Антикалық философия Антикалық пәлсапа


Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг)



бет8/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сана рух

Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг).
Бейсаналық – адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.
Бейсаналық мәселесі философия тарихында өзіне көп назар аударған. Антикалық дәуірде (Платон), ортағасырлықта, Жаңа заманда (Кант, Шеллинг, т.б.) ол туралы әр алуан пікірлер айтылды. Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның
шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізін қалаушы австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ретінде қарастырады.
Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша,
1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер;
2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және еңмазмұнды жүйесі бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және өзіне танымсыздығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған элементтерді құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді.
Юнг мәлімдегендей, жеке сана ғана бірлесіп өмір сүре алады ұжымдық бейсаналық. Бұл бейсаналық деңгейде, әрбір адам туралы мұра адамдардың ұрпақ мыңдаған рухани тәжірибесі болып табылады.
Оларға мыналар жатады:

  • сана танылған емес, бұлшық, тепе-теңдік және басқа да физикалықкөріністеріне сезінесіз;

  • суреттер, шындыққа қабылдау нәтижесінде және таныс ретінде анықталады;

  • Өткенді бақылайды және қиял арқылы болашағын құру жады;

  • ишкі сөйлеу және тағы басқалар.


Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).
XX ғасырдың екінші жартысында постмодернизмге қызығушылық көбейді. Постмодернизм XX ғасырдың басында пайда болған, 60-шы жылдардағы кітаптарда ғана бұл ағымға идеялық бағдарлама тұжырымдамасы берілді. Постмодернизмнің дүниетанымдық қайнар көздері болып Д.Анин, У.Спанос, И.Хассан, Л. Фридлер сияқты әдебиеттанушылардың шығармалары табылады. Олар постмодернді парадигма және эпистема ретінде қарастыра бастады. Постмодернизмнің табиғатын зерттеуге 1979 жылы жарық көрген Ж.Ф.Лиотардың «Постмодернизмнің күйі» атты шығармасы арналды. Постмодернизмнің қазіргі замандағы ролін ашуға замандас батыс ойшылдары Ж.Бодрийяр, Ж.Делез, Ф.Гваттари, У.Эко үлестерін қосты.
Постмодернизм философиясы структурализмнің, марксизмнің, фрейдизм және
ницшеандықтың қазіргі заманғы дүниетанымдық потенциалын әрі сақтау, әрі
өзгерту мақсатында қалыптасты. Бұл мақсатта радикалды эклектика да,
ұмытылған антикалық дискурстарды жаңғырту тәсілі де пайдаланылды.
Соның ішінде софистиканы, сондай-ақ философиялық білімнің социологизациясы және психологизациялану, риторизация құбылыстарын атап айтуға болады. Постмодернизмде қала құдіреті космос құдіретімен, индустриализм идеалы экологизм императивтерімен алмастырылады. Космизм, экологизм, постгуманизм, жаңа жыныстық түсінік постмодернизм дүниетанымының ядросын құрады. Бұр тұғырнамалар қазіргі заманғы жағдайға сәйкес келіп жатты. Постмодернизмнің пайда болуына себеп болған объективті жағдайлар:
1. мемлекеттің, соның ішінде тоталитарлық мелекеттің адамзаттың тіршілігінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басқару потенциалдарының әлсіреуі;
2. технологиялық қатынастар процестерінің антигумандық сипатының өсуі, коммуникациялық процестерден адами жан-сезімдердің жоғала
бастауы;
3. әлеуметтік процестерге бұрын аутсайдер болып табылған топтардың
белсенді тартылуы. Мысалы, түрлі феминистік және экологиялық
қозғалыстар.
Постмодерн философиясы заңшыл ақыл-парасаттан бас тартып, оны түсіндіруші ақылмен алмастырды. Ж.Дерриданың айтуынша, европалық санадағы ақиқатты толық меңгеру идеалы шындап келгенде агрессиялық тұрпаттағы құбылыс. Түсіндіруші ақыл білімнің негізін іздестіру мәселесін
трансцендентальді субъективтіліктен күнделікті-қарапайым өмірлік практикаға бұруды жөн тапты. Постмодернистер ұсынған жаңа ақыл білімнің негізін метафизикадан іздеген жоқ, коммуникациядан іздестірді. Араласудың, әңгімелесудің жалпы фоны ғылыми ақиқатқа қол жеткізу емес, еркін сұхбат арқылы катарсиске (рухани тазаруға) жету. Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл ғылымға дейінгі табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы. Ж.Деррида постмодернизмнің онтологиялық және гносеологиялық-
методологиялық идеяларын әзірлеп жасады. Деррида қазіргі заманғы
философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет