«Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы» патриоттық әндердің республикалық конкурстарын өткізу бойынша ұсынымдар
Қоғамдық жаңғырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм. Елбасы
Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған
жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу
– шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өткен.
Туған елге, жерге, ұлттық құндылықтар мен мұраларымызға арналған
жаңа өнер туындыларының жарыққа шығуына қолдау көрсетудің маңызы
жоғары. Патриоттық әндердің санын арттырып, сапасын жақсартып, рухты
туындылардың арасында бәсекелестік қалыптастыру мақсатында жыл сайын
дәстүрлі «Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы» патриоттық байқаулары
ұйымдастырылып келеді. Республикалық конкурсқа ниет білдіруші
жастардың да қатары артып отыр. «Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы»
республикалық байқаулары патриоттық музыкалық шығармалардан өзге,
үздік қолөнер туындыларын да анықтап келеді.
Мақсаты - Патриоттық шығармалар арқылы жастардың отан сүйгіштік,
елжандылық қасиеттерін арттыру және және шығармашылық өкілдерін қолдау
мен насихаттау.
Міндеттері:
отандық
композиторлар
мен
драматургтердің,
ақындардың
шығармашылығына қолдау көрсету;
өнер туындылары арқылы ұлттық патриотизм мен өнерге деген
халықтың мәдениетін қалыптастыру;
заман талабына сай, мазмұнды, рухты музыкалық туындылардың
санын көбейту;
өнер туындылары арқылы жастардың бойына патриоттық сезім
ұялату;
ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, мәдениеттің әр саласындағы
кәсіби мамандарға қолдау көрсету;
республикалық концерттік ұйымдар, театрлар мен музейлердің
шығармашылық қорын жаңа туындылармен толықтыру;
ұлттық қолөнер саласының жаңа заманға сай, қазақы нақышын сақтай
отырып дамуына қолдау көрсету;
124
үздік
қолөнершілер
мен
авторларды
халыққа
танытып,
бұйымдарының халықаралық дәрежеде насихаттау.