Ақпараттық жасақтама(Headware)


конфиденциалдылық (құпияланғандық)



бет20/20
Дата06.01.2022
өлшемі140,87 Kb.
#16533
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы;

  • тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі;

  • қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы.

    Желілік қауіпсіздік сервистері есептеуіш жүйелерде және желілерде өңделетін ақпараттың қорғау механизмдерін береді.
    Инженерлік-техникалық әдістер өзінің мақсаты ретінде техникалық арналар арқылы ақпараттың жайылып кетуінен ақпараттың қорғалуын қамтасыз етуді қарастырады.
    Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері нормалар үлгілерін жетілдіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады.
    Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістері өз кезегінде екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі процесстерді формализациялау.Осыдан екінші мәселе туындайды – ол, қорғалу деңгейін талдағанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелер қызметінің қисындылығы мен адекваттығының қатаң негізделуі.




    Желілік құрылғыны белгілеңіз... Концентраторлар. Бұл құрылғылар апаратты бір немесе бірнеше түйіндерге қайта таратуға арналған. Кез келген топология түріндегі желілер қолдана береді. Олар бір бірінен сандары, типтері және қосылған кабельдер ұзындықтары арқылы автоматты түрде басқара алады ( үзілген және бұзылған жағдайда қосып және ажырату).
    Қабылдап таратқыштар. Желі жұмыс станциясының контроллерінің пакеттерін қабылдап және оны желіге тарату қызметін атқарады.
    Қайталағыштар(сетевые повторители) Желідегі сигналдарды күшейтуге және қайта орнына келтіруге арналған құрылғы.
    Көпірлер(сетевые мосты) Физикалық айырмашылықтары бар жеке түрлерін құруға арналған.
    Шлюздер(шлюзы) Әр түрлі айырбастау протоколдары бар желі түрлерін біріктіруге арналған құрылғы. Шлюздер желідегі протоколдарды қайта құруға арналған, яғни бір форматтағы хабарламаны басқа форматқа ауыстыруды немесе кодтау жүйесінің басқа кодтау жүйесіне ауысуды қамтамасыз етеді.
    Маршрутизаторлар. Бұл құрылғылар желідегі байланысты орнатады.

    Жергілікті желі екі кластан тұрады:



    • Бір рангты ( бір деңгейлі )

    • Иерархиялық ( көп деңгейлі )

    Бір деңгейлі желілер. Мұндай желілерде орталық дербес компьютер болмайды. Кейбір апараттық құрылғылар ( қатты диск, CD, DVD-ROM ) және перрифериялық құрылғылар барлық жұмыс орындарында бірге пайдаланылады. Бір деңгейлі желілердің әрбір пайдаланушысы өзінің дербес компьютерінде админстратор болып табылады. Пайдаланушы құқығын тоқтату үшін өз компьютерінде кейбір құрылғыларда доступты алып тастай алады.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет