Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Қазіргі  әлемде  этнокешендер  мен  этноауылдардың  дамуы  ерекше



Pdf көрінісі
бет147/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   221
Қазіргі  әлемде  этнокешендер  мен  этноауылдардың  дамуы  ерекше 
танымалдылық пен мәнділікке ие, өйткені, халықтың барлығын өзіндік 
мәдениетімен  таныстыруға  мүмкіндік  береді,  өңірдің  туристік 
тартымдылығын дамытуға жәрдемдеседі және болашақта өзін-өзі ақтауы 
мүмкін. 
Қазақстанда алғаш рет этноауыл Шығыс Қазақстан облысында ашылды 
және  достық пен  тату  көршілік  қарым-қатынастарды  дамыту  үшін  пәрменді 


104 
 
фактор ретінде өңір мен елдің этникалық алуан түрлілігін көрсететін үйлесімді 
қоғамның микромоделі болып табылады . 
Бұл  жобаның  негізі  Өскемен  қаласындағы  сәулет-этнографиялық  және 
табиғи-ландшафтық  музей-қорығы  болып  табылады,  Ертістің  сол 
жағалауындағы  темір-бетон  бұйымдарының,  құрылыс  қоқыстарының, 
тұрмыстық қалдықтардың бұрынғы үйінділерінің орнында құрылған. 
Бұл  этноауылдың  ерекшелігі  қазақ,  орыс,  украин,  ұйғыр,  кәріс,  татар, 
белорус,  әзірбайжан,  еврей,  неміс,  поляк,  шешен,  грузин  және  армян  үй-
жайлары  бір  көшенің  бойында  орналасқан.  Үйлердің  келбеті  әр  ұлттың 
тұрмысына сәйкес келеді. 
Қазіргі  уақытта  этноауыл  қала  тұрғындары  мен  туристердің  сүйікті 
демалыс орны болып табылады. 
Тараз қаласында «Ежелгі Тараз» археологиялық кешені және Ұлы Жібек 
жолындағы маңызды буынға айналған ежелгі қаланың шахристаны болжанған 
орнында  «Шахристан»  орталығы      қызықты  этникалық  кешен  ашу 
жоспарлануда. 
Туристік  этнокешендерді  ашу  жергілікті  қолөнершілер  мен  қолданбалы 
өнер  шеберлерін  ынталандыратын  болады  және  кәдесый  өнімдерін, 
әшекейлерді  дайындау  бойынша  қолөнерді  дамытуға  бастау  алады  және 
тиісінше  өңірге  туристерді  тартады,  сондай-ақ  патриотизмді  дамытуға  және 
ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет