Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі. Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома деп аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан. Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп. Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі өзгерген педипальпалары гипостоманың және пальпаның жағасына айналған, 6 бунақты. Вентральді жағынан тікенектер мен қапталған өсіндісі- хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жыртқыш кенелердің хелицералары қысқышқа айналып, кеміргіш - сорғыш ауыз аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты - тесіп-сорғыш.
Акариформдық және паразитиформдық кенелердің мал шаруашылығына келтіретін зияны
Акариформдылар тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың 4 түлігінде түгел кездеседі. Бұл ауруларды ел арасында қотыр деп атайды. Қотырды малдың түлігіне байланысты қышыма, көнтек, қыршаңқы деп те атайды. Акариформды кенелер 3 тек тармағына жіктеледі: саркоптиформды кенелер, қауырсын кенелері, тироглифоидты кенелер тұқымдарына бөлінеді. Соңғы екеуі дәнді дақылдарда, ұнда, шөпте және тағы басқа жем – шөп өнімдерінде тірщілік етеді.
Арахнология – өрмекші тәрізділер туралы ғылым. Яғни буынаяқтылар. Бұлар 5 топқа бөлінеді. Олардың 3 тобының ветеринариялық маңызы бар: өрмекші тәрізділер, жәндіктер, шаян тәрізділер. Мал дәрігерлік арахнология паразитиформдық және акариформдық класына жататын кенелерді зерттейді. Паразитиформды кенелер індетті және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Қотыр ауруларын акариформды кенелер тудырады.
Псороптоз – Psoroptidae тұқымдасына жататын, тері бетін мекендейтін кенелер қоздыратын қотыр ауруы. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түседі,
ал кейде өлім – жітімге ұшырайды.
Саркоптоз – қотыр ауруларының яғни саркоптоидоздардың бір түрі. Терінің жоғарғы тыныс эпидермис
қабаты ішін мекендейтін, өте ұсақ Sarcoptes туысына жататын кенелер қоздыратын, теріні қышытып дерматитке айналдыратын инвазиялық ауру.