Жарақаттар,инфекционды  және 
инвазиялық аурулардың қоздырушылары бұл патологияның себептері болып 

43 
 
табылады.  Ірі  қара  малда  бурсит  алақан  буындарының  айналасында  көп 
пайда болады, әдетте терінің қатты қабыршақтанумен өтеді. 
Ауру  малдарда  бурса  аймағында  ауыру,  ісіну,  қабыну  ісігі, 
флюктуация,  ал  ұштардың  бурстары  қабынғанда-ақсаңдау  байқалады.  Іріңді 
бурсит  кезінде  дене  қызуы  көтеріледі,ал  бурсаны  өздігінен  ашу  кезінде 
жарадан синовия араласқан іріңді экссудат бөлінеді. 
Өткір  бурсит  кезінде  қабынуға  қарсы  жылу,  камфор  және  ихтиол 
майлары,  физиотерапия  (соллюкс  шамы,  натрий  хлориді,йод,  новокаин  бар 
ионофорез)  процедуралары  қажет.  Созылмалы  асептикалық  бурсит  кезінде 
бурса ортасынан қабынған экссудатты сорып алып,сол ине арқылы 2–5 %-тік 
йодтың  спирттік  ерітіндісін,  5  %-тік  карбол  қышқылының  ерітіндісін 
енгізеді.Іріңді  бурситтерді  ашу,іріңді  алу  және  ашық  жара  сияқты  емдеу 
керек.  
2.4  Буын аурулары 
Буын  аурулары  –  кең  таралған  хирургиялық  патология.  Жабық 
травматикалық,жедел  және  созылмалы  асептикалық  аурулар  болады: 
жарақаттанулар(бүтіндігінің  бұзылу  белгілері  жоқ  ұлпа  жарақаты), 
гемартроздар(буын  қуысына  қан  кету),  созылулар,буыннан  шығып 
кету,синовиттер(буынның  синовиальды  капсуласының  қабынуы),артриттер  
(қабыну,дистрофикалық,аралас  сипаттағы  буын  аурулары),остеоартрит 
немесе  панартрит(буынның  барлық  құраушыларының  қабынуы-сүйек 
шеміршегі,эпифизі), артроз(қабынбаған буындардың созылмалы ауруы). 
Буын 
патологиясының 
белгілері 
ішінде 
буын 
формасының 
өзгеруін,ауырсынуды,ісінуді,дене  қызуының  жоғарылауын  атауға  болады;ал 
қабыну  процесінің  ұштарына  ошақтану  кезінде-ұзындығының  өзгеруі  мен 
ақсаңдау,мал көп жатады,ауырған аяғына күш түсірмейді. 
Буындардың  көптеген  аурулары  қиын  өтеді  және  емдеуге  оңай 
берілмейді.Емдеу 
бойынша 
жалпы 
ұсыныстардың 
арасында 
тыныштықты,рационға  концентраттардың  мөлшерін  азайтып,жоңышқа 
қосып,зақымданған  буынға  майлар  мен  линименттер  қосып  массаж 
жасау,ұдайы  серуен(моцион),қыста-ультракүлгін  сәулелендіруді  атауға 
болады.  Емдеу-терапевттік  шаралардың  курсын  малдың  жағдайына  қарай 
ветеринарлық маман белгілейді.  
2.5 Бұлшықеттердің аурулары  
Бұлшықеттер 
ауруларына 
жаралар,суықтану,қабынудың 
айналадағы 
ұлпалардан  өтуі,инфекциялық  және  инвазиондық  аурулар  (туберкулез, 
актиномикоз) кезінде туындаған бұлшықет қабынуы-миозит және миопатоз – 
тасымалдау,ұзақ  фиксация,моционның  жоқтығы  кезінде  жиырылғыш 
қабілеттерінің бұзылуы тудыратын патологиялар жатады. Миозитке ауырған 
бұлшықет  көлемінің  ұлғаюы  тән.Бұлшықетті  қолмен  ұстау  малда  ауруды 
тудырады,бұлшықеттің  өзі  –  тығыз,терісі  ыстық  және  ісінген,әдеттегі 
ақсаңдау зақымдалған бұлшықетке сәйкес. Миопатоз зақымдалған ұштардың 
қозғалыс  кезіндегі  әлсіздігі  бойынша  диагностика  жүргізеді;  ұштарының 
тірегі-нақты емес, үзілісті. Ауру бұлшықеттер босаңсыған және ауру белгісі 
жоқ.  

44 
 
 Миозитті  емдеу  жылытатын  компресстерді  салуда,  физиотерапевттік 
процедураларды 
өткізуде, 
іріңдіктерді 
ашуда, 
антибиотиктерді, 
сульфаниламидтерді  қолдануға  негізделеді.Миопотоз  кезінде  жылу,  массаж, 
ультрадыбыс, зақымдалған жерге йод тұзымен ионофорезді тағайындайды. 
2.6 Тері аурулары  
Тері жабынының аурулары 
Тері  жабынының  аурулары  қызарумен,терінің  тітіркенуімен,шаштың 
түсуімен,  механикалық  ,химиялық  немесе  биологиялық  қоздырушылар 
нәтижесінде жүн жабынының күңгірттігімен сипатталады.  
Терінің  негізгі  ауруларына  экзема,  дерматит,  абсцесс,  фурункулез, 
флегмона жатады. 
Экзема.  Бұл  терінің  әр  түрлі  қоздырушыларға  жоғары  сезімталдығы 
(аллергия)  мен  ең  алдымен  эпидермистің  зақымдауымен  сипатталатын 
терінің  қабынуы.  Себептері  механикалық  қоздырушылар-мойын  жібінің 
қажауы,  эктопаразиттер  (кенелер,биттер  мен  сіркелер),  химиялық 
қоздырушылар-дәрі-дәрмектер, 
микрофлора, 
дұрыс 
азықтандырмау, 
асқоытудың бұзылуы, созылмалы аурулар болуы мүмкін. 
Экзема  қызарумен,  түйіндердің  (папула),  көпіршіктердің  (везикула), 
іріңдердің  (пустула),  қабыршақ  және  қабықтардың  тері  бетінде  суланып 
пайда  болуымен,  қышынумен,тырнаумен,малдың  жүдеуімен  білінеді.Емдеу 
алдында  қоздырушыны  жою  қажет.  Жергілікті  жерге  мырыш,ксероформ 
майларын,стероидті  гормондары  бар  майларды,  3–5  %-тік  пиоктанин  және 
жаыр гауһар ертіндісін,ал ішке –фуросемидті қолданады.  
Дерматит.  Дерматит  барлық  тері  қабаттарының  бөртпесіз(  папула, 
везикула,  пустула)  қабынуы.  Ол  механикалық  қоздырушылардың 
(қажалу,дақ), химиялық заттардың (әк,қышқыл, сілті, дәрілер, несеп пен көң), 
термиялық  факторлардың  (күйіктер,  үсулер),  сәулеленулерден  (рентген), 
инфекциялы  және  инвазионды  агенттердің  және  т.б.  нәтижесінде  болуы 
мүмкін.  Ірі  қара  малды  төсеніші  жеткіліксіз  қатты  еденде  ұстау  кезінде 
ауруды  тізе  буынының,  бөксенің,білезік-алақан  буындарының    аймағында 
тіркеледі,бұл  тұру  кезінде  және  аталған  аймақта  терінің  жылжуы 
нәтижесінде  болады.    Травматикалық  және  медикаментозды  дерматиттер 
ісіну,  терінің  қызаруы,дене  қызуының  көтерілуі  арқылы  білінеді.Іріңді 
инфекцияның асқынуы кезінде лай экссудаттың термен шығуы,тері жаралану 
пайда болуы байқалады.Созылмалы өтуі барысында  кір мен ірің жиналатын 
тері қатпары қалыптасады.  
Алдын  алу  мен  емдеу  ең  алдымен  ауру  себебін  жоюға  негізделеді. 
Травматикалық  дерматит  кезінде  тұтқыр  басулар(мырыш,фурацилинді  1: 
1500  ,т.б)  қолданылады.  Сонымен  қатар  майлары  бар  таңғыштар,мысалы 
тетрациклин,преднизолон қолданылады. Іріңді дерматит кезінде аймақтарды 
келесі  антисептикалық  таңғыштар  мен  ұнтақтар  қолдану  арқылы  жуады 
(стрептоцид, норсульфазол және т.б.). 
Фурункулез
Бұл 
түк 
қапшығының,май 
безінің, 
сондай-ақ 
фурункулалардың  түзілуімен  жүретін,  оларды  қоршайтын  борпылдақ 
клетчатканың  стаффилококкты  іріңді-некротикалық  қабынуы  (сур  10). 
Фурункул  –  конус  тәрізді,  қатты  ауырсынатын  тығыз  жаңғақ  тәрізді 

45 
 
төбешік.Бұл  ауруға  терінің  ұзақ  уақыт  бойы  ластануы,  тырнаулар  мен  тері 
жабыны  бүтіндігінің  зақымдануы  ,полигиповитаминоздар  және  зат 
алмасудың  бұзылуы,  сондай-ақ  себорея(май  бездері  қызметінің  күшеюімен 
сипатталатын аурулар) және безеу (іріңділер)негіз болады.  Фурункулез кезде 
әдетте ірі қара малда желіні зақымдалады. 
 
 
 
10 Сурет -  Фурункелездың даму механизмі 
 
  
Фурункулездің  алдын-алу  ауру  себебін  жоюға,поливитаминдік 
препараттарды  беруге  және  зақымдалған  жерді  қармайлы  сабынмен  жууға 
негізделеді. 
Ауруды  емдеу  зақымдалған  жерді    70  %-тік  йодты,  2  %-тік  салицил 
немесе  камфорлы  спиртпен  немесе  жасыл  гауһар  ерітіндісімен  өңдеуге 
негізделеді.  Сондай-ақ  ихтиолды  парафинмен  және  басқа  құрғақ 
жылу,ультракүлгін  сәулеленуді  қолданады.  Фурункулды  ашқаннан  кейін 
антибиотикті 
терапия 
тағайындалады, 
рационға 
дәруменді 
препараттарды,новокаинді  блокада  және  басқа  да  емдік  процедуралар 
патологиялық процестердің даму деңгейіне байланысты жасалынады.  
Абсцесс. Абсцесс – тері жабындысының ластануы, тесілген жарақаттар, 
жарадағы  ірің  ұюлары  әсерінен  болатын  патогенді  стаффилококктар, 
стрептококкалар  және  басқа  да  іріңді  микробтар  тудыратын  ауыр  іріңді 
қабыну нәтижесінде пайда болатын патологиялық аймақ.  
Формасы бойынша абсцесс жарты сфера тәрізді. Ол шектелген, қамыр 
тәрізді консистенциядан, ұстағанда тербелетін ыстық ісіктен басталады.Дене 
қызуы  жоғары.  Алғашқыда  жылыту  компресстері,ыстық  басу,жылытқы 
қолданылады.Суық  пен  массаж  тыйым  салынған.  Флюктуацияның  паайда 
болуымен  іріңдеуді  кесіп(ветеринар  маман  жасайды),кейін  оны  ашық 
жарақат сияқты емдейді.  
Флегмона.  Бұл  борпылдақ  клетчатканың  және  іріңді  инфекцияға 
тенденциясы басым болатын дамушы некроздың іріңді қабынуы. Ол жоғары 

46 
 
вирулентті  инфекцияның ұлпаларына фурункулдан,абсцесстен және басқа да 
іріңді  процестерден  түсу  кезінде  пайда  болады.  Инфекция  бастауы  сыртқы 
жабыннан  немесе  лимфогенді  жолдар  арқылы  ұлпаларға  енеді.  Процесстің 
дамуына ұлпалардың зақымдалуы негіз болады.  
Аталған  ауру  кезінде  барлық    аймақтың  ауқымды  ісінуі,қатты 
ауырсыну,дене  қызуының  көтерілуі  байқалады.Ауру  сондай-ақ  дене 
қызуының    40  °C-тан  жоғары  көтерілуімен  ,малдың  жабырқаңқы 
болуымен,тәбеттің төмендеуімен білінеді.  
Аурудың  басында  жылу  процедураларын  тағайындайды:  жылытатын 
компресс,ыстық  басу,жылытқы,септикалық  емес  дәрілерді-  сульфаниламид, 
антибиотиктерді жылулық ораумен бір мезгілде беру керек. Процестің қатты 
дамуы кезінде хирургиялық көмекке жүгіну мүмкіндігі бар.  
Күйіктер.  Күйік  –  жоғары  температураның(термиялық  күйік), 
химиялық  заттардың  (химиялық  күйік),  электрлік  токтың және  сәулелі  қуат 
әсерінің  нәтижесінде  пайда  болатын  тері  мен  оған  жақын  ұлпалардың 
зақымдалуы. 
Термиялық  күйіктер  кезінде  зақымданудың  4  сатысы  бар:  I  саты  –
эпидермистің  жоғарғы  қабаттарының  бұзылуы,гиперемия,  терінің  аздап 
ісінуі;  II  саты  –  барлық  эпидермистің  қызғылт  түсті  сұйықтыққа  толы 
көпіршіктермен зақымдалуы; III саты  – терінің барлық қабатының тер және 
май  бездерінің  зақымдалуы,тері  суық,тығыз  болады;  IV  саты  –  күрең-қара 
түске айналатын ұлпалардың қараюы. Егер күйіктен дене бетінің 10 % зардап 
шексе,онда бұл күйік ауруы болады.  
Термиялық  күйіктерді  емдеу  жара  аймағын  коагуляцияланатын  заттар 
(3–5 %-тік калий марганеці, таниннің 5 %-тік спирттік ерітіндісімен, 5– 10 %-
тік  йод  ерітіндісімен)  ерітінділерінде  батырылған  марля  тығынмен, 
Вишневский,  «Левомеколь»  майымен,антибиотиктер  мен  майларды 
қолдануға негізделеді.   
Химиялық  күйік  теріге  құышқылдардың,сілтілердің,сөндірілмеген 
әктің,  бром,  фосфор  және  т.б.элементтердің  әсерінен  пайда  болады. 
Қышқылдарды  5  %-тік  натрий  гидрокарбонаты  ерітіндісімен,сүтпен, 
сілтілерді2 %-тік сірке қышқылымен, цианды қосылыстарды-калий марганец 
қышқылы 
ерітіндісімен, 
фторлы 
сутегіні 
магний 
сульфатымен 
зарарсыздандырады.  Одан  кейін  күйікке  емдеуді  термиялық  күйік  ретінде 
жасайды.   
Электр  жарақаты  малдың  кернеуде  болатын  ашық  сымдармен 
байланысы  кезінде,найзағай  жарқылымен  зақымдану  кезінде  пайда  болады. 
Ол  малдың  ауыр  жағдайымен  сипатталады:ауру  мал  жатады,тамыр  соғысы 
сирек,тыныс  алуы  үзілісті  болады.Күйікті  емдеуден  басқа,  жарақаттанған 
малға  жүректі  (кофеин,камфор),тыныс  алуды  (лобелин)  жақсартатын 
заттарды,  сондай-ақ  бас  сүйек  ішіндегі  қысымды  төмендету  үшін  магний 
сульфатын беру керек.  
Үсу. Бұл төмен температура әсерінен ұлпалардың өзгеруі. Сиырлардың 
емшектері, бұқаларда ұма үсті, шеткі дене үседі 
Малдарда  зақымдану  аймағында  ұлпалардың  бозаруы,аурумен 
алмасатын  сезімталдықтың  жоғалуы,аздап  тығыздану,  тері  ісінуі  (1 

47 
 
саты)байқалады.  Суық  пен  желдің  қатты  әсері  қызғылт  сұйықтығы  бар 
көпіршіктердің  пайда  болуын  тудырады,  олар  ашыла  алады  (2  саты).  Одан 
кейін теріде ауру белгісі жоқ,суық,қатты ,жылытудан кейін –көк-күлгін, қара 
, өлі ұлпалардың алынуы білінеді (3 саты).  
Ауру  малды  жылы  қораға  апарып,қан  айналымын  қалыпқа  келтіретін 
шараларды  қолданады-соллюкс  шамымен  жылыту,жалпы  массаж,  камфор 
спиртінде  батырылған  сүлгімен  зақымдалған  аймақты  уқалау,жылы  ванна 
(сур. 11). Ірі қара малға жылы сүт,этил спиртін береді, кофеин,камфор майы 
және  т.б.  егуін  жасайды.  Зақымдалған  аймақты  йодты  глицеринмен,жасыл 
түсті  гауһармен  өңдейді,  камфорлы,  ихтиолды  борлы  спиртпен  ылғалды 
таңғышты  салады.Көпіршіктерді  инемен  жарып,  олардың  ішіне  0,5  %-тік 
новокаин ерітіндісі негізіндегі антибиотиктерді енгізеді. 
 
 
 
11Сурет -  Үсіп қалған бұзауға ем шара қолдану  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет