Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Қазақстан түркі әлемінің бесігі»



Pdf көрінісі
бет162/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   221
 «Қазақстан түркі әлемінің бесігі»  
түркі халықтарының мәдениет күндерін өткізу 
бойынша ұсынымдар 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  мақаласында 
«Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» деп айтқан 
болатын. Түркі халықтарының арасында бұл аумақ жалпы түркілердің шығу 
тегімен байланысты айтылатын аңыз-әпсаналармен ғана құнды емес, сонымен 
қатар  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт  Қашқари 
сынды түбі бір түркі жұртына ортақ ойшылдардың  туып-өскен жері ретінде 
де  жоғары  бағаланады.  Сондықтан  тек  қазақ  халқы  үшін  ғана  емес,  жалпы 
түркі өркениетіндегі халықтар үшін Алтай мен Түркістанның орны жоғары.  
Ұлы  көшпенділердің  ұрпағы  түркі  мемлекеттерінің  сабақтастығын 
жалғастыру  Қазақстан  үшін  қашанда  өзекті.  Осы  себепті  елімізде  түркі 
халықтарының  мәдени  күндерін  өткізу  маңызды.  Бұл  ғылыми  еңбектерді 
зерттеуге,  бауырлас  халықтардың  ауызбіршілігін  арттыруға,  мәдени 
байланыстарды нығайтуға, көшпенді халықтың дәстүрін жаңғыртып, ұлттық 
мұраларын ұлықтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, түркі халықтарының 
мәдение саладағы ынтымағы мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси-
дипломатиялық және басқа да қатынастырды дамытады. 
Қазақстандағы  түркі  елдерінің  мәдениет  күндері  Алтай  мен  Түркістан 
өңірінде өтуі тиіс. Биыл әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы 
бүкіл ЮНЕСКО көлемінде халықаралық дәрежеде аталып өтіледі. Соған орай, 
түркі  халықтарының  елімізде  бас  қосуының  саяси  да,  мәдени  де  маңызы 
жоғары.  
Мақсаты  -  түбі  бір  түркі  халықтарының  ынтымағын  арттырып, 
мыңжылдық тарихы бар ортақ дәстүрлерін жаңғыртып, халықтар арасындағы 
мәдениет байланыстарды дамыту.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет