Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата20.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Миокардит 
Жүрек бұлшық етінің инфекциялықаллергиялық, инфекциялық немесе 
инфекциялық-уыттық  тектегі  жалпы  ауыр  күйге  енуімен,  жүрек 
жеткіліксіздігі белгілерімен өтетін қабынулары. 
Ағымы  бойынша  миокардит  жедел  және  созылмалы  болады. 
Гемодинамика  бұзылуы  синдромы  (жүрек  жеткіліксіздігі),  кейде  аритмия 
синдромдары  байқалады.  Аурудың  жалпы  белгілері  ретінде  атауға  болатын 
жайттар:  күйзеліс,  тәбетінің  жоғалуы,  әлсіздік,  өнімділігі  мен  жұмыс 
қабылетінің  күрт  төмендеуі;  жүрек  маңындағы  ауырсынулар;  дене 
температурасының  1....2°С  жоғарылауы.  Жүрек  бұлшықетінің  әлсіреуі 
салдарынан жүрек ырғақтары да әлсіз, қатқыл болады, функционалдық жүрек 
шуылдары  сезілуі  ықтимал.  Бауырдың,  бүйректердің,  өкпенің  және  өзге 
органдардың  қан  тоқыруына  қатысты  функцияналдық  бұзылу  белгілері 
аталады. Қанда орта дәрежедегі нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭҚЖ жоғарылауы 
байқалады. Миокардит кеселін тудырған негізгі ауру симптомдары білінеді. 
Миокардитті 
диагностикалау 
клиникалық 
белгілеріне 
және 
этиологиялық  факторларын  зерттеп  пайымдауға  негізделеді.  Миокардитті 
перикардиттен,  миокард  дистрофиясынан,  кардиомиопатиядан  (жүректің 
кеңейуі),  кардиофиброздан,  кардиосклероздан,  эндокардиттен  ажырата  білу 
керек. 
Жануарға  толығымен  тыныштық  беріледі,  оны  сапалы,  жеңіл 
қорытылатын азықтармен қамтамасыз етеді. Емі негізгі ауруды жоюға, жүрек 
бұлшықетіне аллергиялық әсерді азайтуға, жүрек жұмысын қалыпты өткізуге 
бағытталады.  Инфекциялық  және  инфекциялық-аллергиялық  тектегі 
миокардитте  бензилпенициллин  натрий  тұзы,  ампициллин,  ампиокс, 
окситетрациклин,  гентамицин  сульфаты  т.б.  антибиотиктер  тағайындалады. 
Миокардтың  аллергиялық  компонентіне  десенсибилизациялық  тиімділіктегі 
заттармен  әсер  етеді.  Преднизолон,  преднизон,  ацетат  кортизоны  сынды 
глюкокортикоидтар  қолданған  жөн.  Жүрек  жұмысын  қалыптандыру  үшін 
кофеин, камфора, коразол, кордиамин, теофиллин тағайындайды. 
Миокардоз 
Миокардоз  –  миокард  метаболизмін  бұзылыстарымен  байланысқан 
қабынусыз сипаттағы жүрек бұлшықетінің зақымдалуы.  
Миокардоз  көбіне  зат  алмасуы  бұзылуымен  байланысқан  кетоз, 
гиповитаминоздар, анемиялар, лейкоздар, семіру, тиреотоксикоз, гипотиреоз, 
қант  диабеті,  бұлшықет  бозаруы  т.б.  ауруларда  екіншілік  сипаттағы  ауру 
түрінде дамиды. 

68 
 
Симптоматикасы көбіне негізгі ауру түріне және ауру ағымы сатысына 
байланысты  болады.  Патологиялық  үдерістің  бастапқы  кезеңдерінде  жүрек 
зақымдалуы белгілері аз байқалатын болады. Одан әрі жүрек ырғақтарының 
қатаюы,  қосарлана  естілуі,  үзіліп  естілуі  сынды  ақаулар  байқалады. 
Миокардтың  жиырылу  қабылетінің  бұзылуы  салдарынан  жеңіл  немесе  орта 
дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі белгілері (демікпе, цианоз, жылдам шаршап, 
шалдығу  т.с.с.)  пайда  болады.  Миокард  зақымдалуын  сипаттайтын 
белгілермен  қатар  кетоз,  қант  диабеті  т.б.  біріншілік  ауру  белгілері 
байқалады.  
Диагноз  клиникалық  белгілері  мен  азықтандырылуын  мұқият  талдау 
негізінде  қойылады.  Миокардит  пен  өзге  жүрек  ауруларынан  айыра  білу 
керек. Миокардозды созылмалы миокардиттен айыру қиын. 
Рационға  әр  түрлі  сапалы  азықтар  енгізеді;  организмдегі  зат  алмасуы 
мен  жүрек  бұлшықетіндегі  кеселдерді  қалпына  келтіретін  заттар 
тағайындалады:  В  тобы  витаминдері,  токоферол,  рибофлавин  т.б.. 
Пиридоксинді  бұлшықетіне  немесе  ішіне  шамамен    пиридоксальфосфатын 
тағайындайтын мөлшерлемеде тағайындайды.  Токоферол-ацетат - 20..50 мг. 
Зат  алмасуын  қалпына  келтіру  үшін  калий  препараттарын  берген  жөн: 
аспаркам,  калий  оротаты  т.б.,  рибоксин  (инозин).  Айқын  жүрек 
жеткіліксіздігі  белгілері  орын  алған  кездері  жүрек  гликозидтері 
тағайындалады:  жүрек  гликозидтерін  жануарларға  тәулігіне  2  рет  береді; 
емдеу курсы 10...15 тәулік және одан көп. 
Перикардит 
Перикардтың,  жүректің  сыртқы  қабығының  және  жүрек  қабының 
қабынуы.  Этиологиясы  бойынша  травматикалық  және  травмитикалық  емес 
перикардитті,  қабыну  сипаты  бойынша  -  сірі,  фибринозды,  геморрагиялық, 
іріңді,  шіріген  және  аралас  түрлерін  айырады.  Травматикалық  емес 
перикардит суық тию сипатындағы аурулардың, аусыл, пастереллез, плеврит, 
пневмония т.б. инфекциялық аурулардың салдарынан пайда болады.  
Травматикалық  перикардиттің  басты  себептері  көкірек  сүйегі,  кеуде 
маңының жаралары, қабырға сынықтары, тақия қарыннан перикардтқа үшкір 
заттардың енуі т.б. 
Аурудың барлық түрлеріне тән белгі күйзеліс, жануардың жүдеп азуы, 
тәбеттерінің  төмендеуі,  жануарлар  көп  қозғалмауға  тырысады,  тұрған  кезде 
шынтақ  буындарын  алшақ  ұстап  тұрады,  осы  кезде  кілегейлі  қабықтардың 
цианозын  (көкшілденуін),  вена,  әсіресе  күре  тамырларының  бұдырайып 
көрініп  тұратынын,  тахикардия,  жүрек  ырғақтарының  қатқыл  естілетінін, 
жүрек  маңын  пальпациялағанда  қатты  ауырсыну  белгілерін  білдіретінін 
көріп, білуге болады. 

69 
 
Травматикалық  перикард  диагнозы  расталғанда  өнімділігі  жоғары 
жануарларды  емдеу  тиімсіз,  оларды  жарамсыз  деп  танып,  союға  жібереді. 
Жедел  травматикалық  емес  перикардитте  пенициллин  қатарындағы 
антибиотиктер тағайындалады (ампициллин натрий тұзы, оксициллин натрий 
тұзы, 
бензинпенициллин 
натрий 
тұзы 
т.б.), 
аминогликозидтер 
(стрептомицин,  гентомицин,  амикацин  т.б.)  немесе  осы  топтардың 
қиылысуы; цифалоспориндер (цефазолин), сульфаниламидтер.  
Сиырлардың бұзаулағаннан кейінгі гемоглобинуриясы 
Бұл қорада тұрған кезде жоғары продуктивті сиырларда несеппен бірге 
гемоглобиннің бөлінуі. 
Бұл  аурудың  себептері  ретінде  сиырды  бұзаулағаннан  кейін 
люцернамен, қызылшамен, ақуызбен шамадан тыс азықтандыру, фосфордың 
жетіспеушілігінде. 
Негізгі белгі – несеп түсінің қоңырға өзгеруі. Зертханалық зерттегенде 
несепте ақуызды құрамында шамадан тыс уробелин, уробелиноген, кетонды 
денелердің  болуы,  қанда  эритроциттер  саны  азаяды.  Жануарда  қысқа 
уақыттық  қызба,  алдыңғы  қарындардың  гипотониясы  болады,  тәбеті 
төмендейді, тынысы мен пульсы жиелейді. 
Емі  организмнің  қышқылды-сілтілі  тепе-теңдікгін  қалпына  келтіруге 
және  эритроциттер  гемолизын  төмендетуге  бағытталған.  Осы  мақсатпен 
сілтілі  терапияны  (натрий  бикарбонатының  5-10  %-дық  ерітіндісін  тамыр 
ішіне 1 л дейін), қанды қайтадан құю, гидролизин және т.б.ұсынылады. 
Бұзаулағаннан  кейінгі  гемоглобинурияны  алдын  алу  үшін  суалту 
кезеңіндегі сиырларды толық құнды азықтандурымен қамтамасыз ету керек.  
Қан ағулар 
Қан  ағулар  –  ұлпалардың  ашық  жарақаттардан  болатын,  қан 
тамырлардың  бүтіндігі  бұзылғанда  қанның  ағуы.  капиллярлы  (тамшылар 
сирек), венозды (күнгірт қызыл түсті ағыс) және артериалды (ақшыл қызыл 
түсті секірмек қан) қан ағулар болады. 
Кезкелген  қан  ағуларды  тоқтату  керек.  Аяқтарға  қан  тоқтататын  жгут 
немесе  резенке  тесьма,  жіп,  бинт,  жараның  үстіне  салады,  қан  аға  берген 
кезде астыдан да байлайды. Жгуттың шеттерін байлап астына матадан валик, 
пайда болған петляға ұзындығы  30-40 см, ал жуандығы 3-4 см таяқ салады. 
Содан соң оны сағат бойынша қан тоқтағанша дейін  айналдырады, ал содан 
кейін аяққа байлайды. Мәнсіз ағуларды қатты бинттік байламмен тоқтатады. 
Капиллярлы қан ағуларды алдын ала жарақат айналасын йодпен немесе 
бриллиант жасылмен домдап, суасқын тотығына малынған мақталық тампон 
арқылы  тоқтатады.  Егер  қан  ағу  мұрын  немесе  бас  аумағында  болса,  онда 
жарақыттанған  аймағына  суықты,  ал  мұрынға  3  %-дық  суасқын  тотығына 
малынған мақтаны салады. Басты шалқайтуға болмайды. 

70 
 
Венозды қан ағуларда үтіктенген стерильді немесе таза матаны салады, 
ал үстінен бинттен немесе мақтадан тығыз вликті байлайды. 
Артериальды  қан  ағуда  жарақат  аймағынан  үстінен  бармақпен  басып, 
қысатын байламды салады. Аяқты көтеріп, жарадан 7-10 см биіктікте жгутты 
салады. 
Барлық  жағдайларда  жгутты  1–2сағатқа  (қыста 1сағатқа) қана  салады. 
Содан кейін 3-5 мин демалтады, содан тағы жоғарырақ салады. 
Мойын  мен  дененің  басқа  жерінде  қан  ағулар  болған  кезде  жуан 
қабаттап  марля  салады  немесе  гигроскопиялақ  мақтаны  және  қатты  бинты 
салады. Мойынға салғанда демікпені болдырмау керек.  
Қарын  жарақаттарында,  ашық  жарақатта  жараны  асептикалық 
байламмен  жауып,  жарақаттанған  жеріне  құрғақ  мұз  (резеңке  қаптағы  мұз, 
және  т.б.)  салады.  Ішкі  органдар  құлағанда,  жануарды  сау  бүйіріне 
жатқызады,  медициналық  вазелинмен  немесе  антибиотиктармен  марляның 
бірнеше қабатымен органдарды жабады, ветеринарды күтеді. 
Қан ағуды тоқтатқаннан кейін жылы сумен қамтамасыз етеді. 
2.13  Ішкі секреция бездерінің аурулары 
Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы қоректік заттар бойынша 
баланстанбаған рационнан, індетті аурулардан кейінгі асқынулар салдарынан 
болады. 
Эндемиялық жемсау 
Бұл жануардың созылмалы ауруы, ол қалқанша бездерінің үлкейюімен 
сипатталады. 
Аурудың негізгі себебі – топырақта (0,00001 % кем), азықта (5 мг кем), 
суда (10 мкг/л кем) йодтың жетіспеушілігі. 
Сиырларда  бойы  аласа,  денесі  ұзын,  баста,  мойында  жүн  қатты  өседі, 
продуктивтілігінің  төмендеуі,  іштастаулар,  жыныс  циклінің  бұзылуы, 
жемсаумен  немесе  жүнсіз  бұзаулардың  туу  ретінде  көрінеді.  Жас  малдарда 
ағымы жіті, ересектерде - созылмалы. 
Диагнозды  топырақты,  суды,  азықты,  сүтті  зертханалық  зерттегеннен 
кейін қояды. Қалыпты жағдайда 1 л сүтте 60 мкг йод болу керек.  
Рационға йодты калийды 3 мкг/кг, йодталған тұзды қосу керек. 
 
 
3 Жұқпалы аурулар. 
Жұқпалы  аурулар—  зардапты вирустардың,  микоплазмалардың, 
хламидийлердің,  риккетсиялардың,  спирохеталардыңорганизмге еніп,  онда 
өсіп-өну  және  өмір  сүру  салдарынан  туатын  аурулар.  Жұқпалы  ауруларды 
кейде  тек  «инфекция» деп  те  атайды.  Олар:  а) ішектің;  б)  жоғарғы  тыныс 
жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. 

71 
 
Ішек 
ауруларында 
(мысалы 
А-гепатиті) 
вирус ас қорыту 
жолдарына ауыздан кіріп,  ішектен  нәжіспен  бірге  шығады.  Тыныс  жолдары 
ауруында 
шырышты 
қабықтар 
зақымданады 
және 
организмге 
вирус: ауамен кіреді.  Қан 
немесе 
трансмиссивті 
аурулар 
(әртүрлі 
энцефаломиелиттер,  гемаррагиялық  безгектер)  аурудан  сау  адамға және 
жануарларға  қан;  сорғыш насекомдар арқылы  беріледі,  кейде  қосалқы 
көмекшілері  болады,  көбінесе  табиғи-ошақты  болып  келеді.  Сыртқы 
қабықтардың  аурулары  (құтыру, аусыл, делбе)  жанасудан,  қарым-қатынаста 
болудан  тарайды.  Вирустардьң  организмде  өсіп-өну  және  шоғырлану 
ерекшеліктеріне  сай  оларды   ошақты және жалпы деп  бөледі.  Біріншісінде 
қоздырғыштардың  әсері  тек  енген  жерде  көрінеді,  ол  сол  жерде  есіп-өнеді 
(мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде 
көбейіп, денеге тарайды  да,  басқа  ағзаларда  екінші  үлкен  ошақ  құрайды 
(шешек, қызылша, полиомиелит).  
Аурудың  мерзімінің  ұзақтығына,  белгілерінің  көрінуіне  және 
қоздырғыштың 
сыртқы ортаға шығып 
тұруына 
байланысты 
олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан 
да  тез  құтылады.  Ал  созылмалысы  біресе  айығып,  біресе  қайталап  көпке 
созылады.  Өз  алдына  бір  бөлек  түрі  — баяу  ауру.  Бұл  түрінде  вирус 
организмде  көпке  дейін  сақталып,  ауру  ұзаққа  созылады  және  клиникалық 
белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін 
инаппаранттык  деп  атайды.  Мұнда  организмнен  ауру  қоздырғышы,  шығып 
кетеді  де, иммунитет пайда  болады.  Аурудың латентті (жасырын)  деген  де 
түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.  
Жұқпалы  аурулар  бактериялардан  және  басқа организмдерден  (жанды 
денелерден)  пайда  болады,  олар  организмге  аса  зиянды.  Олар  әр  түрлі 
жолдармен тарайды. 
Бактериялар,  инфекция  туғызатын  басқа  да  көптеген  организмдердің 
ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз  — ал арнаулы 
құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті 
бактериядан да ұсақ. 
Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі 
организмдерге 
ауру 
тудырушы 
микроорганизмдердің 
(бактерия, риккетсия, вирус,  саңырауқұлақ)  енуінен  пайда  болатын  кесел;  2) 
осы  аурулардың  белгісі  мен  даму  барысын  зерттеп,  оның  дәл  диагнозын 
қойып,  емдейтін  клиникалық  медицинаның  арнайы  бір  саласы. Жұқпалы 
аурулар  пайда  болуының  үш  факторы  бар:  ауру  қоздырғышы  (микроб), 
сыртқы  орта  және  қабылдаушы  сезімтал  организм.  Ауру  қоздырғышына  әр 
түрлі  патогенді  микроорганизмдер  (мыс.,  бактерия,  вирус,  саңырауқұлақ, 
қарапайымдылар,  риккетсия,  микоплазма,  хламидия,  т.б.)  жатады.  Бұлар 
жануар  организміне  әр  түрлі  жағдайда  енеді.  Ірі  қара  малды  жұқпалы 
аурулардан емдеу үшін түрлі дәрілік заттарды қолданады. Дәрілік заттардың 
қолдану мерзімі 1 айды құрайды, ал дәрі қабылданған соң сүтті тек 2 сағаттан 
кейін қолдануға болады. 
3.1 Сібір жарасы. 
Сібір  жарасы  (койда  -  топалаң,  жылқыда  -  жамандат,  ірі  карада  -

72 
 
караталак,  түйеде  -  ақшелек,  карабез)  мал  және  жабайы  жануарлардың 
бациллус  антрацис  микробы  коздыратын,  жіті  түрде  өтетін  аса  қауіпті 
жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы 
кең тараған ауру. 
Қоздырғышы.  Сыртқы  ортаға  төзімді  келетін  таяқша  тәріздес,  Грам 
әдісімен,  аналин  бояуларының  барлық  түрімен  боялатын,  капсула  түзетін 
аэробты  микроб.  Жер  қыртысында  өсіп-өнеді  және  спора  түзеді.  Топалан 
бацилласы  вегетативті  түрде  сыртқы  ортаның  әсеріне  онша  төзімді  емес, 
споралы  түрі  бұған  керісінше  өте  төзімді  ж/е  ұзак  жылдар  бойына  тіршілік 
кабілетін сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру қоздырғышы жаз кездері 1-
3 тәулік ішінде кұрып бітеді.Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің 
әсерінен  қоздырғышы  спораға  айналатындықтан  мұндай  малды  жарып 
көруге  қатаң  тиым  салынады.  Спора  әр  түрлі  химиялық  заттар  мен 
физикалык құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол тікелей түскен күн сәулесінен 4 
күнге дейін өлмей, шыдап баска, кайнаған суда 45-60 минутқа, 140 градусқа 
дейін  қызған  ауада  3  сағатқа,  1  пайыз  формалин  мен  10  пайыз  күйдіргіш 
натрий  ерітіндісінде  2сағатқа  төзеді.  Ол  тұздалған  теріде  де  тіршілік  ете 
береді.  
Ауру  қоздырғышы  сырткы  ортада  сапрофит  ретінде  өмір  сүріп,  шаң-
тозаң,  ағынды  су,  қан  сорғыш  кенелер  аркылы  бір  жерден  екінші  жерге 
ауысып жанадан індет ошағын құрайды. 
Эпизоотологиясы. Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, 
жылқы,  бұғы,  түйе  т.б.  сондай-ақ  жабайы  шөп  қоректілер  шалдығады. 
Шошқа  сирек,  ит  пен  мысық  бацилламен  өте  көп  мөлшерде  залалданғанда 
ғана  ауырады.  Сақа  жануарларға  карағанда  төл  індетке  біршама  жиі 
шалдығады. 
Сібір  жарасы  -  маусымды  індет.  Ол  әсіресе  қуаңшылықты  жылдары 
маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды. 
Ауру  қоздырғышы  -  індетке  шалдыққан  жануарлардың  зәрі,  и  т.б. 
аркылы  тарайды.  Бұл  індетпен  өлген  малдың  бүкіл  органдары  ұлпаларында 
бациллалар  өте  көп  болады.  Осы  аурудан  өлген  хайуандарды  сойып  ішін 
жаруға болмайды. Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б. 
арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады. 
Қоздырғыштың  таралуына  ет  қоректілер  мен  жыртқыш  құстар  да 
себепкер болады. 
Сібір  жарасы  малға  оларды  ауру  коздырғышымен  ластанған  жайылымдарға 
жайып  баққанда,  шөп,  су  аркылы  тарайды.  Індет  негізінен  жаз  айларында 
өршиді.  Малдың  ауыз,  жұткыншақ,  кілегей  қабықшаларындағы  жарақаттар 
немесе ас қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп болады. 
Малдың  жалпы  күйі  төмендегенде  (ашығу,  витамин  жетіспеуі,  дене 
қызуының көтерілуі т.б.) олар ауруға шалдыққыш келеді. Індеттің ауа аркылы 
таралуы  да  мүмкін.  Сонымен  катар  қансорғыш  жәндіктердің  (маса,  шіркей) 
де ауру таратуы ықтимал. 
Клиникалық  белгілері.  Аталған  аурудың  клиникалық  белгілері  барлық 
мал  түлігінде  негізінен  ұқсас  болады.  Соның  ішінде  қой  топалаңын 
сипаттауды  жөн  көрдік.  Бұл  індет  койда  аурудың  клиникалық  белгілері 

73 
 
білінбейтін жэәе білінетін болып екі түрде жүреді. 
Бірінші түрінде қой бірден, 1-2 күнде өліп тынады, ауру өте жіті өтеді, 
көп ретте ішектер кабынады. Екінші түрінде қой денесінде жара мен тері ж/е 
тері  асты  ісіктері  пайда  болып,  індет  5-7  күнге  созылады.  Әуелгі  кезде  кой 
денесінін әр жерінде көлемі онша үлкен емес, ұстап көрсең, мал ауырсынып, 
қолға  қатты  тиетін  қызулы  кайткан  ісікке,  одан  қайтадан  ортасы  сарғыш 
катерлі жараға айналады. 
Топалаңға  ұшыраған  қой  тісін  қышырлатып,  бағытсыз  козғалады, 
денесі  кұрысып,  аузынан,  мұрнынан,  артқы  ішегінен  қанды  көбік  ағады. 
Індет  жіті  жағдайда  малдың  қызуы  кетеріледі,  мал  қимылсыз  күйзеліп,  көз 
айналасы  қанталап,  ауыз  және  тыныс  кілегей  қабығы  көгеріп,  қан  аралас 
тышқақтайды,  көп  ұзамай  өледі.  Терінің  ішкі  қабаты  сарғыш  түстеніп, 
қанталап,  қан  тамырлары  білеуленіп,  лимфа  түйіндері  ісінеді,  көкбауыр  өз 
көлемінен  бірнеше  есе  ұлғаяды.  Бауыр  мен  бүйрек  канға  толып,  жүрек 
талшыктары  босап,  ішек,  асқазанның  ішкі  жактары  қанталап  қабынады. 
Ауруды  аныктағанда  оның  даму  барысы  клиникалық  және  өлексе  белгілері, 
эпизоотологиялық  деректер  негізге  алынады,  түбегейлі  анықтау  үшін 
микроскопиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізеді. 
Топалаң  әдетте  аса  жіті  және  жіті,  сирегірек  жітіден  төмен  өтеді. 
Созылмалы түрі шошқада кездеседі. 
Аса  жіті  топалаң  негізінен  қой  мен  ешкіде,  сирегірек  Жылқы  мен 
сиырда  байқалады.  Ауырған  мал  кенеттен,  аурудың  клиникалык  белгісі 
байқалып  үлгермей-ак,  өліп  кетеді.  Мұндай  жағдайда  кой  ентігіп,  дірілдеп-
калшылдап, кейде орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде 
өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Жылкы мен сиыр еліріп, одан 
кейін  тез  басылады.  Ентігіп,  солығын  баса  алмай  дем  алады,  тамыры  жиі 
соғып, кілегейлі қабықтары көкішлденіп, дене қызуы 41-42 °С жетеді. 
Бірнеше  минуттан  кейін,  кейде  бірер  сағат  өткен  соң  ауырған  малдың 
талықсып, денесі құрыстанып барып жаны шығады. 
Аурудың  жіті  өрбуі  кезінде  сиыр  мен  жылқыда  дененің  кызуы 
көтеріліп  (41°С),  тыныс  алуы  мен  тамырдың  соғуы  жиілеп,  бұлшык  еттері 
дірілдейді.  Мал  жем-шөптен  калып,  ірі  қарада  күйіс  кайтаруын  токтатып, 
сауын  сиырлардың  сүті  кайтады.  Жылқының  ішегі  түйіліп,  ірі  караның  таз 
қарны кебеді. Кейде іш қатып, не керісінше кан аралас іш өтіп, несепте қан 
байқалады.  Жануар  тез  әлсіреп,  тынысы  тарылып,  кілегейлі  қабықтары 
көгеріп,  канталай  бастайды.  Жұтқыншақ  маңында,  мойнында,  әукесінде, 
қарын астында домбығу пайда болады. Аузы мен тілінің кілегейлі қабығында 
қанды жалқақ байқалады. Ауру белгілері білігеннен соң 2-3 күн өткенде мал 
өледі. Жан тәсілім кезінде мұрны мен аузынан канды көбік шығады. 
Жітіден  төмен  өрбігінде  (6-8  күнге  дейін)  жоғарыдағы  сипатталған 
белгілері баяулау  өрбиді де,  октын-октын байқалмай да  кетіп,  мал  жазылып 
кеткендей әсер туғызады. Бірак артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, 
ақыры өліммен бітеді. 
Созылмалы  түрде  (шошқада)  өткенде  аурудың  негізгі  белгісі  - 
жануардың  арықтауы.  Тек  сойылғаннан  соң,  ұшаны  қарағанда,  төменгі 
жактың  астында  қанды  жалкак,  жак  асты  және  жұтқыншақ  бездерінің 

74 
 
қабынуы  байқалады,  топалаңға  күдік  туады.  Бұл  аурудың  ангиналық  түріне 
сәйкес  келеді,  ұзак  өрбіген  дерт  дененің  ыстығы  аздап  көтрілуі,  ангина  мен 
фарингит  аркылы  білінеді.  Жануардың  алқымы  ісіп,  жұтынуы  қиындап, 
тынысы тарылады, жөтел пайда болады. 
Аурудың үзікті түрі кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте 
мал жазылып кетеді. 
3.2
 Ауески ауруы 
 
Әуескі ауруы немесе алдын ала – ірі қара малының және басқа да ауыл 
шаруашылық малдарының, терісі үшін асыранды аң, мысық, ит және тышқан 
түрлерінің  қауіпті  вирусты  ауруы,  ол  орталық  жүйке  жүйесі,  тыныс  алу 
мүшесінде кездеседі.  
 
Әуескиі  ауруы  герпевирус  тобынан  таратылатын  вирус  түрі,  эфир, 
фенол,  ультракүлгін  сәулелеріне  төзімсіз,  алайда  төменгі  температурада 
сыртқы ортада тұрақты болып келеді.  
 
Инфекцияның  қоздырғыштары    –  ауру  малдар  мен  вирусты 
тасымалдаушылар.  Ол  ауру  малдармен  жанасқанда,  вирус  жұққан  азық  пен 
ауа арқылы, жара және жарақаттанғанда, ал төлге анасынан жұғады.  
 
Малдарда инкубация уақытынан кейінгі 1 күннен 15 күнге дейін вирус 
енген жерлер, әсіресе ерін және аяқ өте қатты қышиды. Малдар сол жерлерін 
сыртқы ортадағы заттармен қасиды, тарайды және қышыған жерді сүйекпен 
(мысалы,  тұяқ)  жарақаттайды.  Содан  кейін  қозу,  аяқтың  тартылуы, 
сілекейдің  аңуы  және  тершеңдік,  тістің  қайрауы  және  кейде  көдің  көрмеуі 
пайда  болады.  Дененің  температурасы  қалыпты  болады.  1–2  күннен  кейін 
малдар өліп қалады.  
 
Жаңа туған төлдердің барлығы, яғни  ауруға шалдыққан 100 % –ы өліп 
қалады, 2 айға дейінгі жастағылардың –  40 %, одан үлкендеріның – 1–3 %.   
 
Диагноз 
клиникалық-эпизоотологиялық 
мәліметтердің 
және 
зертханалық зерттеулердің (био тексеріс) негізінде қойылады. 
 
Емдеу негізінен ешқандай нәтиже бермейді. 
 
Алдын алу шаралары ретінде вакцинация қолданылады, сонымен қатар 
жалпы ветеринарлық –санитарлық шаралар орындау қажет. 
3.3  Аусыл  -  жылқыдан  басқа  түліктің  барлығында  кездесетін  қатерлі 
індет  түрі.  Ол  туралы  көне  жазба  деректерде  («Қорқыт  Ата»  кітабында) 
айтылады.  Аусыл  болған  малдың  көзі  жасаурап,  аузынан  сілекей  ағады, 
күлдіреуіктер  шығып,  жұқа  терілі  жерге  дейін  өршіп,  тутасып,  іріңді  суға 
айналады,  от  пен  судан  қалады.  Екі-  үш  күннен  кейін  күлдіреген  тілін 
салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады. 
Аусылды  емдеудің  дәстүрлі  шаралары  көп:  оны  асқындырмас  үшін 
тұзды,  сорлы  көлдерге  шомылдырады,  күлдіреген  бөрткен  жараға  сортаң 
балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, 
тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп 
ысады.  Ал  оңтүстіктегі  қазақтар  тілдің  астындағы  көк  тамыр  мен  таңдайды 
жуан  бізбен  шабақтап  қанататын  болған.  Аяғына  шыққан  аусыл  жарасына 
«қотыр  майын»  (карбол  қышқылын  қазақ  арасындағы  атауы)  жағады. 
Аусылдың  түйеде  «қағын»  және  «теңге»  деген  түрі  бар.  «Теңге»  тиген 
малдың  тілінде  дөңгелек,  қызыл  жаралар  пайда  болып,  жұтқыншаққа  қарай 

75 
 
шабады. Ондайда мал аузын тұз араласқан шайырмен (орыс.деготь) ысқылап, 
сиырдың  шикі  сүтін  тамызады.  Түйе  аусылы  Торғай  облысыныңАқтөбе, 
Николаевск  уездерінде  жиірек,  Ырғыз  бен  Торғайда  аз  кездесетін  себебін 
жергілікті  қазақтар  соңғы  уезд  аумағында  ащы  оттың  басым  екендігімен 
байланыстырған.  Аусылдан  сақтану  үшін  ауырған  сиыр  сілекейін  ыдысқа 
жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың аузына жағу арқылы індет 
зілін жеңілдетуге жағдай жасайды. Диагнозды клиникалық белгілер негізінде 
қояды. 
Аусыл-ауыз  қуысының  кілегей  қабатының,терінің,желіннің  және 
аяқтарының  афтозды  зақымдалуымен  және  қызбамен  сипатталатын 
жұптұяқты  жануарлардың  жіті  инфекциялық,  контагиозды    және  аса 
қауыпты вирусты ауруы. 
 
18Сурет - Үй жануарларының жіті өтетін вирустық ауруы 
 
 
Емдеу  және  алдын  алу  шаралары  тек  ветеринарлық  дәрігердің 
рұқсатымен  жасалады.  Малдарды  бағу  және  тамақтандыру  жағдайын 
жақсарту  қажет.  Ауыз  қуысын  сірке  қышқылының  2  %-дық  ерітіндісімен, 
1:1000  қалыптағы  марганцты  қышқылды  калий  ерітіндісімен  шаяды, 
антибиотиктер,  жүрек  дәрілерін,  ішкі  тамырлы  глюкоза  қабылдайды,  ал 
аяқтың  жаралануы  кезінде  формалиннің  5  %-дық  ерітіндісі  арқылы  аяқ 
ваннасын қабылдайды.  
Ауырып  жазылған  және  вакцинацияланған  жануарларда  вирус 
сақталады- қойларда 9ай, ірі қара малда 30айға дейін, енекеде ұзағырақ. 
 
 
                        19Сурет - Аусылдың клиникалық суреті 

76 
 
 
Аусыл  ауруының  белгілері  пайда  болғанда  бірден  ветеринар  дәрігерін 
шақырып,  вирустың  таралуының  алдын  алу  үшін  қажетті  шараларды  жасау 
қажет: карантин, изоляция.   
3.4  Бруцеллез  (Brucellosіs),  медицинада  —  адам  мен  малдың  жұқпалы 
ауруы.  Аурудың  қоздырғышы  бруцелл  —  суыққа  төзімді,  ыстыққа  төзімсіз 
бактерия.  Мұны  1886  ж.  ағылшын  дәрігері  Д.Брюс  (1855  —  1931)  тапқан. 
Кейіннен  бұл  аурудың  адамға  малдан  жұғатыны  анықталды.  Сүтті 
қайнатқанда  және  пастерлегенде  бруцеллдер  бірден,  арнайы  дезинфекц. 
заттардан бірнеше мин-тта, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше мин-тан 3 
—  4  сағ.  аралығында  өледі;  топырақта  3,  суда  және  тоңазытылған  етте  5 
айдай, сиыр сүтінде 45 күн, тұздалған қой терісінде 2 ай, мал жүнінде 4 айдан 
артық тіршілігін сақтай алады. Сарыппен көптеген үй жануарлары (қой, ешкі, 
сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Індет 
малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың 
қағанағы,  лас  төсеніш,  құрал-жабдық,  т.б.  арқылы  тарайды.  Адамға  Сарып 
көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен 
жұғады.  Жүн  жуатын,  ет  комб-тарының  жұмысшылары  және  ауру  малды 
күтуші  адамдар  Сарыппен  жиі  ауырады.  Аурудың  белгісі  1  —  3  аптада 
білінеді.  Ауырған  адамның  темп-расы  39  — 
-қа  дейін  көтеріліп, 
қалтырап, әлсіздік пайда болады. Науқасты қалың тер басып, басы ауырады, 
буыны  мен  бұлшық  еттері  сырқырап,  жүйке  және  қантамырлар  жүйесі 
зақымданып,  кейде  адамның  психикасы  да  өзгеруі  мүмкін.  Ауруды  дұрыс 
емдемесе  еңбекке  жарамсыздыққа  әкеледі,  ал  жүкті  әйелдер  Сарыппен 
ауырса, түсік тастайды. Ауруға шалдыққан адам ауруханада емделеді. Сарып 
ауруы  байқалған  шаруашылықтардан  шетке  мал  шығарылмайды,  шеттен 
келген  мал  тексеруден  өтеді.  Ауру  мал  жайылған  өріске  сау  малды  жаюға 
тыйым  салынады.  Сарыптан  сақтану  үшін  сау  малға  вакцинация  жасалады. 
Ауру  мал  тұрған  қора,  алаң,  аула  көңнен  тазартылып,  концентрациясы 
жоғары  ерітінділермен  дезинфекцияланады;  іш  тастаған  малдың  қағанағын, 
жалқаяғын, оның жатқан төсенішін, ластанған көңін өртейді. Өлген малдың 
терісін  2  айдай  тұзға  салып  қояды,  жүнін  бромды  метилмен 
зарарсыздандырады. Ауру малды күтуші адам үнемі дәрігердің бақылауында 
болады. 
Пастереллёз  -  (Pasteurellosis),  геморрагиялық  септицемия  –  ірі  қара 
малда жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын жұқпалы ауру. 
Қоздырғышы  -  ауру  немесе  аурып  жазылған  жануарлар  организмінде 
болатын  пастерелла  бактериясы.  Пастереллёз  аэрогенді  және  алементарлы 
жолмен  жұғады.  Пастереллёзбен  ауырған  малдың  тыныс  алі,  ішік-қарын 
жолдарының  кілегей  қабығы  қабынып  ісінеді.  Ауру  малдың  дене  қызуы 
көтеріледі, жемшөптен қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер 
тыныс  алу  жолдары  қабынса  танауынан  іріңді  сұйық  ағады,  көзі 
конъюнктивит  болады,  тыныс  алуы  нашарлап  жөтеледі.  Ішек,  қарынның 
кілегей  қабығы  қабынса  іші  өтеді,  әлсірейді,  басы,  мойны  ісінеді.  Ауру 
асқынса мал өледі. Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың 
күтімін  жақсарту  керек.  Мал  дәрігерлік-санитариялық  шараларды  қатал 

77 
 
сақтау.  Емі:  ауру  малға  ем  сарысуын  егу,  антибиотиктер,  сульфаниламид 
дәрілерін ішкізу. Адам Пастереллёзға шалдықса қабынған жер абсцесс және 
флегмона  түрінде  өтуі  мүмкін.  Көбінесе  Пастереллёз  болған  адамда 
остеомиелит,  бронхопневмония  ауруы  жиі  кездеседі.  Ауру  адамға  малдан 
жұғатын болғандықтан. Пастереллёз- малды күткенде гигиена-санитариялық 
шараларды сақтау қажет. 
Лептоспироз (грек.leptos — жіңішке және грек.speіra — ирекше, бұрама; 
грек.osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез 
жұғатын жұқпалы ауру. 
Қоздырғышы  —  спираль  пішінді  лептоспира  бактериялары.  Негізінен, 
онымен  бауыр,  бүйрек  және  майда  қан  тамырлары  зақымданады. 
Лептоспирозды  1888  ж.  Ресей  ғалымы  Н.П.  Васильев  анықтаған. 
Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі 
сарғайып  ауырған  адамдардан  тапқан.  Қазіргі  кезде  бұл  дертті  ауру 
қоздырғышының  түрлеріне,  клиникалық  белгілеріне,  ауру  ағымына 
байланысты үш түрге бөледі: 
1.
 
интерогеморрагиялық  лептоспироз  (дене  сарғаяды)  немесе 
Васильев-Вейль ауруы деп аталады; 
2.
 
каникол  лептоспироз  (немесе  Помон)  (денеде  қан  құйылу 
байқалады); 
3.
 
су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. 
Қазақстанда  лептоспироз  “су  безгегі”  деп  атайды,  республиканың 
солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық 
өнеркәсіп  мекемелері  қызметкерлерінің,  шахтерлердің,  қалалық  қоқыс 
тазалаушылардың,  ветеринарлар  және  ит  питомнигі  жұмысшыларының 
арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және 
су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа.  
Лептоспира  бактериялары  —  тасымалдаушы  жануарлардың  бүйрегінің 
майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады. 
Лептоспира  адамдарға  лептоспира  бактерияларымен  ластанған  су,  топырақ, 
ас  тағамдары,  тұрмыстық  және  мал  өнімдерін  өңдейтін  өндірістік  қалдық 
заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері 
арқылы  жұғады.  Лептоспира  жұққаннан  кейін  3  —  5  миннуттан  соң  қанға 
өтіп,  бүйрек  пен  бауыр  тіндеріне  таралып,  жылдам  өсіп-өне  бастайды. 
Аурудың  жасырын  (инкубациялық)  кезеңі  орта  есеппен  7  —  13  күнді 
қамтиды.  Ауру  диагнозы  лабараториялық  әдістермен  анықталады.Емі: 
антибиотиктер беріледі. Гамма-глобулиндер егіледі. 
Алдын  ала  сақтану  үшін  медицина-санитар-ветеринарлық  кешенді 
шараларды  қолдану,  тұрғындарды  таза,  сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету, 
мал суаратын жерлерден ауыз су алмау, т.б. қажет.  
Лептоспироз  –  табиғи  ошақты  зоонозды  жұқпалы  ауру.  Бұл  аурудың 
бастапқы  атаулары:  Вейль  –  Васильев  ауруы,  су  қызбасы,  саз  қызбасы,  ит 
қызбасы,  шошқа  бағатындардың  ауруы.  Қазақстанда  жергілікті  халық  бұл 
ауруды «су безгегі» деп атайды. 
 
 

78 
 
Листериоз  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет