Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет39/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
«кемпірек» сөзі қазіргі күн тұрғысынан қарағанда түсініксіз, мағынасы көмескіленген атаулардың қатарына жатады. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде бұл сөзге мынадай анықтама берілген: «Кемпірек – шай демдеген шәйнекті қою үшін самаурынның оттығына кигізетін бөлігі» [122, 592 б.].

Қазақ десе алдымен сайын дала, киіз үй, киіз үйдің ішіндегі сары самаурын, қара қазан, жез құман, зерен тостақ елестейді. Бір қарағанда қарапайым зат атаулары болғанымен, шығарманың эстетикалық құндылығын, ұлттық бояуын, нақышын келтіріп, оқырманды өзіне еріксіз тартып тұрған да – осындай мәдени тілдік бірліктер. Мұның барлығы да жазушының танымдық- мәдени тезаурусын құрайды.

Мәтінде кездесетін семантикасында ұлттық компонент қамтылған лексикалық бірліктердің толық түсінілмеуі немесе жартылай танылып, түйсінілуі мынадай бірқатар факторлармен байланысты деп ойлаймыз: оқырман мен көркем мәтін авторының мәдени қорларының арасындағы едәуір айырмашылық, екеуінің көлем жағынан тең келмеуі, адам жадының шектеулілігі, білім қорының әр түрлілігі т.б.

Демек, жеке тілдік тұлғаның шығармашылығы арқылы оқырман тұтас бір ұлттың өмірі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан, өткен тарихынан хабардар болады. Қорыта келгенде автор мәтін оқырман арасындағы байланысты зерттеуде мәтіннің артында тұрған болмыстан, халықтық таным мен қазақи мәдениеттен тыс ешқандай нәтиже шығаруға,



жаңалық ашуға болмайтыны байқалады. Демек, әрбір «мәтіннің семантикалық кеңістігі – ұлттық дүниетанымның көрінісі. Кез келген көркем шығармада автордың дүниетанымы мен ішкі болмысы көрінеді деген уәжді мойындасақ, онда, әрине, мәтіннің де ішкі мәндік құрылымындағы менталдықты жоққа шығармаймыз. Мәтіннің семантикалық кеңістігінде ұлттық білім мен білік жинақталған, оның мазмұнындағы менталдық кеңістікті өзіндік ерекшелігі ретінде бағалау қажет. Жалпы адамзаттық мәселені көтеру – мәтіннің мәнін анықтаса, ұлттық негіз бен ұлттық болмысты таныту мазмұнда көрініс табады» [64, 251 б.] деген ғалым А.Салқынбайдың мәтінтанудағы пікірі айтар ойымызды толығымен аша түскендей. Мәтін түзуші автордың сан салалы қиялына, ұлттық дүниетанымына шек жоқ. Десек те, оны қабылдаушы оқырманның да дүниетанымы, білімі, мәдениеті соған сай болғаны абзал. Себебі автор мен оқырман арасында сәтті диалогтің болуы үшін автор оқырманның тілдік білімімен, ұлттық танымымен, жалпы өмірге, әлемге деген түсінігімен санасқан жағдайда шығарманың мәтіні шынайылыққа ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет