Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2
данадан) және электрондық нұсқасы, плагиатқа (60% кем емес) тексерілгендігі туралы анықтама және
ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен
Auezov-17@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2023 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады: 160012,
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті, №16 ғимарат, 2 қабат, 220 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы:
Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – PhD, академиялық ғылым департаментінің директоры.
Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар: Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word
редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman
қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 25 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша
шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған
тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен
мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен –
мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде автордың аты-жөні және тегі, мақалада автор саны шектеулі
(үш автордан аспауы қажет), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде мекеме, қала,
ел атауы және электрондық адрес (e-mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін
түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін