Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық



Pdf көрінісі
бет174/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық 
құндылықтарды жастар арасында насихаттау бойынша 
іс-шаралар кешенін өткізу (отбасы күні, қарт адамдар 
күні және т.б.) бойынша ұсынымдар 
 
Қазіргі таңда Қазақстанда отбасы институтыныңтрансформациясы жүріп 
жатыр.  Бұл  үрдістің  нәтижесі  отбасы  мен  ата-ана  болуғақатысты  әлеуметтік 
саяси  шаралардың  саралануына  алып  келеді.  Күнделікті  тәжірибе 
көрсеткендей, заманауи қазақстандық отбасы декреттік демалыс, бала күтімі 
және ана мен әкенің рөлін орындау мәселелерін шешудің өзіндік «рецептерін» 
жасаған. 
Мемлекеттің  отбасыларға  және  отбасылық  міндеттері  бар  азаматтарға 
қатысты  шаралар  жүйесі  ретінде  отбасылық  саясаттың  қалыптасуы  мен 
институционализациясы  жалпыға  ортақ  игіліктер  мемлекеттері  мен  екінші 
демографиялық өту жағдайында орын алды. 
Отбасы  экономикалық  бірлік  ретінде  экономикалық  реформалар 
(жекешелендіру,  жаңа  меншік  қатынастарын  қалыптастыру,  жаңа  салық 
жүйесін  құру,  орта  және  шағын  бизнестің  дамуына  жағдай  жасау)  кезеңінде 
ескерілмегені  анық.  Отбасының  қазіргі  ахуалы  мемлекеттен  оны  түбегейлі 
қолдау және тұрақтандыру үшін шұғыл және шешуші шараларды қабылдауды 
талап  етеді.  Дұрыс  мемлекеттік  отбасы  саясатын  қалыптастыру  дамудың 
қазіргі кезеңінде отбасымен байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі. 
Әрбір  адам  үшін  отбасы  құндылығы  оның  дүниетанымымен,  мәдени, 
рухани,  білім  деңгейімен,  өмір  сүру  стандартымен  және  ең  бастысы,  оның 
отбасылық  өмірден  алған  жеке  басының  тәжірибесімен  немесе  осындай 
тәжірибе алуға ұмытылумен (тіпті тұлға балалық шағында жанұя жағдайында 
өмір сүрмеген болса да) анықталады. 
Отбасылық  қатынастар  саласында  бар  проблемалардың  сипатықарама-
қайшы.  Оған  әйелдер  санының  басым  болуы,  ажырасудың  жоғары  деңгейі, 
ресми  некесіз  бірге  тұрушылық,  көп  әйел  алушылық,  толық  емес 
отбасылардың  болуы  жатады.  Әйелдер,  мәртебесі  мен  өмір  сүру 


121 
 
стандарттарына  қарамай  бала  туу  туралы  шешім  қабылдайды.  Бұл  бала  туу 
жасыныңұлғайтып отыр, ал түсік жасататындар саны да азаймауда.
 
Мемлекеттің  идеологиясы  отбасы  құндылығын  арттыруға  бағытталуы 
тиіс. Бірақ, зерттеулердің қорытындысы отбасы құндылығының әлі де жоғары 
екенін  көрсетеді.  Деген  мен  отбасы  дағдарысын  өткерген  мемлекеттердің 
тәжірибесін  зерделеген  жөн.  Сондықтан  отбасы  әрқашан  мемлекеттің 
қолдауына, қорғауына және реттеуіне мұқтаж. 
Егер отбасы мемлекеттің кішкентай моделі екенін ескерсек, онда олардың 
өзара бір-біріне ықпал ететіні даусыз. 
Бұл мәселеде шаралар жиынтығын ұйымдастырудың мақсаты - дәстүрлі 
отбасылық  құндылықтар  мен  отбасылық  өмір  салтын  қалыптастыру, 
отбасылық  қатынастар  мен  отбасылық  тәрбиедегі  рухани-адамгершілік 
дәстүрлердің жандануы мен сақталуы, отбасылық әл-ауқат пен жауапты ата-
ана болуды қамтамасыз етуге жағдай жасау, ата-ананың отбасы мен қоғамдағы 
беделін арттыру және әр отбасының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау. 
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 
1) отбасылық өмір салттың құндылығын арттыру, отбасылық қатынастар 
мен отбасы тәрбиесінде рухани-адамгершілік дәстүрлерді сақтау; 
2) отбасының тәрбиелік әлеуетін іске асыруға көмектесу; 
3) отбасылық қиындықтардың алдын-алу; 
4)  әр  отбасының  баланың  (балалардың)  тәрбиесіне,  біліміне  және 
дамуына жауапкершілігі; 
5)  психологиялық  көмекке  мұқтаж,  әсіресе  әлеуметтік  риск  тобына 
кіретін  отбасыларға  уақтылы  және  тиімді  психологиялық  көмекке 
қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіби психолог қызметіне барлық 
отбасылардың тең қолжетімділігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет