Іске асыру механизмдері: – байқауға 16-35 жас аралығындағы республика бойынша дәстүрлі
әннің орындаушыларын іріктеу;
– аймақтардан келген жас дәстүрлі әншілерге белгілі халық әнінің
өкілдерімен кездесулер, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру;
– дәстүрлі әншілердің есімдерін және шығармаларын заманауи
технологиялардың көмегімен насихаттау;
– Республикалық байқауды Әміре Қашаубаевтың туған жерінде
ұйымдастырылғаны жөн;
– мектептерде Әміре Қашаубаевтың шығармашылығына арналған
ашық сабақтар өткізілуі тиіс;
– әлеуметтік желіде #әміреніңәндері хэштегімен халықтың арасында
Әміре Қашаубаевтың әндерін орындаудан челлендж ұйымдастыру қажет. Сол
арқылы дәстүрлі халық әндерінің үлкен аудиторияда тарауына мүмкіндік
туады;
– байқаудың бір бөлімінде ұлы ақынның 175 жылдығын ескеріп,
Абайдың әндерін орындау ұсынылады;
– Әміре Қашаубаев туралы телеарналардан деректі фильмдер,
бейнесюжеттер берілуі керек;
– басылым беттеріне Әміре Қашаубаевтың шығармашылығы жайлы
тың зерттеулер, мақалалар жариялануы тиіс;
– оқу орындарында Әміре Қашаубаев апталықтарын өткізу. Апталық
барысында Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен танысып, әндерін айтып,
шығармашылығына қатысты зерттеулер жүргізу керек;
– «Нұр-Әлем» сферасындағы музейге Әміре Қашаубаевқа арналған
бұрыш жасау керек. ЭКСПО-ға қатысқан тұңғыш қазақ ретінде арнайы
танымдық ақпараттар, әндері жинақталып, келген адамдарға таныстырылуы
тиіс;
– байқауда ұмыт болған дала композиторларының шығармаларын
тауып, оларды орындау және көпшілікке таныту.