Полибий(б.з.б. 201,– б.з.б. 120 ж.) – ежелгі грек тарихшысы. Ахей одағы басшыларының бірі. Үшінші македон соғысынан кейін Римге аманат ретінде жіберілді. Римде болған 16 жылда оның ақсүйектерімен тығыз қарым–қатынас жасады. Полибий саяси көзқарасы жағынан Грекияның олигархтық топтарының жетекшісі, демократтардың қарсыласы болды.
Полибийдің негізгі еңбегі – 40 кітаптан (бізше тараудан) тұратын “Жалпы тарих”. Бізге еңбектің алғашқы 5 кітабы және үлкенді–кішілі үзінділері жетті. Ол өз еңбегінде б.з.б. 220 – 146 жылдардағы Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекетер (Грекия, Македония, Кіші Азия, Сирия, Египет, Карфагенжәне Рим) тарихын өзара сабақтастыра қарастырды.
Полибий Жерорта теңізінде Рим үстемдігінің орнауын баяндап, олардың жүргізген саясатын жоғары бағалады. Ол Римнің жетістіктерін монархияның, аристократтардың және демократиялық құрылыс элементтерін үйлестірудің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуымен байланыстырады. Полибий тарихтың міндеті жеке адамдар іс–әрекетіне себепші болатын оқиғаларды суреттеу ғана емес, оларды түсіндіру деп таниды.
Страбо́н – (грек., шамамен б.э.д.64/63 – б.э.23/24) – грек тарихшысы географы. Бізге дейін жетпеген «Тарих» деп аталатын кітаптың авторы. Келесі бір 17 кітаптан тұратын «Географии» атты еңбегі толық сақталған. Еңбектің құндылығы онда Орталық Азияны мекндейтін көшпелі тайпалар жөнінде мол мағұлыматтар бар.
Оның мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізініңшығысына қарай массагеттермен сақтардың жері орналасқан. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасында барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы–жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қоламен алтынөте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар(көшпенділер), скифтерсияқты малбағып, балық аулап тіршілікетеді", – деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады.