Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Өңірлерде театрларға, музейлерге және кітапханаларға



Pdf көрінісі
бет20/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Өңірлерде театрларға, музейлерге және кітапханаларға 
баруды арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге 
асыру жөніндегі ұсынымдар 
 
Қазақстан 
Республикасының 
Тұңғыш 
Президенті 
– 
Елбасы  
Н.Ә.  Назарбаевтың  бағдарламалық  мақалалары  жалпы  адамзаттық,  мәдени-
тарихи,  көркемдік-эстетикалық,  рухани  құндылықтарға  бағытталған 
инновациялық,  ашық  тұлғаны  қалыптастыруға  арналған  идеологиялық 
іргетасты қалады. Осы тұрғыдан, театр, музей, кітапханаларға және басқа да 
мәдени-білім беру объектілеріне келушілер санын арттыру өзекті. 
Өйткені, жоғарыда аталған объектілер – рухани ескерткіштер, олар тек 
қазақ  халқының  ғана  емес,  басқа  да  этностардың  тарихи-мәдени  мұрасын 
сақтайды.  Қазақстандықтар  өз  халқының  тарихын  біліп,  бүкіл  жаңалықты 
тануға ашық болуы тиіс. 
Мәдени-білім  беру  объектілеріне  келушілер  санына  көптеген  сыртқы 
және  ішкі  факторлар  әсер  етеді:  елдегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай, 


14 
 
осындай  мекемелерге  келу  дәстүрі,  оқу  ұйымдарының  бағдарламалары; 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану  деңгейі,  мекен-
жайы,  баға  саясаты,  жұртшылықпен  өзара  іс-қимыл  жасауы,  келушілерге 
қызмет көрсету, ағартушылық қызмет, пиар және жарнамалық кампаниялар. 
Дегенмен,  жоғарыда  көрсетілген  объектілерге  келу  арқылы  тарих  пен 
дәстүрді  тануға  деген  махаббат  бала  кезінен  отбасында,  одан  әрі  мектепте 
және басқа да оқу орындарында сіңірілуі тиіс. 
Сондықтан  жас  ұрпақ  арасында  театр,  музей,  кітапханалардың  және 
басқа да мәдени-білім беру объектілерінің жеке тұлға ретінде біртұтас мәдени 
дамуындағы рөлін кеңінен насихаттау маңызды. 
Осындай объектілерге бару арқылы алынған білім болашақта өз достары 
үшін ғана емес, сонымен қатар әріптестеріне, жаңа таныстарына да қызықты 
сұхбаттас болуға мүмкіндік береді, тіпті жас адамның кәсібін немесе хоббиін 
таңдауға әсер етуі де мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет