Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


Мақсаты:  қазақ  ұлттық  тағамдарының  ерекшелігі  мен  құндылығын  насихаттау.   Міндеттері



Pdf көрінісі
бет123/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   221
Мақсаты:  қазақ  ұлттық  тағамдарының  ерекшелігі  мен  құндылығын 
насихаттау.  
Міндеттері: 
−  бірегей  тағамдардың  дәмін  сақтау  және  ежелгі  жасалу  жолдарын 
түсіндіру; 
−  тағамдардың  шығу  тарихы,  жасалу  жолдары,  ерекшеліктеріне 
тоқталу;  
−  астың қонаққа ұсынылуындағы жөн-жоралғыларды ұстану;  
−  балабақша  мен  мектеп  оқушыларына  қазақы  ұлттық  тағамдардың 
қадір-қаситетін ұғындыру;  
−  қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу.  


86 
 
Іске асыру механизмдері.   
1.  «Қазақ  асханасының  бірегей  тағамдары»  шарасын  ұйымдастыру.  
Шара  аудан-қалалық,  облыстық  деңгейде  өткізіледі.  Алдымен  ауылдардан, 
кейін  әр  ауданнан  бесаспап  аспасазшыларды  қатыстыру  арқылы  «Өрметас», 
«Үлпершек», «Қарын бөртпе», «Бұжы», «Жаужүрек», «Қарын көмбе» т.б ұмыт 
бола  бастаған  бірегей  тағамдарды  дайындайды.  Облыстық  әкімдік  өкілдері, 
Ардагерлер  кеңесі,  облыстық  ішкі  саясат,  «Достық»  үйі,  облыс 
орталығындағы 
ұлттық 
мейрамханалардағы 
шебер 
аспазшылары                                 
т.б  өкілдердің  арнайы  сараптауымен  үздік  аспазшыларды  анықтау.  Шараны 
облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Достық» үйі 
ұйымдастырады.  
2.  Еліміздің  әр  аймағында  тағамдардың  жасалу  жолдары  әртүрлі. 
Сонымен  қатар,  ұмыт  бола  бастаған,  ата-бабалар  дайындаған  ежелгі  
тағамдарды  қайта  жаңғырту  мақсатында  арнайы  «Сарқыт»  тақырыбында 
гастро-тур  ұйымдастыру.  Шара  барысында  тағамтану  мамандары,  Өңірлік 
жобалық кеңсе қызметкерлері, этнографтар, БАҚ өкілдері т.б болады. Арнайы 
топ  ауыл-аймақ,  аудан-қалаларға  барып,  тағамдардың  шығу  тарихы,  жасалу 
жолдары  және  ерекшеліктерімен  танысып,  бағалайды.  Гастро-турда 
әзірленген үздік тағамдардан арнайы қысқаметражды бейнефильм, сондай-ақ 
тағамдардың  жасалуы  бойынша  кітапша  дайындалады.  Аталған  шараны 
жергілікті жердегі әкімдіктер демеушілер тарту арқылы ұйымдастырады. 
3. «Қазақ кәдесі» интеллектуалды   жарысы. Байқау 5 кезеңнен тұрады. 
Жарысқа  18-60  жас  аралығындағы  азаматтар  қатыса  алады.  Аудан-қалалық 
кезеңнен  сәтті  өткен  қатысушылар,  облыстық  кезеңге  жолдама  алады. 
Төменде  көрсетілген  бірінші  кезеңде  қатысушылар  өздерінің  білім-білік 
дағдыларын ортаға салады, әр тақырып бойынша алуан түрлі сұрақтарға жауап 
береді. 
1. Сүт тағамдары 
2. Ет тағамдары 
3. Сорпа тағамдары 
4. Ұн тағамдары 
5. Дән тағамдары 
6. Балық тағамдары 
7. Жеміс тағамдары 
Екінші  кезеңде  үміткерлер  асқа,  ұлттық  тағамға  қатысты  мақал-
мәтелдер бойынша сынға түседі.  
Үшінші  кезең  ет  тартудың  кәделері.  Ет  тартудың  32  кәделі  түрі  бар. 
Әрбір  кәде  бойынша  қатысушылар  жасырылған  сөздің  мағынасын  ашып, 
тарқатып айту қажет. 
Төртінші кезеңде ұлттық тағамға қатысты танымал азаматтар мен зиялы 
қауым өкілдері бейнесұрақтар қояды. 
Бесінші  кезеңде  1  минут  ішінде  қазақ  асханасына  қатысты  әртүрлі 
сұрақтар қойылады, сайысқа қатысушы ия немесе жоқ деп жауап беруі керек.  


87 
 
Байқауды  облыстық  Мәдениет,  архивтер  және  құжаттама  басқармасы 
мен  Өңірлік  жобалық  офис  бірлесе  өткізеді.  Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер 
бағалы  сыйлықтармен  марапатталып,  қазақы  ұлттық  мейрамханадан 
жеңілдікпен ас ішуге сертификат табысталады. 
4. «Қазақтың  ұлттық  тағамдарын  білеміз  бе?»  тақырыбында 
балабақша,  мектепалды  даярлық  топтары  мен  мектептерде  ашық  тәрбие 
сағаттарын өткізу. Сонымен қатар мектеп асханаларының ас мәзіріне ұлттық 
тағам  түрлерін  кіргізу  қажет.  Шараны  аудан-қалалық,  облыстық  білім 
бөлімдері мен басқармалары өткізеді.  
5. «Қазақ  асханасы»  атты  іс-шараны  «Наурыз  шапағаты»  жобасы 
аясында  «Ұлттық  тағамдар  күні»  қарсаңында  өткізуді  ұсынамыз.  Ауылдық 
деңгейден бастап, облыстық деңгейге дейін шараны қамту. Аталған байқауға 
қолынан іс келетін, қазақ халқының ұлттық тағамдарын ерекше әзірлей білетін 
шеберлер  қатыса  алады.  Мерекеге  келген  қонақтар  қазақ  асханасының 
мәдениетімен танысып, дастарханнан ауыз тиюге немесе қолжетімді бағамен 
тағам  түрлерін  сатып  алуға  мүмкіндік  алуы  қажет.  Шараны  аудан-қалалық, 
облыстық әкімдіктер ұйымдастырады.  
6. Өңірлерде Қазақстан халқы Асамблеясы, этно-мәдени бірлестіктердің 
ұйымдастыруымен 
еліміздегі 
халықтардың 
дәстүрлі 
тағамдарымен 
таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен  құрметке, ұлтаралық 
келісімге тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық тағамдар фестивалі» өтеді.    
Шарада  барлық  ұлт  өкілдері  өздерінің  ұлттық  тағамдарымен  қатар, 
өнерлерін,  көрмелерін  көрсетеді.  Сонымен  қатар  бұл  фестивальде  өзге  ұлт 
өкілдері қазақ асханасының тағамдарымен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.   
7. Әр 
облыста  аудиториясы  ауқымды  әлеуметтік  желілердегі 
парақшалар  (Instagram,  Facebook)  мен  YouTube  каналдарда  «Қазақ  ұлттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет