Бірінші кезең. Ақпараттық іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылатын
бірыңғай тұсаукесер материалдарын әзірлеу. Құжаттарды ҚР БжҒМ әзірлейді
және міндетті түрде ҚР АҚДМ-мен келісілуі тиіс.
Құжаттар пакетінде мынадай материалдар болуы тиіс:
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры»
бағдарламалық мақалалары.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы
тұсаукесер. Тұсаукесер әр түрлі нысаналы аудиторияларға (жалпы білім береу
мектептері, ТжКБ, ЖОО) арналған болуы тиіс.
Төмендегі тақырыптар бойынша 7 сабақ өткізу сценарийлері:
1.1 «Рухани жаңғыру – Ел болашағы» сабағы – бағдарламаның негізгі
мәні, оның бағыттары, мақсаттары мен міндеттері туралы баяндайды.
1.2 «Бәсекеге қабілеттілік: табысқа жол» сабағы.
1.3 «Біздің өміріміздегі прагматизм» сабағы.
1.4 «Ұлттық бірегейлікті сақтау: Қазақстан жаһандық әлемде» сабағы.
1.5 «Білімнің салтанат құруы: менің бүгінім– менің ертеңім» сабағы.
1.6
«Біздің
таңдауымыз:
Қазақстанның
революциялық
емес,
эволюциялық дамуы».
1.7 «Сананың ашықтығы – әлемге ашықтық» сабағы.
Жобаны іске асырудың екінші кезеңінде «Рухани жаңғыру – Ел
болашағы» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Сынып сағаты мектептердің барлық сыныптарында, ЖОО-ның оқу топтарында және ТжКБ-да бір мезетте өткізіледі. Іс-шаралар өткізу БАҚ-
та жарияланады.
Жыл бойы жоғары оқу орындарында конкурс туралы алдын ала
әзірленген Ережеге сәйкес «Рухани жаңғыру» – кеше, бүгін, ертең»
тақырыбында бейне жұмыстар конкурсы өтуі тиіс. Қатысушылардың дайын
жұмыстары #RJ-2020 хештегі бойынша әлеуметтік желілерде жарияланады.