*Оғыздардың құрамына кангар- печенегтердің біразы, Сырдария аңғарынан, Арал маңының және Каспий бойының далалық тайпалары- тілі жағынан түркіленебастаған, арғы тегі үнді- еуропалықтар финн- угорлар кірді.
6. Қытай дерекетері бойынша оғыздардың құрамына кірген тайпалар: имур, баяндур, кайлар (кайлар- ең беделдісі)
7. М.Қашқаридің мәліметі бойынша оғыздардағы тайпалар саны: 24 * Әл –Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде жазады. (12 тайпаға түскен кезі- ол тайпалардың бір- біріне қосылып, халықтық дәржеге көтеріле бастаған кезі.)
* Оғыздарда «бой», «оба», «көк» деген тайпалық және рулық бөлімшелері болған. Бұған қоса оғыздар ұрықтар мен аймақтарға бөлінген. Ұрық атауымен рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталған.
*Оғыз сөзінің мағынасы: 1- уыз, 2) –садақтың оғы, 3) -өгіз
8. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы: әскери демократия 9.Оғыз мемлекетінің жоғарғы билеушісі: жабғу. * жоғарғы билік мұрагерлік арқылы қалып отырды.
10. Оғыз мемлекетіндегі тақ мұрагері: иналдар 11.Жабғұдың «инал» атты мұрагерлерін тәрбиелеуші: атабек 12. Жабғудың кеңесшілері: күл- еркіндер. 13. Оғыз қоғамында маңызды рөл атқарған , әскербасының лауазымы: сюбашы 14. Сарай маңындағы өмірде маңызды рөл атқарған, жабғу әйелдерінің атағы: қатын. 15. Оғыздарда халық жиналысы шақырылды: жылына бір рет. 16. Оғыздарда күл- еркін тарапынан шақырылған шонжарлар кеңесі: қаңқаш 17. «Оғызнама» дастаны бойынша оғыз дәулетінің біртіндеп дамуына байланысты , ел басқарудың ең жоғарғы орны болған: Ұлы және Кіші құрылтай * Ұлы құрылтайда жабғу өз ұлдарын боз оқ (бұзұқтар) оң жағына, ақсүйектерді үш оқ (ұшұқтар) деп сол жағына отырғызған. Жабғу сайлағанда боз оқтардың артықшылығы болған.
18. «Оғызнама» дерегі бойынша оғыз мемлекетіндегі аймақтар саны: 12
•Саяси жағдайы
19. ІХ ғасырдың аяғында оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірлесе отырып өздеріне бағындырды: печенегтерді. 20. Печенегтердің оғыздардан ойсырай жеңілгендерін баяндайтын шығарма: «Оғызнама» 21.Оғыздардың Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жайылымды жаулап алуларына бөгет болған мемлекет: Хазар 22. 965 жылы оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен. * «Оғызнама» дастаны: «Ұрысбек Сақлаппен келісім жасалған» дейді. Мұндағы «Ұрысбек оғлы Сақлап» деп отырғаны- орыстың кнәзі Святослав. 23. Оғыздар Киев кнәзі Владимирмен одақтасып, бұлғарларға жорық жасады: 985 жылы. 24. Орыс жылнамаларындағы оғыздардың атауы: торк. 25. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Әли ханның кезінде мемлекет жағадайының күрт нашарлауының және халық көтерілістерінің жиілеуінің басты себебі: шектен тыс алынатын салық. 26. Оғыз мемлекетіндегі саяси тұрақсыздықты пайдаланып, Жент қаласын басып алған: салжұқтар 27. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан билеуші: Шахмәлік.
28. Оғыздардың соңғы жабғуы Шахмәлік Хорезмді жаулап алды: 1041 жылы. * Алайда 1043 жылы ол көтеріліске шыққан салжұқтардың қолынан қаза тапты. 29. ХІ ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал маңынан біржола ығыстырған: Қыпшақтар 30. Оғыз мемлекеті біржола құлады: ХІ ғ басы.
*Оғыздардың көршілігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азияғакөшіп кетті