Ақпараттық-дидактикалық блок


ҮЭҚА клиникалық-генетикалық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата08.11.2022
өлшемі283,44 Kb.
#48401
1   2   3   4   5   6   7   8
ҮЭҚА клиникалық-генетикалық сипаттамасы: 
1) антиципация немесе бір жанұяда ұрпақтан ұрпаққа аурудың ауырлығының артуы, ерте 
басталып, тез үдеп, зақымдалған ұрпақтарда өте ауырлай түсуі. Антиципация феномені 
мейоз не митоз үдерісінде ҮНҚ санының ұлғаюымен түсіндіріледі. Бір жағдайларда,
мысалы, Гентингтон хореясында ауру балалардағы антиципация ауру әкесінен тұқым 
қуалағанда байқалады (ҮНҚ санының көбеюі сперматогенезде жүреді), ал басқасында – 
мысалы, миотониялық дистрофияда, ауру анадан тұқым қуалағанда (ҮНҚ саны көбеюі 
оогенезде жүреді) байқалады; 2) аурудың клиникалық белгілернің ауырлығын және ҮНҚ 
санын әртүрлі жанұяларда және бір жанұяда ауыратындардың арасында корреляция; 
3) Шерман парадоксы – мутантты генді қай ата-ана беруіне орай келесі әрбір келесі 
ұрпақтарында ауру бала санының ұлғаю мүмкіндігі. Бұл феномен ҮНҚ экспансиясы
шектік (ауру тудыратын) деңгейге жетпеген, дені сау «премутацияны» тасмалдаушылардың
болуымен түсіндіріледі. ҮҚЭА аурудың себебі мен даму механизміне байланысты екі 
топқа бөлінеді.Бірінші топқа геннің кодтайтын бөлігінде глутаминді кодтайтын ЦАГ-
қайталауларының экспансиясы нәтижесінде пайда болатын аурулар жатады. Қайталаулар
саны 40 пен 80 арасында болады. Мутация нәтижесінде жартылай глутаминді қайталаулар 
есебінен синтезделетін ақуыз мөлшері ұлғаяды. Бұл топқа кеш басталатын, үздіксіз үдейтін 
тұқым қуалайтын нейродегенерациялар: Гентингтон хореясы және арқа церебральды
атаксияның әртүрлі нұсқалары жатады. Екінші топқа геннің реттеуші бөлігіндегі ҮНҚ 
экспансиясынан дамитын аурулар жатады. Қайталаулар саны бірнеше жүзден бірнеше 
мыңға дейін жетеді, яғни бұл топ аурулары ҮНҚ саны көп болған жағдайда ғана дамиды.


ҮНҚ көп болуы жыныс және сомалық жасушаларда гендердің тұрақсыздығына және 
науқастардың шежіресінде антиципация феноменінің пайда болуына алып келеді. Бұл 
топқа миотониялық дистрофия, Мартин-Белл синдромы, Фридрейх атаксиясы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет