Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет45/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   221
 
Іске асыру механизмдері:  
–  5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін кең ауқымда 
насихаттап,  жастардың  бойына  табиғатсүйгіштік,  қоршаған  ортаға 
жанашырлық қасиеттерін сіңіру керек; 
–  қалалық,  аудандық  және  ауылдық  жалпы  білім  беру  мектептерінде 
жаппай  «Экологиялық  сағат»  арнайы  ашық  сабақтар  өткізу  керек.  Сабақ 
барлық сынып оқушыларын қамтуы тиіс. Танымдық сабақ сыныпта басталып, 
мектеп ауласында жалғасуы керек;  
–  қалалық  мектептердегі  оқушыларға  сабақ  барысында  экологтармен 
кездесулер ұйымдастырылуы тиіс. Кездесу барысында экологтар оқушыларға 
табиғатты  қорғаудың  маңыздылығын,  судың  адам  өміріндегі  құндылығын 
айтып, табиғатқа қатысты жастарды прагматизмге шақырып, үнемдеу жайлы 
ақпараттар айтуы тиіс;  
–  барлық  оқушылармен  мектептердің  ауласына  көшет  отырғызу 
жұмыстарын жүргізіп, ауланы тазалау жұмыстарын жасау керек;  
–  мектептің кішкентай оқушыларын жас экологтар қатарына қабылдау 
рәсімін  жүргізу.  Сол  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларын  табиғат 
сүйгіштікке баулу;  
–  дарынды  оқушылар  арасында  су  энергиясы,  жасыл  технологияларға 
қатысты  республикалық  жобалар  олимпиадасын  ұйымдастыру  қажет. 
Олимпиада  үздік  өнертапқыштарды  анықтап,  оқушылардың  жасаған 
жобаларының жүзеге асуына қолдау көрсету керек;  
–  оқушылармен  ауылдың,  қаланың  көрікті  жерлеріне  экскурсия 
жүргізіп, туған өлкенің тарихын таныту. Өзен-суларын, тау-тасын қастерлеп, 
жастар өз өңірінің табиғатын қорғауды түсінулері тиіс;  
–  су  ресурстарын  үнемдеуге  қатысты  оқушылар  арасында  эссе 
байқаулар өткізу;  
–  «Қағазсыз  бір  күн»,  «Пластиксіз  әлем»  акцияларын  ұйымдастыру. 
Полиэтилен  пакеттерінен  бас  тартып,  барлық  құжаттар  электронды  түрде 


31 
 
тапсырылып,  қағаз  үнемдеуге,  сол  арқылы  ағаштардың  кесілуін  азайтуға 
шақырады;  
–  бір  апта  көлемінде  мектеп,  үйлердің  маңы  қоқыстардан  тазарту 
жұмыстарын жүргізу керек. Жаппай сенбіліктер ұйымдастырылып оқушылар 
мен волонтерлер атсалысулары керек;  
–  сынып 
сағаттарын 
К.О. 
Шайхеслямова, 
А.Ж. 
Болатова,                           
Г.С. Сыздықованың «Экологическая культура»  эллективті курс әдістемесінің 
негізінде ұйымдастыру ұсынылады.  
–  оқушыларды  қоқыс  өңдеу  зауыттарына  экскурссияға  апарып,  өңдеу 
жұмыстарымен таныстыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет