Ақпараттық хат



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі86,16 Kb.
#84082
  1   2   3

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Физика» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында өткізілетін облыстық олимпиадаға қатысуға шақырады.


Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің мамандықтарын мектеп бітірушілер арасында насихаттау және университетке оқуға шақыру.
Олимпиаданың міндеттері:
Облыс аумағындағы мектеп бітірушілер арасынан физика пәніне қызығушылығы жоғары, дарынды балаларды анықтау, зияткерлік орта жасау, оқушыларға теориялық және практикалық көмек көрсету және ынталандыру.
ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ


Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ, орыс
Олимпиадаға қатысу тегін.
Олимпиада екі кезеңмен өтеді: бірінші кезең (онлайн форматта) – іріктеу кезеңі; екінші (офлайн форматта) – ақтық кезең.
Іріктеу кезеңінде қатысушыларға пән бойынша тест тапсырмалары беріледі, қатысушының жинақтаған ұпайын бағдарлама автоматты түрде шығарып береді.
Іріктеу кезеңінің өтетін уақыты 25.04.2023 ж. сағат 9:30.
Олимпиаданың І кезеңінде оқушыларға физика пәні бойынша тест түрінде дайындалған тапсырмалар ұсынылып, 2 сағат уақыт беріледі.
Ақтық кезеңнің өтетін уақыты 27.04.2023 ж. сағат 14:00.
Ақтық кезеңде қатысушыға 5 есеп ұсынылып, 5 есепке 3 сағат уақыт беріледі. Ақтық кезең университеттің 6 оқу ғимаратының 203 дәрісханада өтіледі.
Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, ең көп балды жинаған 25 қатысушы жіберіледі.

Іріктеу кезеңіне қатысушылардың тіркелуі:


http://e-univer.korkyt.kz/olimpiada/registraciya.aspx 14.04.-23.04.2023ж. аралығында жалғасады және 23.04.2023 ж. сағат кешкі 17.00-де тоқтатылады.


Олимпиада нәтижесі бойынша қорытындылау және марапаттау.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1 - бірінші орын, 2 - екінші орын, 3 - үшінші орын беріледі. Ректор гранты иегерлерінен басқа жүлдегерлерге дипломдар мен алғыс хаттар беріледі.
Олимпиада жеңімпаздарына бейіндік пәндері физика болатын мамандықтардың біріне университет Ректорының гранты беріледі.
Ректор гранты университет сайтында көрсетілген ЕРЕЖЕГЕ сай тағайындалады.


*Қосымша ақпарат үшін ұйымдастыру комитеті құрамына хабарласуға болады:



Каинбаева Лариса Сағижанқызы

+7 707 284 18 75

Қалиев Бақыт Қалиұлы

+7 701 605 50 28

Аманбаева Мадина Қуанышқызы

+7 776 855 62 62

Алмағамбетова Айгүл Алдажақызы

+7 777 276 63 71

Енсебаева Гульзат Муратбековна

+7 705 400 37 16

Ғаниулла Әлия Ғаниуллақызы

+7 777 067 80 82

Әбітаева Ұлбосын Әбдіғаппарқызы

+7 701 864 91 56

Қарабала Тоғжан Маратқызы

+7 708 871 17 41



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет