Құрметті әріптестер! Сіздерді «ПЕДАГОГТІ ЦИФРЛЫҚ ҰРПАҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер және мектеп оқушыларының халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
Конференция 2021 жылдың 21-22 сәуірінде «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ базасында өтеді.
Өткізу форматы: онлайн, ZOOM платформасы (онлайн-конференцияға қатысу үшін сілтеме қосымша жіберіледі, сондай-ақ Павлодар педагогикалық университетінің сайтында жарияланады).
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Жалпы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі цифрлық перспективалар
2. Білім беруді цифрландыру жағдайында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытудың заманауи мәселелері (Биология, Экология и география, Химия, Информатика, Математика, Физика)
3. Сандық буынмен жұмыс істеуге шығармашылық мамандықтар дайындау
4. Цифрландыру жағдайындағы гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері
5. Сандық буынның мәдениетаралық байланысы
Онлайн-конференция жұмысына қатысуға Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының студенттері, оқушылары, аспиранттары, докторанттары және магистранттары сондай-ақ, мүдделі тұлғалар шақырылады. Өтінім және мақала төменде көрсетілген электрондық поштаға 2021 жылдың 17 сәуіріне дейін «мақала_ автордың аты жөні» деген белгімен жіберу қажет. Өтінім нысаны және тезистер қоса беріледі.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Жариялауға арналған материалдар (ғылыми баяндамалар) талаптарға сәйкес дайындалуы керек.