Антикалық философия М. Ш. Хасанов



бет4/11
Дата11.12.2023
өлшемі50,88 Kb.
#137071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
sciPaper3622

Атомистер элеаттықтардың онтологияның натурфилософиясын ары қарай дамытты. Олардың атом туралы түсінігі ХІХ ғ. дейін философия мен ғылымда үстемдік етті.
Атомистикалық теорияның негізін салушы элейлік Левкипп (б.д.д. 500-440 жж.). Оның білімдері бізге басқа антикалық философтардың айтуынша жетті. Оның еңбектері: «Ой туралы», «Ұлы диакосмос». Ол еңбектерінде негіз бен негізсіздік, дүние қалыптасуының тең әрекеті мәселелері қарастырылды.
Левкиппке дейін грециялық ойшылдар қозғалыс ұғымын түсіндіре алмаған. Ол енгізген бостық түсінігі атомдар бос кеңістікте қозғалады деп болжауға көмектесті. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар делінді. Левкипптің түсінігінше атом – ең кіші бөлшектенбейтін, өз көлемі, орны бар және бос кеңістікте қозғалады. Олар өте кішкентай болғандықтан оны тек елестетуге болады. Атом – барлық заттардың қалыптасуының және ыдырауының басты себепкері.
Демокрит (б.д.д. 460-370 жж.) логикалық атомистік ілімнің негізін салушы. Ол өзінің ұстазын толықтыра отырып атомдар өзгермейді және олар салмағы, көлемі, түрі жағынан әр түрлі деді. Олар төртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелек болуы мүмкін, осыған байланысты зат айырмашылығы болады. Бірақ оны заттардың сапалық қасиеттеріне жатқызбады. Атомдардың өзгермейтіндігі, мәңгілігі және үнемі қозғалыста болатындығы маңыздырақ болған. Ол атомдардың өмір сүру тәртібі. Ол қасиеттер атомдардан атомдарға соқтығысу арқылы беріледі және дамуға алып келеді. Диоген Лаэрцияның айтуынша, Демокрит «бүкіл әлем атомдық негізде құрылған және осы атомдар күрделі денелер мен тұтас әлемдер құрған» деген. Бос кеңістікте қозғалып атомдар жер, су, ауа, от және денелерді түзген. Ол қозғалыстың үш формасын атап көрсетеді, олар: хаотикалық, вихревтік және атом қозғалысы. Әлемдегі әрекеттер қажеттілік пен атомнан құралған денелердің (алдын ала анықталған) детермирленген Вихревтік механикалық қозғалысы нәтижесінде жүзеге асады.
Демокрит өте күрделі түсініктердің қалыптасуына ықпал еткен. Ол жан тыныштығы, адам мен Құдайлар байланысын айтқан.
Заттардың ақиқатына жету үшін тек ойдың көмегіне жүгінуге болады. Демек, ойдағы нәрсені тек оймен білуге болады. Оны білудің басты шарты ретінде дене атомдары мен адам сезімдерінің біріккен жиынтығы әсер етеді. Ой да, сезім де тылсымнан келетін бейнелерден туындайды.
Сонымен, бұл атомистік ілім элеаттықтардың сұрақтарына жауап береді. Ол бірлік пен тұтастың, заттардың пайда болуы мен жоғалуы жайын айтқан, ал оны Парменид пен Зенон оны мәңгілік өзгеріссіздікке байланыстырғысы келеді. Тағы атомизм қозғалыс проблемасын бастапқы атомдарға байланысты шешкен.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет