Диоксидин – 0,1-1% сулы ерітінділері іріңді жараларды, сірлі (серозды) қуыстарды, жыланкөздерді емдеуде қолданылады.
5-нитроимидазол тобының дәрілері
Метронидазол (трихопол, метрид, метрогил) – кең спектрлі химиотерапиялық зат. Іріңді жараларды емдеуде қолданылады. Вишневский майының құрамына кіреді.
Қара майлар
Хлорфиллипт, эктерицид, бализ, календула – антисептик ретінде сыртқы қолдануға арналған.
Сульфаниламидтер
Бактериостатикалық әсері бар химиотерапевттік заттар.
Оларға стрептоцид, этазол, сульфадимезин, сульфазин, сульфадиметоксин, сульфален, бактрим немесе бисептол жатады. Арнайы жобамен (кестемен) энтеральді тағайындалады.
Биологиялық антисептика
Биологиялық антисептика екі бағытта әсер етеді:
1.Тікелей әсер – микроорганизмдерге тікелей әсер ететін, табиғаты биологиялық болып келетін фармакологиялық заттар.
2.Тікелей емес әсер – макроорганизмнің микроорганизмге қарсы тұру қабілеттін ынталандыратын фармакологиялық заттар.
Антибиотиктер
микроорганизмдерден бөлінетін, белгілі бір микроорганизмдердің топтарының өсіп-өнуін және дамуын тежейтін заттар.