Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


өткізу, сондай-ақ оқушы жастар арасында су ресурстарын ұтымды



Pdf көрінісі
бет44/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   221
өткізу, сондай-ақ оқушы жастар арасында су ресурстарын ұтымды 
пайдалану мәдениетін дамыту бойыеша ұсынымдар 
 
Экологиялық  мәселелер  қоғамдық  мәні  жағынан  әлемдегі  алдыңғы 
орындағы  проблемалардың  қатарында.  Әлемдік  «Nature»  журналының 
мәліметінше жер шарынан жыл сайын 10 миллиардқа жуық ағаш қырқылады. 
Бүгінгі  күнге  дейін  әлемдегі  ормандардың  46  пайызы  жойылған.  Табиғатты 
дер  кезінде  қорғамасақ,  экологиялық апатқа  ұшыратып,  тепе-теңдікті  бұзуға 
әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда өскелең ұрпақтың бойында ерте жастан бастап 
экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру қажет.  
Қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты тетіктері айқындалған Қазақстан 
Республикасының  2025  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарының 
«Халық  арасында  «экологиялық»  мәдениетті  дамыту»  бастамасы  аталатын 
6.3-тармағында «Жеке және өнеркәсіптік тұтыну кезінде табиғи ресурстарды 
ұтымды  пайдалану  идеясын  таратуға  бағытталған  ақпараттық-насихаттау 
қызметі жүзеге асырылады» деп жазылған.  
«Рухани 
жаңғыру» 
мақаласында 
туған 
жердің, 
қалалардың 
көгалдануына  жұмыла  атсалысу  керектігі  айтылған.  Осы  тұрғыдан  алғанда 
жас  ұрпақтың  бойына  туған  жердің  табиғатын  сақтауды,  қастерлеуді  сіңіру 
маңызды.  Оқушылардың  мектеп  қабырғасынан  бастап  суды  үнемді 
пайдалануды,  судың  адам  өміріндегі  маңызын  түйсінуі  өзекті.  Оған  қоса, 
халқымыздың  «Бір тал  кессең, он тал ек» деп  табиғатты  қорғауға, қоршаған 
ортаны  сақтауға  ерекше  мән  бергенін  атап  өткен  жөн.  Бұл  ұғымды  да  жас 
буынның  санасына  сіңіру  қажет.  Сондықтан,  еліміздің  әрбір  мектебінде 
экологиялық  сабақтар  өткізіп,  оқушыларға  табиғатты  сақтап,  аялауды 
түсіндірудің өзектілігі жоғары.  


30 
 
Мақсаты:  жастардың  бойына  табиғатқа  жанашырлық,  қоршаған 
ортаның  ресурстарын  тиімді  пайдалану  қасиеттерін  сіңіріп,  экологиялық 
мәдениетті қалыптастыруға үйрету.  
Міндеттері:  

 
жастарды табиғатты қорғауға шақыру; 

 
жастардың арасында экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру; 

 
экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 

 
ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, халықтың бойына отансүйгіштік, 
патриотизм, табиғатқа жанашырлықпен қарау қасиеттерін арттыру; 

 
оқушыларға салауатты өмір салтының негіздерін үйрету; 

 
адамзаттың өміріндегі судың, ағаш егудің маңызын түсіндіре отырып, 
бұл ресурстарды үнемді пайдалануға жастарды баулу; 

 
оқушыларды прагматизмге үйрету.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет