Іске асыру механизмдері: - түркі халықтарының мәдени күндері Алтай өңірі мен Түркістанда
өткізілуі тиіс;
- шараға елміздің басқа өңірлерінің ғалымдары, тарихшылары,
түркітанушылары қатысып, ұйымдастыру республикалық деңгейде
сипат алу керек;
- шараға әр мемлекеттен қолөнер, зергерлік бұйымдар, ұлттық
туындылар, суретшілердің картиналары т.б көрмелер өтуі керек;
- түркі халықтарының бүгінгі ғылым білімдегі жаңалықтарын көрсететін
көрмелер ұйымдастырылуы тиіс;
- түркі
халықтарының
ЖОО-да
Қазақстанның
тарихшылары,
этнографтары, түркологтары жүйелі түрде арнайы барып лекциялар
оқыса, еліміздің ғылым-білімін түркі елдерінің арасында кеңінен
таныта аламыз;
- Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды түркі ойшылдарының ғылыми
еңбектерін зерттеп жүрген түркологтар мен тарихшылардың
конференциясын ұйымдастыру;