Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет56/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   221
Күтілетін нәтиже: 

 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  мақсаттарының  орындалуына, 
мақаланың мән-маңызының насихатталуына үлкен үлес қосылады;  

 
жетістікке жеткен тұлғаларға қарап дамитын, жолын үлгі ететіндердің 
қатары көбейеді; 

 
түрлі  салаларда  жетістікке  жетіп,  ел  дамуына  өз  үлесін  қосатын 
қазақстандықтардың саны артады; 

 
жобаға қатысушыларға ақпараттық қолдау жасалып, танымал етудің 
жаңа мультимедиалық алаңы қалыптасады. 
 
 
 
Мұқтаж адамдарға одан әрі бөлу үшін киім-кешек пен 
заттарды жинау жөніндегі қайырымдылық іс-шаралар 
кешенін іске асыру (барлық аудандарда, қалаларда 
арнайы орталықтар ашу мүмкіндігін қарастыра 
отырып) бойынша ұсынымдар 
 
Кез  келген  мемлекет  сияқты  Қазақстанның  алдына  қойған  биік 
мақсаттарының  бірі  –  халықтың  әл-ауқаты,  тұрмысының  түзелуі.  Сәтті 
экономикалық  даму  мен  елде  жүргізіліп  отырған  әлеуметтік  саясатқа 
қарамастан күнделікті өмірде қажетті киім-кешек пен негізгі қажеттіліктерді 
сатып  алу  мүмкіндігі  жоқ,    әлеуметтік  қамсыздандыруда  төмен  деңгейлі 
азаматтар санаты бар.
 
Ел  тарихында  өмірлік  қиындықтарға  тап  болған,  мұқтаж  жандарға, 
әлеуметтік  тұрмысы  төмен  ағайын-туысқа  ұжымдық  тұрғыда  көмектесіп, 
материалдық жағынан қолдау көрсеткен фактілер жетерлік. Осындай игі, үлгі 
боларлық дәстүрлердің бірі «асар» дәстүрі. Адамдар жиналып,мұқтаж адамға 
қол күшімен көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қазақта  «жылу жинау» деген 
жақсы дәстүр бар. Оқыс жағдайларға (өрт, тасқын т.б.), өмірлік қиындықтарға 
тап болған адамдарға материалдық, моральдық, қаржылай тұрғыда көмектесу. 
Тек ағайын-туысы ғана емес, ел болып, ауыл болып көмек қолын созу жылу 
жинау  дәстүрінің  негізгі  мақсаты.Қайырымдылық  ретінде  мал,  құрылыс 
материалдары, киім-кешек, ақша т.б. беріледі. «Белкөтерер» қарттарды қонақ 


39 
 
етуге бағытталған дәстүр. Қарияларға арнап бастысы жеңіл әрі пайдалы (қазы, 
жент,  қымыз,  ірімшік  т.б.)  тағамдар  әзірленеді.  Қарттарға  қайырымдылық 
ұйымдастыру  міндеті  бала-шағаларына,  жақын  туыстарына  кейде  көрші-
қолаңға жүктеледі. «Белкөтерер» дәстүрі қарт адамдарға қамқорлық жасаудың 
жарқын үлгісі.   
Соңғы жылдарда Қазақстан  халқы орын алып жатқан  түрлі мәселелер, 
өмірлік  қиындықтар,  маңызды  әлеуметтік  проблемаларды  шешу  барысында 
жоғарыда  атап  өткен  салт-дәстүрлерді  талай  мәрте  көпшіліке  таныстырып, 
насихаттап  келеді.  Мысалға  Арыста  болған  оқиғадан  кейін  Түркістан 
облысында  ауыл  тұрғындарына  арнап  азық-түлік,  киім-кешек  жиналды.  
Нұр-Сұлтан  қаласында  балалардың  өмірін  алып  кеткен  өрттен  кейін  халық 
қайырымдылыққа  қаржы  жинап,  қара  жамылып  отырған  отбасына  баспана 
алып  берді.  Мемлекеттік  емес  ұйымдардың  қатысуымен  көптеген  акциялар 
ұйымдастырылып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен жағадайы нашар 
адамдарды киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді.  
Мұқтаж  адамдарға  осныдай  негізде  көмек  көрсетуді  қолдау  мен 
ауқымын  кеңейтідің  маңызы  жоғары.  Мұндай  салт-дәстүрлер  халықты 
біріктіріп,  қамқорлық  жасауға,  айналасындағы  адамдарға  көрсетуге 
шақырады.  Қайырылымдылық  мәденит  қалыптастыра  отырып,  маңызды 
проблемаларды  ұжымдық тұрғыда шешуге бағыт бағдар береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет