Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет156/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Қымызмұрындық 
– 
бие
 
байлап, 
алғашқы 
қымыз
 
ішу 
рәсімі. 
Құлын
  байлап,  бие  сауылып,  оның  сүті  қорланып  ашытылған  соң, 
жиналған  қымызға  ауыл 
ақсақалдары
  мен  көршілер  шақырылады.  
Яғни 
алғашқы 
қымыз 
көпке 
бұйырсын 
деген 
тілекпен 
дастарқан
 жайылып, 
бата
 жасалады.  
 
Шұбат  – 
түйеден
  өндiрiлген  бұл  сусын 
қазақ
  аспаздығында  кеңiнен 
қолданылады, түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын. 
 
Өзiнiң 
биологиялық
  құрамы  бойынша  тек  қана  нәрлi  және  дәмдi  азық 
қана  емес,  сондай-ақ  А,  В
1
,  В
2
,  С  витаминдерiнiң  көзi.  Мысалы,  В
1

В
2
  витаминдерi  бойынша  түйе  сүтi  сиыр  сүтiнен  асып  түседi.  Шұбаттың  бiр 
литрi  адам  организмінің  С  витаминiне  және  рибофлавинiне  тәулiктiк 
қажеттiлiгiн  қанағаттандыра  алады.  Шұбат  айранға  қарағанда  май,  ақуыз, 
кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай. 
 
Шұбат  дайындау  үшін  суытылған  түйе  сүтін  сүзіп,  30  -  35°С-қа  дейін 
салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20  - 
30  мин  араластырып,  3  -  4  сағат  ашытады.  Бұл  кезде  құрамындағы  күрделі 
заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп 
тұнбаға  түседі.  Тұнбадағы  казеинді  майдалау  үшін  шұбатты  араластырып 
отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбаты бар кеспекке құйып жақсылап 
піседі,  ал  ашыту  процесі  20  -  25°С  температурада  10  -  20  сағатқа  созылады. 
Ашыған  шұбатты  ыдыстарға  құйып,  10  -  12  сағат  бойы  салқындатып  сауда 
орындарына  таратады.  Бір  тәулік  бойы  ашыған  шұбат  -  әлсіз,  екі  тәулік 
ашыған шұбат - орташа, ал үш тәулік бойы ашыған шұбат - күшті деп аталады. 
Ашытқы  әсерінен  түйе  сүтіндегі  сүт  қанты  ыдырайды,  сүт  қышқылының, 
спирттің,  көмір  қышқылының  жаңа  қосылыстары  түзіледі,  витаминдердің 
мөлшері молаяды. 
 
Қымыз  бен  шұбат  -  бүгінгі  күні  әлемдік  нарықта  адам  ағзасын  ең 
пайдалы  өнім  ретінде  ең  жоғарғы  баға  ие.  Биологиялық  таза  өнім  –  әлем 


111 
 
ғалымдарын тамсандыруда. Қымыз ішу үшін әлемнің әр елінен елге туристік 
сапар жасап, елмен танысып жатқандар да аз емес. Ұлттық сусындар бүгінгі 
күні  насихатқа  және  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  жүргізілетін 
жұмыстар  бойынша  жасалатын  қолдауларға  зәру.  Ал,  осы  сусындарды 
бағалайтын  тұтынушылар  арасында  Қымызмұрындық  рәсімін  қайта 
жаңғыртып, ұйымдастыру үлкен сұранысқа ие болып отыр. 
 
Осы орайда «Қымыз фест, Қымызмұрындық, Шұбат фест»  фестивалін 
Республикалық  деңгейде  ұйымдастыру  –  прагматизм  терминінің  танымын 
кеңейтуге, 
азаматтардың 
құндылықтарды 
бағалау 
қасиеттерін 
қалыптастыруға,  отандық брендтің насихатталуы  мен  оның  тарихын  тануға, 
ең  таза  биологиялық  құндылық  ретінде  дәріптелетін  қымызға  деген 
сүйіспеншілікті арттыруға ықпал жасайды. 
Мақсаты  -  жұртшылықтың  ұлттық  мәдениет  мен  салт-дәстүрге 
қызығушылығын арттыру және қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыз бен 
шұбаттың құндылығын насихаттау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет