Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу



Pdf көрінісі
бет167/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   221
 
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу 
бойынша ұсынымдар 
 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметкерінің 
жағымды  имиджін  қалыптастыру  және  нығайту  мемлекеттік  басқаруды 
дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. 
Елбасымыз 
Н.Ә. 
Назарбаев 
«Үздік 
мемлекеттік 
қызметкер» 
республикалық  байқауының  жеңімпаздарымен  кездесуде  «Халыққа  адал 
қызмет  ету  және  елдің  ұлттық  мүдделерін  тиімді  қорғау  мемлекеттік 
қызметтің  міндеті»-    деп  атап  өтті.Шынында  да,  бүгінде  мемлекеттік 
қызметкерлер, оның ішінде әкімдер, ең алдымен, өз халқына қызмет етеді және 
өнімді инновациялар арқылы мемлекетке пайда әкеле алады. 
Мемлекеттік  қызмет  халыққатартымды  және  сұрынысқа  ие  болуы 
мүмкін.  Әр  азамат  мемлекеттік  қызметкер  болуға  ұмтылып  мемлекеттің 
дамуына өз үлесін қосуы қажет.  
Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  қызметкердің  кәсіби  жетістіктері  мен  өнімді 
нәтижелеріне сәйкес, халық арасында оның жағымды имиджін қалыптастыру 
жұмыстарының маңыздылығы зор. 
 Ауыл  әкімдерінің  жағымды  имиджін  қалыптастыру,  олардың  қызметі 
бойынша  халықты  акпараттандыру  және  осы  саладағыпроблемаларды 
зерттеумаңызды және қазіргі таңдаөзектімәселе.  
Ауыл әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 қағидасына сәйкес, өз 
аймағының тұрғындары үшін үлгі болуы тиіс. 
Ауыл  әкімі  халықпен  тікелей  қарым-қатынаста  жұмыс  жасайды,  оның 
диалог құру қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдай 
алуықызметінің маңызды компоненті болып табылады.  
Жергілікті  деңгейде  Әкім  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асырушы  және 
халықта  оның  іс  әрекетіне  қарап  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  тиімділігі 
туралы қөзқарас қалыптастырады. 
Байқау  барысында,    қатысушылардың  конкурстық  қызметін  насихаттау 
мақсатымен кең ақпараттықнауқан жүргізіледі. 
Үздік  ауыл    әкімі  республикалық  байқауын  өткізілуі  ауыл  әкім 
лауазымының беделін және бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 
Іс-шараның  мақсаты  –әкім  лауазымын  атқарып  жатқан  мемлекеттік 
қызметкерлер 
туралыхалық 
арасында 
позитивтік 
қоғамдық 
пікір 
қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет