Ақпараттық хат құрметті әріптестер!



бет1/4
Дата01.12.2022
өлшемі33,77 Kb.
#54176
  1   2   3   4
Байланысты:
Жаханша ХАЛЫКАРАЛЫК дурысы 30.11.2022 2022ж)


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 21 желтоқсанында Жаһанша Досмұхамедовтың 135 жылдық мерейтойына орай «Жаһанша оқулары» аясында «ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ АЛАШ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында өтеді. Конференцияға алаштанушы ғалымдар, зерттеушілер, білім беру мекемелерінің тарихшы оқытушылары, студенттер қатысады.
Конференцияның мақсат-міндеттері:
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестеріне жол бастаған «Алаш» идеясы тарихы мен сол бағытқа өмірін арнаған Алаш қайраткері, Күнбатыс Алашорда үкіметінің төрағасы Жаһанша Досмұхамедовтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттеулермен танысу, пікір алмасу, жастардың ғылыми-зерттеушілік, танымдық қызығушылығын арттыру.
Елдің еркіндігі жолында құрбан болған асыл ерлердің ерен ерлігі мен еңбегін насихаттай отырып, ұлт болып ұйысу жолындағы ұстанымымен жас ұрпақты жақынырақ таныстыру.


Ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағыттары:

  1. Жаһанша Досмұхамедов мұрасы-ұлт қазынасы

  2. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу мәселесі

  3. Ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас: рухани білімнің жаңғыруы

  4. Жаңа Қазақстан: Рухани жаңғыру жолындағы жастар тәрбиесі.

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды жіберу сұралады:



  • Конференцияға қатысу үшін өтініш;

  • Талапқа сай баяндама тезистері.



Сіздің конференцияға қатысқаныңызға алғыс білдіреміз.


Конференцияға қатысу үшін өтініш үлгісі



1.

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)




2.

Мекеме атауы




3.

Лауазымы, ғылыми атағы мен дәрежесі




4.

Мекен-жайы (ел, индекс, қала, көше, үй мен пәтердің нөмірі)




5.

Байланыс телефоны




6.

Электронды пошта (е-mail)




7.

Мақала атауы




8.

Конференция бағытының атауы




9.

Конференцияға қатысу формасы (іштей / сырттай)




10.

Қонақүй қажеттілігі (иә / жоқ)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет