Грек тарихшылары. Біздің жыл санауымызға дейнгі VII ғасырда Греция жерінде тарихи шығармалар әдеби жанрдың бір түріне айналды. «Тарихтың атасы» аталған грек тарихшысы Геродот, одан кейінгілер Фукидид, Полибий т.б. өз шығармаларында болған оқиғаларды шындыққа сәйкес жазуға тырысып, кейбір процестердің себебін, ішкі мәнін анықтауға талаптанды. Дегенмен, олардың тарихи еңбектері баяндау әдісімен жазылып, заманының белгілі адамдарының өмірін баяндаумен шектелді.
Олардан кейін өмір сүрген Рим тарихшылары Тит Ливий, Тацит, Световий т.б. да осылардың кебін киді. Тарихи шығарма неше түрл ішытырман оқиғалармен көркемделіп, қызғылықты етіп жазылды. Ол кезде тарих көркем шығарманың, өнердің бір түрі болып қала барді. Ертедегі гректер тарихтың құдайын «Клио» деп атады. Ол гректердің тоғызыншы музасы болып есептелді.
Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Кіші Азияның оңтүстігіндегі Галикарнас қаласында дүниеге келді.
Барлық кіші азиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Галикарнас тұрғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бірақ, олардың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып–жаншу кезінде Геродоттың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий қаза табады.
Өз отанының саяси өміріне жас кезінен–ақ белсенді түрде араласқан Геродот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәтсіз әрекеттерінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жылдардан кейін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қатысады. Ол б.з.б. 454 жылы галикарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осыдан бастап, Галикарнас Афина қаласының сенімді серіктесіне айналып, сонымен бірге аттикалық басқарушылардың бір мүшесі болады.
Геродот б.з.б. 40–жылдардан бастап Грекияның көптеген өлкелерінде, тіпті парсы патшалығының өзінде болып сол жерлерді мекендеген әртүрлі халықтардың тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда және Грекияның еуропалық бөлігінде болды деген де мәліметтер бар. Ал енді Афина оның екінші рухани отанына айналды. Афинада сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым–қатынаста болды.
Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған жерінде ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құқылы болатын. Геродот болса Самоста да, Афинада да шетелдік болып есептелді. Осы жағдайлар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер еткен болуы мүмкін.
Б.з.б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия колониясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құқығына ие болды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заңдар жазса, архитектор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды.
Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фурияда ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек. Бір қызығы оның «Тарих» еңбегі кейде «...Геродот Галикарнастан жинап, жазды...», ал кейде «Геродот Фуриядан жинап, жазды...» сөздерімен басталатын. Тарихшы өзін Фурия азаматы деп атау–атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурияда өткізді деп айту қиын.
Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афинаға оралды деген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен болған, көп жылдарды қамтыған Афина мен Спартаның арасындағы Пелопоннес соғысы кезінде б.з.б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті.
Геродот Элладаның әлсіреп, Афинаның құлап, Кіші Азияның Персияның қол астына қайта өткенін көре алған жоқ. Оның заманында Грекия дәуірлеген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының көтерілуіне күш берерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі аяқталмай қалды, ол дүниеден өткеннен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көрді.
Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріліп, тоғыз кітапқа бөлген.
Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек–парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі–сыртқы саясаты, экономикасы берілген.
Шығарманың төртінші кітабында парсыпатшасы Дарийдің сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер кездеседі. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.
Тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет–ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Ол скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты қазақ жерін мекендеген тайпаларды "азиялық скифтер" деп атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Олардың тайпалық құрамы беріледі.
Мысалы, массагеттер, сарматтар(савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондаржәне т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтармен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей–тегжейлі әңгімелейді.
Сақтар мекендеген жердің солтүстігіне қарай орналасқан сайримдер туралы барынша толығырақ деректер бар. Ол: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", – дейді. Сарматтартайпа бірлестігі құрамына солтүстік–батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық–Елекөзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштерде аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", – деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер – тайпасы туралы аңызды баяндайды.
"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", – деп көрсетеді. Халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп Геродот: Солтүстік–шығыс Қазақстанды мекендеген «...аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондарскифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", – деп жазды. Геродот: "Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII–VI ғасырларда жүзеге асты" деп көрсетеді.
Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек. Себебі бұл өңір алтын кенішіне бай екендігі белгілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекендеген деп топшылауға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлімаңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар да айғақтайды.
Геродот скифтерінің шығыстан қоныс аударған далалық көшпелі тайпалар екендігін хабарлайды. Ал біздің елдің шығысындағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдарынан табылған жәдігерлер бұл жердеежелгі өркениеттіңқанат жайғандығын дәлелдейді. Геродоттың баяндауынан сақтайпалары ішінен массагеттермен исседондардың бір–біріне ұқсас тайпаларекендігін байқауға болады. Оның айтуынша, массагеттерАракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама–қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.
Геродот «Менің міндетім – айтылғандарды қайталау, бірақ мен ол айтылғандардың барлығына сенуге міндетті емеспін» деп жазды. Геродот бір ғана халықтың, бір ғана мемлекеттің тарихын жазумен шектелменген әмбебап тарихшы.
Көне Грекияның келесі бір тарихшысы Фукидид (460 – 399 / 396 гг. до н. э.) өз заманында болған тарихи оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп кеткен көрнекті ғалымдардың бірі. Оның өмірбаяны жөнінде толық мәлімет жоқ. Оның өмірі туралы кейбір дәйектерді біз өзінің шығармаларынан кездестіреміз. Ақсүйектер әулетінің өкілі ретінде ол сол замандағы Грекия қоғамының саяси өмірінің көптеген жағдайларынан хабардар болған. Фракиядағы ірі жериеленуші және алтын шығатын кеніштердің қожасы болған оның әкесі баласының жақсы тәрбие және терең білім алуына жағдай жасады.
Жас кезінде ол Геродотпен кездесіп, оның лекциясын тыңдады деген мәліметте бар. Осы жағдай оның келешектегі өмір ұстанымының қалыптасуына үлкен әсер еткен сияқты. Оның ғылым жолына түсуіне белгілі Афина шешені Антифонт және философ Анаксагордан алған сабақтары да өз шарапатын тигізді.
Бірақ ол ғылымға бірден келген жоқ. Ат жалын тартып есейген шағында, ол сол кездегі саяси өмірге белсене араласып кетті. Бұл кезде Афина мен Спарта арасында Пелопоннес соғыстары жүріп жатыр еді. Міне осы науқанға Фукидидте Афина жағынан әскер басшысы ретінде қатынасуға мәжбүр болды. Соғыс ұзаққа созылды. Оның әскер басшы ретіндегі қызметі жөнінде ғылымда бірыңғай көзқарас жоқ. Бір белгілісі оны Амфиполь қаласы үшін болған шайқаста Афиналықтардың жеңілісінің себепкері болды деп кіналап, өмірлік қуғынға ұшыратады.
Афинаны тастап ол өзінің ата қонысы Фракияға қайта оралады. Осы жерде ол өмірінің қалған 20 жылын өткізеді. Өзі басынан өткізген Пелопонес соғыстары туралы материал жинауға кіріседі.
Грекияны және оның айналасындағы елдерді аралайды. Б.э.д. 404 жылы соғыс Афинаның жеңілісімен айяқталды. Бүкіл қуғын–сүргінге ұшыраған саяси қайраткерлерге кешірім жарияланады. Сөйтіп, Фукидид б.э.д. 400 жылы Афинаға қайта оралады. Оның өлімі жөнінде де толық мәлімет жоқ. Павсаний деген тарихшы ол айдаудан Афинаға келе жатқанда кісі қолынан қаза тапты дейді. Плутарх және басқа да тарихшылар ол Фракияда қайтыс болған деген мәлімет береді. Бірі оны өз өлімімен дүниеден озды дейтін болса, екіншілері оның қанын бөгде біреулердің мойынында деп жазады. Кім не деседе ол Афина қаласындағы ақсүйектер қорымына жерленген.
Пелоппонес соғыстары Фукидид өмірінің мәніне айналды. Ол оның бірінші күнінен бастап материал жинай бастады. Ол соғысты куәгер ретінде баяндап қана қоймай, оның ішкі себептерін түсінуге тырысты. Тарихшы ретінде ол дерек жинап, оны ғылыми жұмыста пайдаланудың үлгісін көрсетті. Соғыстың барысын күнделікті бақылау, соған қатынасқандардан мәлімет жинау, тіпті кейбір ресми құжаттардың түп нұсқасынан үзінділер келтіру сияқты деректанулық әдіс–тәсілдерді пайдаланады. Жиналған мәліметтерді бір бірімен салыстыра отыра қарастыру нәтижесінде ол әрбір тарихи оқиғаның себеп–салдарлық қатынастарын түсінуге тырысты.
Фукидид тарихтағы жеке тұлғалардың роліне де тоқталады. Олардың ел үшін жасаған еңбектері бағалай келіп,өз кітабында белгілі тұлғалардың көп алдындағы сөздерінен үзінді келтіреді. Фукидид шығармасының құндылығы – ондағы дерек ретінде пайдаланған келісім–шарттар, қарарлар сияқты ресми құжаттар. «Менің тарих жазғандағы негізгі мақсатым оқырманның көңілін көтеру емес, оған ой салу, жазылған дүниені ғасырлардың мұрасы ету» – дейді автор. Бүкіл жазғанын автор сегіз кітапқа бөлді. Зерттеу жұмыстары аяқталмай қалған. Оқиғаның баяндалуы б.э.д. – 411 жылмен бітеді. Автор кітабына ат та беріп үлгірмеген. Фукидид еңбегі өзі өлгеннен кейін «Тарих»деген атпен жарық көрді. Кейін бірнеше тілдерге аударылды. 1452 жылы Рим папасы Бесінші Николайдың бұйрығымен кітап латын тіліне аударылды. Ал 1502 жылы Венецияда типографиялық әдіспен басылып шықты. Осы күнге шейін Фукидиттің бұл еңбегі көне Эллада тарихынан зор мәлімет беретін құнды еңбек болып саналады.