Жаралар. Жара – жануарларды күтудің зоогигиеналық ережелердің
бұзылуы, малшаруашылығы, жайылым территориясының қоқырсыған
(шығып тұрған шегелер, ілгектер, металл, ағаш, шыны бөлшектері, инвентарь
және т.б.) нәтижесіндегі терінің, кілегей қабықтың, кейде терен орналасқан
ұлпалардың және органдардың ашық механикалық зақымдауы.
Жара үңірейюімен, қан ағумен және ауырсынумен сипатталады.
Клиникалық белгілер зақымдаған заттың түріне, дене аумағына, терендігіне,
зақымдалу бағытына байланысты.
Микробтық ластанудан алдын алу үшін жара айналасындағы теріні 5
%-дық йод ерітіндісімен жағады және мүмкіндігінше жүндерін алады. Қан
ағуды қанды тоқтататын жгуттың көмегімен жарадан жоғары салып тоқтату
керек. Бөгде зат болған кезде оны алады немесе өлі ұлпаларды кеседі немесе
жарақаттанған жерді новокаин-антибиотиктік ерітінділердің, линимент
Вишневскийдің,
орташа
тұздардың
гипертониялық
ерітінділердің
(натрийдың гидрокарбонаты, магнезияның сульфаты, кальций хлориды,
натрий сульфаты және т.б.) көмегімен білте қояды.
Анаэробтармен, ірінді инфекциямен ластанған кезде жараны 40 °C
дейін жылытылған марганец қышқылды калий ерітіндісімен, асқын сутотығы
ерітіндісімен, хлорацидпен немесе 2 %-дық хлорамин ерітіндісімен шаяды,
содан кейін дәке салып, байлайды.
48
Тері беткейі туындысының аурулары
Ірі қара малда туынды тері беткейінің ауруларынан ең жие кездесетін
ол тұяқ аурулары. Мүйіз сынулары да кездесуі мүмкін: мандай сүйегінің
негізінде, ортасында немесе ең үстінде мүйіз өсіндісінің жарығы, түгел
мүйіздің сынуы немесе бір бөлігінің түсуі, мүйіз чехолының түсуі – бұның
бәрі мүйізді механикалық байламнан, мүйіздің ағаштар арасында, есекпен
қысылып қалуынан, соғылғаннан, құлағаннан және т.б. болуы мүмкін.
Жануарға көмек көрсетуге қанды тоқтату мен антисептикалық
байламның салынуы жатады (30 сурет). Мүйіз толық сынған кезде
ампутацялайды, ол үшін ветеринариялық дәрігерді шақыртады.
Тұяқ аурулары
Тұяқ ауруларының негізгі себептері ол: ашық және жабық зақымдар,
құндылықсыз азықтандыру, нашар күтім, аяқтарды дұрыс қоймауы, тұяқты
күту ережелерінің бұзылуы. Мүйіздің деформирмациясы мен өте өсіп кетуі
кедергілі қозғалыс және ақсандауға байланысы. Дұрыс тазартылған және
кесілген тұяқ әртүрлі аурулардың дамуының алдын алады.
Жұлық флегмонасы – венчиктің тері негізінің астында орналасқан
клетчатканың қабынуы, ол тірілетін аяқтың ақсандауымен, алдынғы және
тұяқ арасы беткейінің ісінуімен, жануардың тынышсыздануымен,
сиырлардың сауым сүтінің төмендеуімен сипатталады.
Флегмонаны
емдеу
үшін
тыныштық,
жұмсақ
төсегіш,
антибиотиктармен новокаиндық блокадалар қажет, зақымдалған жеріне ірін
пайда болғанша спирттік кебетін байламдарды қолданады.
Асептикалық пододерматит – ұсақ тастармен ірі қара малды айдаған
кезде, табан аумағын, тұяқ қабырғаларын соққан кезде пайда болатын тұяқ
терісінің негізінің қабынуы. Анаэробты инфекция түскен кезде ірінді
пододерматит дамуы мүмкін. Жануар асептикалық пододерматитта аяқтарын
кеңейтіп немесе қиылыстырып қояды. Тұяқты тазартқан кезде мүйіздің үсті
қызыл-сары, сары, қызыл-күлгін түсті дақтар болады. Ірінді түрінде – тұяқ
ыстық, оны қысқыштармен зерттеген кезде қатты ауырсыну белгіленеді.
Ауру жануарға жұмсақ төсегіш қажет, тамыр ішіне новокаинның 0,25
%-дық ерітіндісін енгізеді. Бірінші күндері тұяққа суықты, ал 3-4 тәуілігінде
– жылы процедураларды жасайды. Жара болған кезде оны 10 %-дық
йодоформның эфирімен, фурацилин, риванол ерітіндісімен домдайды, жараға
әртүрлі асептикалық ұнтақтармен, майлармен байлам салады. Байламдарды
ауыстырған кезде антисептиктердің қосылуымен орташа сөлдердің
гипертоникалық ерітінділермен ванналарды қолданады.
49
2.7 Жүйке жүйе аурулары
Жүйке жүйенің бөлекбөлімдері зақымдалғаны туралы парез, селкілдек
тырыспалар, паралич және де есінен танулар көрсетеді.
Парез бұлшықеттің жиырылғыш қызметінің төмендеуімен және әлсіз
тактильді сезгіштігімен сипатталады. Паралич кезінде бұлшықеттер мүлдем
жиырылмайды, нервтің иннервацисының аумағында сезгіштік мүлдем
болмайды. Селкілдек тырыспалар деп әртүрлі ұстама түрінде пайда болатын
еріксіз бұлшықеттер жиырылуын атайды. Олар тоникалық (ұзақ
бұлшықеттердің тырыстырылуы) және клоникалық (шектелген немесе
таратылатын болатын жұлқымалы синхронды бұлшықеттердің жиырылуы)
болады. Есінен танулар немесе есінен танған күй деп сыртқы
қоздырғыштарға уақытша реакцияның болмауын атайды.
Ірі қара малда энцефалит кездесуі мүмкін – бас миының қабынуы, ол
жие жұлын қабынуымен бірге өтеді (энцефаломиелит), менингит – жұлын
мен бас ми қабаттарының қабынуы, пахименингит – мидың қатты қабатының
қабынуы, ал жұмсақтың – лептоменингит. Осы барлық аурулар инфекциялық
және инвазиялық аурулардың салдарынан пайда болады. Қозғалу
координациясының бұзылуы, шартты рефлекстердің әлсіреуі, паралич, параз
және т.б. олардың негізгі белгілері болып табылады.
Ауру жануарларды қараңғы жерге бөлек орналастырып, поливитаминді
препараттарды, тыныштандыратын (аминазин, барбитал-натрий жіне т.б.)
және т.б. ветеринариялық дәрегер ұсынатын заттарды беру керек.
Ыстық өту
Бұл ауа температурасы мен ылғалдылығы жоғарланғанда, желдеткіші
жаман орындарда көп жануарлардың тұрғанда және транспартировканың
нормативтері бұзылған жағдайда жануарларды тасымалдағанда шамадан тыс
ысып кету және жылу шығындауы жеткіліксіздіктін әсерінен организмде
жылу тұрып қалатындықтан орталық жүйке жүйесінің қызметінің жіті
бұзылуы.
Жеңіл ысып кеткенде шөлдеудің, 1–2 °C дене температурасының
жоғарлауының,
тынышсызданудың,
жабырқанқылықты
ауыстыратын
қозудың, сенімсіз қозғалыстың, шартты рефлекстердің әлсіреуінің, қатты тері
бөлінудің, пульс пен тыныстың жиілілігінің белгілері болады.
Жануарға көмек көрсету үшін организмді тыс ысып кетуге әкелетін
себептерді жою: айнекті ашу, жануарды ішетін сумен қамтамасыз ету, бас
аумағын және кеудені суык сумен шомылдыру. Тік ішекке 20–25 °C
температурадағы судың 0,5–1 л., тамырға кофеинмен (2 г) 20 %-дық
глюкозы гипертоникалық ерітінділерін (300 мл), тері астына – жүректік
заттарды (кордиамин 10–20 мл-ден, аминазин – 1–5 мг/кг) енгізу
ұсынылады.
50
Күннің өтуі
Бұл жануар басына түзу күн сәулелерінің қарқынды және ұзақ әсерінен
сопақша миының орталық жүйке жүйенің және оның маңызды центрлерінің
ауыр қабынуы. Ми заты қатты қызып, маңызды ми центрлерінің параличе тез
әкеледі. Күннің өтуіне шаршататын жұмыс, жүрек қызметінің бұзылуы, су
жетіспеушілігі әкеледі.
Аурудың басында шаршау, қатты тер шығуы, жүйке-бұлшықет
тонусының, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциялардың төмендеуі, пульстың
жиелеп, әлсіреуі және дене температурасының 41–45 °C дейін жоғарлануы
белгіленеді. Көз қарашығы кеңейеді, жүрісі сенімсіз, қарауы қорқып тұрған,
клонустық тырыспалар болады, содан кейін жануар құлап 1-3 сағат кейде 2-3
күн ішінде өледі.
Көмек ретінде күннің өтуінің себептерін жою үшін жануарды салқын
жерге апарып, су беріп шомылдырады, салқын клизмалар жасап, жылу өтуде
сияқты жүрек және тыныштандыратын заттарды береді.
Жануарды ыстықта жайылымда ұстаған кезде күн өтуін алдын алу
үшін оларды төбе астына, көлеңкеге орналастыру керек; малдарды бір
жерден екінші жерге тәуіліктің салқын уақытында айдау керек. Жұмыс
істейтін өгіздердің бастарын ыстық күндері ақшыл матадан астады қызыл
матадан жасалған чепецпен қорғау керек.
Ірі қара малда құлақтың ауруы отит сияқты ауру сирек тіркеледі, отит –
сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың қабынуы. Сыртқы құлақтың отиті сыртқы
есту жолының механикалық зақымдалуында, жәндік кіргенде, күкірт
толғанда, саңырауқұлақтық ауруларда тіркеледі.
Ортаңғы және ішкі құлақтың аурулары көбінесе жергілікті немесе
жалпы инфекцияның дамуынан болады. Бұл патологиялардың негізгі белгісі
– жануар құлағына ерекше назар аударады, басы ауыратын құлағының
жағына иелген.
Жануардың жағдайына байланысты ветеринариялық дәрігер емдеу
курсын ұсынады: құлақ жолын домдау, май немесе басқа түріндегі
антибиотиктерді құлаққа салу.
Ірі қара мал тығыз орналасқанда көру аппаратының аурулары жие
тіркеледі. Бөлек жағдайларда массалық болады, әсіресе санация бұзылғанда,
қанағаттанбаушылық микроклиматта және т.б. Ең жие фермер конъюнктивит
және кератит аурулар сиятылармен кездеседі – бөлек аурулармен немесе
бірге болатын инфекциялармен және инвазиялармен.
51
Конъюнктивит
Бұл конъюнктиваның қабынуы (сур. 12). Бұл аурудың ең жие болатын
себептер ол: механикалық әсер (жарақаттар, бөгде заттар), жұқпалы аурулар
(ірі қара мал телязиозы), инфекциялар (зілді катаральды қызба), химиялық
тітіркендіргіштер (әк, қышқыл, сілті, емдік препараттар), авитаминоз,
беттескен ұлпалардан қабынудың өтуі (жас аппараттан, қабақ терісінен, көз
ортасынан).
12 Сурет - Көз патологиясы
Конъюнктивит бірнеше түрде болуы мүмкін. Катаральді конъюнктивит
көз саңылауының толық немесе жартқылай жабылуымен, конъюнктиваның
қызаруымен жіне ісінуімен, жас ағуымен, жарық қорқуымен сипатталады;
ірінді түрінде – конъюнктиваның қатты ісінуімен, көздің ішкі бұрышынан
іріннің бөлінуімен, қабақ жиектері мен конъюнктивада эрозиялармен ойық
жаралармен сипатталады; флегмозды – көздің кілігей қабатының ісінуімен,
валик түрінде көз саңылауынан конъюнктиваның шығуымен мінезделеді;
фолликулярлы – үшінші қабақтың ішкі беткейіндегі фолликулдарының
үлкейюәмен сипатталады.
Барлық жағдайларда біріншіден себебін жою керек, сосын емдеу
курсын өткізу керек. Кез – келген түрінде ветеринариялық маманмен
кенесудің алдында алдымен негізгі көмек ретінде ағындылардан, патогенді
микрофлорадан көз кілегейін бор қызқылың 3 %-дық ерітіндісімен, марганец
қышқылды калиймен (1:5000), риванолмен (1:10000) шайып тазарту керек.
Ірінді түрін көзді фурацилинмен шайып (1:5000) содан кейін
антибиотиктермен
кортикостероидты
көз
майларымен
домдайды.
Фолликулярлы конъюнктивиті кезінде үшінші қабақтың аударып кілегейін
52
ляписті қарандашпен күйдіреді және хлорлы натрийдың 1 %-дық
ерітіндісімен жақсылап шаяды.
Кератит
Қасаң қаықтың қабынуы немесе кератит, конъюнктивиттар кезіндегі
себептердің әсерінен немесе жаңасқан ұлпалардан қабынудың өтуі
нәтижесінде болу мүмкін, ол инфекциялық аурулармен бірге болу мүмкін,
мысалы, аусыл. Бұл ауру кератоконъюнктивит сияқты конъюнктивиттің
асқынуларынан да болады.
Аурудың басында жас ағу, көз саңылауының жартылай жабылуы,
көздің мүйізгек кабығының жылтырлауы жоғалады, конъюнктиваның
мезетте қызаруы. Қабыну процессінің қарқындығы үлкейгесін көздің
мүйізгек қабығы көмескілене береді. Асқынған ағымында абсцесс, ойық жара
пайда болады және көздің мүйізгек қабығының перфорациясы басталады.
Бұл зақымдардан кейін байланысатын ұлпалармен толады да, нәтижесінде
күнгірт дақ пайда болады – көз сүйелі.
Ірін жиналған кезде конъюнктивтік қапшықты бор қышқылының 3 %-
дық ерітіндісімен, риванолмен (1:2000) шаяды, 1–2 %-дық сары сынап
майын, 5 %-дық ксероформды және йодоформды майды, 10–20 %-дық
альбуцид майын және басқа заттарды жағады. Асептикалық процесстерде
антибиотиктармен майды немесе көз тамшыларын қалданады.
2.8 Асқорыту мүшелерінің аурулары
Бұл ірі қара малдағы жие кездесетін патология. Мұндай аурулардың
белгілеріне азықтанудан бас тарту, алдыңғы қарындардың, күйістің,
дефекация актының (іш қату немесе іш өту) жұмысының бұзылуы. Бұл
топтың аурулар алдын алу үшін ең алдымен баланстық рационды құрастыру
қажет. Және де бұл бөлімде азықтандырудағы кемшіліктер себеп болатын
бірнеше ауру қарастырылған.
Стоматит
Стоматит – механикалық, термиялық, химиялық және биологиялық
факторлардың және де инфекциялық және инвазиялық аурулардың әсерінен
ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы.
Клиникалық белгілер: күйіс қайырудың бұзылуы, азықтанудан бас
тарту, кілігей қабатының гиперемирленуі (қызару), оларда эрозиялар, қызыл
иектер, тіл қабырғаларында йық жаралар болу мүмкін. Ауыз қуысынан
өзіндік ірінді иіс, сілекей ағуы болады. Жануар тамсанып жейді, алдыңғы
аяқтарына басын қырады.
Стоматиттің диагностикасында құтырықты жоққа шығару керек.
Емдеген кезде кілегейдің тітіркенуін жою үшін сұйық азықтанумен
(кисельдер, кілегей ботқалар, болтушка) қамтамасыз етеді. Ауыз қуысын су
асқын тотығының 3 %-дық, ас содасының, бор қышылының, Люголь,
53
риванол, (1:1000), фурацилин (1:5000) ерітінділерімен, түймедақ гүдерінің,
сәлбен, итошаған жапырақтарының тұнбаларымен шаяды, сульфаниламид
ұнтақтарын шашыратады және т.б.
Өңештің бітелуі
Бұл ірі қара малда тамыртүйнектерді, өткір заттарды жегеннен жие
болатын патология. Ол толық немесе бөлшекті, алғашқы немесе қайталанған
(парез, паралич, спазма кезінде) болады.
Жануарлар тез арада азықтанудан бас тартады, сілекей ағады,
тынышсыз болады, құсқысы келеді, күйіс тартуы мен кекіруі жоғалады,
пульс пен тынысы жиелейді, жалбыршақ қарынның газдық тимпаниясы тез
дамиды, бітелу аумағында өңеш ауырсынады. Аурудың ағымы уақытында
көрсетілген көмекке байланысты болады.
Диагнозды қою үшін зондтауды, эозофагоскопияны (өңешті зерттеу),
рентгеноскопияны қолданады.
Емдік шаралар тез болу керек. Мойын бөлігінде тұрып қалған заттарды
жануар басын бекіткеннен кейін қолмен алуға болады. Тамыр түйнектерді
Хохлов зондымен алуға немесе жалбыршақ қарынға итеруге болады. Алдын
ала сиырға ішіне 100–200 мл өсімдік, вазелин майын немесе кілегей ботқаны
беріп, тері астына спазмолитикалық заттарды (атропин – 0,02-0,06 г 2 %-дық
ерітіндіде), бітелген орнын новокаинның 0,25-0,5 %-дық ерітіндісін егеді.
Руминит
Бұл созылмалы өтетін жалбыршақ қарынның кілегей қабатының
қабынуы. Жие ірі қара мал ауырады: қарқынды азықтандыру, ұзақ уақыт
бойы қант қызылшасымен, жүгерімен, сүрлеммен және т.б. азықтандыру.
Ауру жануардың асқорытудың бұзылуымен, аппетиттің жоюлуымен,
салмағының
төмендеуімен,
жүдеумен,
сипатталады.
Жануар
тынышсызданады, жүн беткейі жылтырламайды. Жалбыршақ қарын
құрамының рН 4,5–6,0 және несептің (8,0 төмен) төмендейді.
Рацион
құрамын
нормалаумен
диеталық
азықтандыру
(концентраттарды азайту немесе жою, рационға жұмсақ витаминдік шөп,
кесілген тамыр-түйнектерді енгізу), зонд арқылы ауру жануардың
жалбыршақ қарын қуысын шаю, содан кейін оған сау жануардың жалбыршақ
қарын құрамын құю, 7 күн бойы 1 рет антисептикалық заттарды (марганец
қышқылды калий– 1: 1000, фурацилин, ихтиол және т.б. ерітіндісі.),
антибиотиктерді (бір жануарға хлортетрациклиннің 70 мг/күніне және т.б.),
50–75 г гидрокарбонатты емдеу және алдын алу үшін беру.
Руминитты алдын алу үшін бордақылаудағы жануарларды ұсақ ас
тұзымен және сумен қамтамасыз ету қажет.
54
Өңештің ацидозы
Өңештің ацидозы (жалбыршақ қарындық асқорытудың сүт-қышқылды
ацидозы, дәндік интоксикация, «бидай» ауруы) – организмде қышқылды-
сілтілі тепетендіктің жойылуымен жалбыршақ қарында сүтті қышқылды
өнімнің көбеюімен сипатталатын ңрң қара малдың және басқа жануарлардың
кең таралған ауру. Бұл жануар құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар
көп болатын азықтарды жегеннен (арпа, қарабидай, сұлы, қант қызылшасы,
картоп, қарбыз және т.б.) және қатты азықтардың жеткіліксіз болғандықтан
болады.
Ірі қара малда ацидоздың белгілері әртүрлі. Алдымен тәбеті жоғалады,
жалбыршақ қарынның қозғалысы әлсіз кейде мүлдем болмайды, дене
температурасы нормадан төмендейді, бірақ 4-5 тәуіліктен кейін қабынудан
жоғарлап кетуі мүмкін. Ауру жануарларда тахикардия (жүрек жиырылу
ритмінің жиіленуі), диарея, гипо– және анурия (несіп шығудың болмауы)
болады.
Аурудың диагностикасында өңештің құрамын ветеринариялық
зертханаға жіберу керек.
Емдеу үшін алдымен 24 сағаттан астырмай қарын зонды арқылы
жалбыршақ қарынды шаяды (60-160 л су), содан кейін жалбыршақ қарынға
сілтілер ерітінділерін (натрийдің гидроокисі – 60 г / 15 л суға), сау жануардан
өңештің құрамын, симптоматикалық препараттарды (витамин, жүрек
заттарын) енгізеді.
Малдың рационында өңештің алкалозын алдын алу үшін ірі азық 14–20
% және концентраттар 40 % артық емес болу керек. Алдын алу үшін
жануарларға
ферментты
препараттарды
беруге
болады,
мысалы
мацеробациллин.
Өңештің тимпаниясы
Өңештің тимпаниясы немесе кебуі – судың жеткіліксіз көлемінде тез
ашытын
азықтарды
(люцерна,
жоңышқа,
сиыржоңышқа,
жүгері,
ормажапырақ пен қызылша жапырақтары) жегеннен кейін тез пайда болатын
газдардың салдарынан өңеш қабырғаларының қатты созылуы. Және де
өңештің бітелуінде, жіті инфекциялық ауруларда, улы өсімдіктермен
уланғанда, травматикалық ретикулитте, жалбыршақ қарынның бітелуінде,
бауыр және т.б. ауруларда болу мүмкін. Көбінесе жайылымдағы ересек
жануарларда массалық болады, ал бұзауларда – сүтті рационнан өсімдікке
көшкенде.
Жіті ағымында клиникалық белгілер 1 сағаттың ішінде дамиды: жануар
азықтанудан бас тартады, қарнына қарай береді, құйрықпен сілтеді, жие
жатып - тұрады, артқы аяқтармен қарнын соғады, кейді мөңіреп,
ыңқылдайды. Қарын көлемі үлкееді. Қату одан да күшейген сайын кілегей
55
қабаттардың цианозы (көгеру) пайда болады, тамырлар қатты толады,
тынысы ауыз қуысының ашылуымен болады, тілі түседі.
Созылмалы тимпания өңештің қабынуы кезектік болады (азықтану
ережелері бұзылғанда), бірақ белгілер әлсіз көрінеді.
Жіті тимпанияда емі тез болу керек: өңештің уқлауымен бірге үлкен
калибрлі зондты енгізуімен өңештен газдарды шығарады. Бұл кезде
жануардың алдыңғы бөлімі артқыдан жоғару болу керек, газдар шыққаннан
кейін жалбыршақ қарынды сумен шаяды. Ірі қара малға ашуды әлсірету үшін
жалбыршақ қарынға зонд арқылы 1-2 л сумен араластырылған ихтиол (10–20
г), формалин (10–15 мл) немесе лизол – (5-10 мл) енгізеді. Егерде бұл
шараларжеткіліксіз болса, онда сол жақтағы аш ойық арқылы арнайы
троакармен өңештен газдарды шығарады, содан кейін сұйық емдік заттарды
құяды (тимпанол, деготь, креолин және т.б.).
Бұзауларға созылмалы тимпания кезінде 10–14 күн бойы тәуілігіне 1
рет ішке 500 мл судағы 5-10 мл және 500 мл асқазан сөлімен 30-50 мл тұз
қышқылын береді, жалбыршақ қарынды шаяды, содан кейін сау жануардан
микрофлораны енгізеді.
Ауруды алдын алу үшін тез ашитын азықтармен азықтандыру
ережелерін сақтау керек. Шабындық шөп жайлауларына малды айдаудың
алдында, әсіресе жанбырдан кейін алдын ала шөппен немсе сүрлеммен
азықтандыру қажет.
Травматикалық ретикулит
Травматикалық ретикулит – бөгде заттардың енуі нәтижесінлегі
жұмыршақтың қабынуы: сым, ине, шеге бөлшектері, содан кейін қабырғаның
перфорациясы болады (сур. 13).
13Сурет - Жұмыршақтың қабынуы (ретикулит)
Клиникалық белгілер әртүрлі болу мүмкін, ол процесстің ұзақтығына
және қабыну процесстің қарқындығына байланысты. Аурудың жіті
56
аумағында тынышсыздану, температураның аз уақыттық жоғарлануы,
пульстың жиіленуі, тәбеттің болмауы, алдыңғы қарындардың гипотониясы
мен атониясы, сауылымның қарқынды төмендеуі. Жануар ыңырсылдап
ақырын жатыр тұрады. Созылмалы жағдайында ауырсыну белгілері
көрінбеуі де мүмкін, алдыңғы қарындардың гипертониясы түрінде
азықтандырумен байланысты емес асқорытудың бұзылуы ретінде бір неше
рет қайталануы мүмкін. Қанда солға жылжыған нейтрофильды лейкоцитоз
белгіленеді.
Емдеудің радикальді әдісі ол егер заттар жұмыршақта бос жатса, онда
зондтың көмегімен жұмыршақтан бөгде затты алу болып табылады. Алдын
ала жануарды 12-24 сағат бойы аш ұстау керек. Қалған жағдайларда
жануардың жарамсыздығын шығарады.
Травматикалық
ретикулитты
алдын
алу
үшін
азықтарды,
жайлымдарды, фермаларды металл заттармен ластамау қажет. Сиырлардың
бәріне жұмыршаққа магниттік сақынаны енгізу жөн.
Жұмыршақтың бітелуі
Жұмыршақтың бітелуі органның азықтық масалармен толуымен және
олардың кебуәмен сипатталады, ол ұзақ уақыт бойы ірі азықтармен, ұсақ
азықтармен,
жерден
тазартылмаған
тамыр-түйнектермен
және
т.б.азықтандырғанда және минералды аш ұстауда, алдыңғы қарындардың
атониясында, травматикалық ретикулитте, улануларда, кейбір инфекциялық
ауруларда болады. Ауру 7-12 күнге созылады, көмек көрсетпеген жағдайда
жануар өледі.
Ауру белгілеріне тәбеттің, өңештің моторикасының болмауы,
жұмыршақ шуылдауы, ішек пен ұлтабар перистальтикасының тоқтауы,
ыңқылдаулар, тістердің қайырылуы, іш қатулар, содан кейін тырыспалар,
дене температурасының жоғарлануы жатады. Қанда лейкоцитоз белгіленеді.
Емі алдыңғы қарындардың моторикасын күшейтуіне, жұмыршақ
құрамын сұйылтып, шығаруға бағытталған. Жануарды сумен қамтамасыз
етеді, ішке – натрий сульфат (300–500 г / 10–15 л суға), өсімдік майын (300–
500 мл), зығыр тұқымының ботқасын ( күніне 2 рет 5–6 л), тамыр ішіне – 300
мл 5-10 %-дық натрий хлорид ерітіндісін кофеинмен береді. Тікілей
жұмыршаққа 2–3 л 10–15 %-дық натрий сульфатын, 200–300 мл кастор
майын енгізуге болады: иық жауырын буыны бойынша он жақтан 6-7 см
терендікке 9–шы қабырға аралыққа инені кіргізеді. Енгізгеннің дұрыстығын
1-2 мл физ ерітінді енгізіп содан кейін оны сорып түстін өзгеруін байқап
тексереді.
Ірі қара малдың сумен, соционмен қамтамасыз етілгенің, азықтардың
сапасын қадағалаудың нәтижесінде жұмыршақ бітелуінің дамуын алдын
алуға болады.
|