Іске асыру механизімдері: Ұлттық салт-дәстүрді сақтау көрсеткіші Мәліметтер келесі зерттеулерден алынды: Жоба: «Қазақстанның үшінші жаңғыру үрдісі (орта жастағы азаматтардың саяси көзқарастары мен халықтың ұстанымы) Халықтың құндылықтары мен архетиптерін зерттеу мақсатында
40жастан жоғары азаматтарға жүргізілген әлеуметтік зерттеу бойынша
қазақстандық қоғамда ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар халықтың
сыртқы болмысын айқындап, күнделікті тұрмысының ажырамас бөлігіне
айналғанын көрсетті. Зерттеуге қатысқан халықтың тек 3,7%-і ғана ешқашан
өз этносының салт-дәстүрін ұстанбайтынын айтты. Қалған 96,3%-і орта
жастағы қазақстандықтар салт-дәстүрді әртүрлі деңгейде сақтайтынын
көрсетті. Атап айтсақ: 39,7% – үнемі, 36,3% – жиі, 20,4% – сирек (1-сурет).
1- сурет. «Өз этносыңыздың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын сақтайсыз ба?»