Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет69/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Іске асыру механизмдері: 
Жергілікті  атқарушы  орган  қоғамды  дамыту  (рухани-адамгершілік 
тәрбие,  мәдени  даму  және  т.б.)  мәселелеріне  шығармашыл  зиялы  қауым 
өкілдерін белсенді тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді. 
Жоспарға келесі іс-шаралар кіруі мүмкін: 
1.  Шығармашыл  зиялы  қауым  өкілдері  қатарынан  тәлімгерлер  пулын 
қалыптастыру:  ғылым,  өнер,  өндіріс,  спорт,  экономика,  денсаулық  сақтау, 
қоғам  қайраткерлері,  жастар  ұйымдарының  өкілдері  және  басқа  да  беделді 
адамдар; 
2.  Тәлімгерлер  пулына  қатысушыларды  тарта  отырып  тақырыптық 
клубтарды  құру  (ұлттық  дәстүрлер,  өнер,  тарих  және  т.  б.)  және  тұрақты 
кездесулер кестесін анықтау; 


50 
 
3. Тәлімгерлер пулына қатысушы жас авторлардың шығармашылығын 
алға жылжуына көмек көрсету; 
4.  Жас  қазақстандықтарды  мәдени  және  рухани  байытуға  бағытталған 
арнайы  шаралар  өткізу.  Мысалы  мұражайда  немесе  орталық  кітапханада 
оқырмандар  шығармашылығы  туралы  дәрістер,  авторлармен  кездесулер, 
қойылымдар, көрмелер, концерттер, шеберлік сабақтары және әдеби квесттер 
ұйымдастырылады; 
5.  Волонтерлік  және  қайырымдылық  жобаларына  жастар  мен 
тәлімгерлер пулына қатысушылардың бірлескен қатысуын ұйымдастыру; 
6.  Мәдени  даму,  патриотизм,  рухани-адамгершілік  тәрбиемен 
байланысты  мәселелерді  жастармен  талқылау  үшін  ART  алаңын  құру.  Алаң 
жұмысы аясында шығармашыл зиялы қауым өкілдері мен жастар арасындағы 
сарапшыларға тең мүмкіндіктер беріледі; 
7.  Кино  дәрістер  өткізу  (сұрақтар  қою  және  фильм  барысын 
техникаларының  көмегімен  қарау  және  талқылауды  көздейді),  патриотизм, 
тарих  тақырыбына  бейне  дәрістер  өткізу.  Модератор  ретінде-  шығармашыл 
зиялы  қауым  өкілі  болуы  қажет.  Фильмдерді  көру  арқылы  көрермендермен 
сюжетті дамыту қырлары және олардың қалай түскені туралы пікір алмасады. 
Сонымен қатар көрермендер фильмнің кемшіл тұстарын бойынша сын айтып, 
өз ойларын айта алады. 
Қоғамның даму мәселелеріне шығармашыл зиялы қауым белсенділерін 
тарту 
жөніндегі 
іс-шаралар 
жоспары 
бекітілгеннен 
кейін  
(рухани-адамгершілік  тәрбие,  мәдени  даму  және  т.б.)  оны  іске  асыру 
басталады. Өткізілетін іс-шаралар БАҚ-та кеңінен жарияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет