15 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті
атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық
мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған,
көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып,
«марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының
үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін,
қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы,
ерлігі баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |