Химиялық антисептика деп – патологиялық ошақта немесе адам денесінде және оны қоршаған ортадағы микробтарды жою мақсатымен химиялық заттарды қолдануды айтамыз.
Антисептиктердің жіктелуі
Дезинфекциялық заттар – асептикада құрал-саймандарды өңдеу, бөлмелердің қабырғаларын, еденді жуу, жалпы күтім заттарын өңдеу үшін қолданылады.
Антисептикалық заттар – терінің сыртын, хирургтың қолын өңдеуде, жараны және кілегей қабатты жуып шаюда қолданылады.
Химиотерапевттік заттар – әртүрлі патологиялық ошақтағы бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін, адам денесіне резорбтивті әсер ететін, ішке енгізілетін заттар.