Сигнал деп хабарламаны бейнелейтін өзгермелі физикалық шаманы түсінуге болады.
Сигнал – хабарламаны материалды тасушы, яғни байланыс линиясы бойынша ақпаратты беруді қамтамасыз ететін өзгермелі физикалық шама. Хабарлағыштан қабылдағышқа сигналдардың берілуін қамтамасыз ететін физикалық орта байланыс линиясы деп аталады.
Байланыс линиясы арқылы өтетін хабарламаларды сигналдарға түрлендіру хабарлағыштың көмегімен жүзеге асады.
Кең мағынада кодтау дегеніміз хабарламаларды сигналдарға түрлендіру.
Тар мағынада кодтау дегеніміз дискретті хабарламаларды нақты символдар тіркесі түріндегі сигналдармен бейнелеу. Кодтауды жүзеге асыратын құрылғы кодер деп аталады.
Сигналдарды беру кезінде сигналдар бөгеуілдердің ықпалына ұшырайды. Бөгеуіл дегеніміз кез-келген кедергі жасатын сыртқы әсерлер немесе ауытқулар, сонымен қатар аппаратураның өзіндегі сигналдардың бұрмалануы (аппаратурадағы кедергілер).
Қайта кодтайтын құрылғы (декодер) алынған сигналды алушыға түсінікті болатындай етіп түрлендіреді.
Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.