мінсіз мемлекеттұжырымдамасын жасау болып табылады. Мемлекет туралы ілімдер «Саясат» және «Заңдарда» көрсетілген. Жақын және алыс секілді басқалардың көмегін қажет ету барысында мемлекет пайда болады. Платон қала-мемлекетті құру үшін адам мен оның қоғамдағы орнын соңына дейін тануға ұмтылады.
Платонның мінсіз мемлекет үлгісі бұл қоғам, оның басында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық-әскерилерді басқаратын философ-басқарушылар мен жерді пайдаланушылар, қолөнершілер, саудагерлер секілді өндірушілерден тұрады. Қоғамның үш қауымға бөлінуі жан туралы іліммен жанасады, ол да үшке бөленді. Бұл сандардың магиясы пифагорлықпен берілген. Философтарда жанның саналы бөлігі жоғары, әскерилерде қуаты, шаруа, қолөнерші, саудагерлерде жанның элементарлы бөлігі мен жоғары сыныптарға бағыну қабілеттілігі басым. Жанның сананы иеленуі мемлекетпен басқарылуы керек.