Бор қышқылы – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 2-4% ерітінділері жараларды жуып шаюда пайдаланылады. Көк-іріңді таяқшаны жоятын өте күшті әсері бар.
Салицил қышқылы – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Іріңді жараларды емдеуде пайдаланылады.
Сілтілер
Мүсәтір спирті – сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Бұрын Спасокуккоцкий-Кочергин әдісі бойынша хирургтың қолын өңдеуде пайдаланылған.
сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 3% ерітіндісі іріңді жараларды жуып-шаюда, қансырауды тоқтатуда қолданылады; оның жағымсыз иісті кетіретін (дезодорациялық) және көбік түзетін айқын әсері бар. 6% ерітіндісі асептикада анаэробты микробтармен инфекциямен инфицирленген құрал-саймандарды өңдеуде пайдаланылады.