72
кеткенімен, тарихи санамызда қалды. Дәстүрлі түсінікте қызғалдақ әсемдік
пен шаттықтың нышаны деп саналды.
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін
жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын
бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде
Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда
болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз
әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге
тарады.
«Қызғалдақ fest» фестивалін өңірлік деңгейде ұйымдастыру –
прагматизм терминінің танымын кеңейтуге, азаматтардың құндықтарды
бағалау қасиеттерін қалыптастыруға, отандық брендтің насихатталуы мен
оның тарихын тануға, әсемдік пен әдеміліктің символындай болған Қызғалдақ
гүліне деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: