Антикалық философия М. Ш. Хасанов


Сократтың философиялық әдісі



бет6/11
Дата11.12.2023
өлшемі50,88 Kb.
#137071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
sciPaper3622

Сократтың философиялық әдісі шынайы білімге жетуге бағытталған. Шындық таласта танылады. Өзімен-өзінің диалогындағы мақсат – өз жандүниесін сезіну, оның мәнін түсіну. Индуктивті талқылауды пайдаланып (қисын) пікірдегі қайшылықтардың нәтижесінде, солармен бетпе-бет келе отырып, танушы әлдеқайда сенімді білімге ие болады. Бұл әдіс яғни жалпы жалқы арқылы танылатын, бірліктің қарама-қайшылығын қалпына келтіру жолы – диалектика деп аталады. Сократ осыны жетілдіре отырып, иронияны (сылтаурату, қылымсыған надандық) және майевтиканы (жоққа шығару) пайдаланады. Осындай тәсілдер көмегімен таласта шындық туады. Дұрыс қойылған сұрақтар арқылы, яғни ирония (күдік, сылтаурату) көмегімен «қарсыластың» әлсіз жерін анықтау – Сократ философиясының мәні болып табылады. Ирониядан майевтиканы ажыратуға болмайды. Кіндік өнер – сенімді және білімді игерудегі көмек. Барлық процесс дефинициямен (тұжырым, анықтамамен) аяқталады. Сонан соң бәрі қайталанады. Осындай үлгімен танушы заттың мәнін (ақиқат) аңғарады. Танымның осы тәсілін Аристотель жоғары бағалады: «Сократтың басты қызметі сонда, ол жалпының анықтамасын үйренуді алғаш қолға алды, зат мәнінің танымға негізделетінін тұңғыш мойындады.
Әрине адамның мәні танымның раицоналды тәсіліне Сократтың шексіз сенімін – ақиқат қайырымдылық ретіндегі өзін-өзі басқару, ақиқат шындық ретіндегі таным адамның рухани мәні оның көрсетуінше берілмейтін құндылыққа жатады. Субъект автономы мәселесін көтере отырып, Сократ философия дамуындағы жаңа бетбұрысты дайындады. Ар және мораль интеллект жиынтығы ретінде оның мәнін негіздеп, ойлы және иманды адам мәселесінде философияда төңкеріс жасады. Полис формалы жатақханалы құлиеленушілік қоғам үшін, индивидтің өз қаласының азаматы ретінде мәні болды. Және оған бәрі міндетті болды. Бұл тұжырым жүйені іштен әлсіретіп, қоғамды қопарды. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.
Сократ өзінің ақиқатты ізденушілігімен демократтар, аристократтар үшін нағыз қауіп болды. Грек демократиясы өздерінің саяси бақталастарын қатаң жазалады: оларды қуғынға ұшыратып немесе өлім жазасына бұйырды. Оны құртуға себеп те табыла кетті. Ол екі жолдың бірін таңдауы керек болды – ақиқатты немесе өмірді. Сократ өзіне сенімді болды. Оның өлім жазасы – «әділетсіздікпен» күрес. Жүйе өзін-өзі солай қорғады. Сократ алғашқылардың бірі болды.
Сократтың жасаған таңдауы оның ішкі еркіндігінің қалауы болды. Оның оқушылары ондай қайсар болмады. Әйтсе де бірде-бір грек философында мұншалықты көп әрі сенімді оқушылары болмады. Оның таңдауы Диоген Лаэрцийдің сеніміне, Пифиидің «Сократ өзінің барлық даналығынан да жоғары» деген мадақтауына ие болды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет