«Ақпараттық жүйелер»мамандығы бойынша аттестациялық жұмысты орындау әдістемесі: Әдістемелік нұсқаулық


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ



бет10/14
Дата05.07.2022
өлшемі60,7 Kb.
#37505
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
03-18 тобы дипломдық жоба

1.8 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ
БАҒАЛАУ

Дипломдық жұмысты қорғауға білім алушы мұқият дайын болуы керек:ол


баяндама тезисін құрастырады,қажетінше көрсетілімдік материялдарды
(кестелер,сызба нұсқалар,диаграммалар және т.б) дайындайды; жеке қағаз
бетінде дипломдық жұмыста мазмұндалған,теориялық және тәжірибелік
маңызы бар жұмыстың ерекше мәнді ережелері мазмұндайды.Дипломдық
жұмысты қорғау кезінде жасалатын баяндаманың мазмұны ғылыми
жетекшімен мақұлданады.
Мемлекеттік аттестациялау комисиясының алдында дипломдық жұмысты
(жобаны) қорғау кезінде білім алушы дипломдық жұмыстың(жобының)
мақсаты мен міндеттері қысқаша,айқын әрі нақты сипаттайды,оның маңызды
ережелерін мазмұндайды,өзінің жасаған түйіндерімен талдайды,
яғни дәлелдейді.Басқаша айтқанда баяндама жасаудың негізі болып кіріспе
мен қорытынды табылады,тараулар мазмұндалмайды.
Баяндама жасауға білім алушыға 5-7 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Диплом қорғаушы қорғауға шыққанда,алдымен Мемлекеттік аттестациялау
комиссиясының төрағасы(төрайымы) ғылыми жетекшінің пікірі мен
рецензияны оқиды.
Диплом қорғаушыға Мемлекеттік аттестациялау комисиясының төрағасы
мен мүшелері және қорғауға қатысушы кез келген адам сұрақтар қоюы мүмкін.
Қойылған сұрақтарға білім алушы қысқа,бірақ дәл жауап беруі керек.Қорғауға
Қатысушылардың жұмыстың нәтижесін талқылауға қатысуға құқықтары бар.
Талқылау аяқталғаннан кейін дипломшыға ғылыми жетекшінің пікірі мен
рецензияда көрсетілген және/немесе баяндамаға жасалған ескертулер бойынша
жауап беруге мүмкіндік беріледі.
Дипломдық жұмысты(жобаны) қорғаудың нәтижелері бойынша
Мемлекеттік біліктілік комиссиясының жабық отырысында «өте жақсы»,
«жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағалары қойылады.
мұнда студенттің теориялық,ғылыми және тәжірибелік дайарлығының деңгейі
және ғылыми жетекші мен рецензенттердің пікірі назарға алынады.

21
Қорытынды баға қою кезінде МБК келесі позициялар бойынша бағалауды


басшылыққа алады:
-жұмыстың ғылыми-техникалық мазмұны ,
- баяндама сапасы,
-түсіндірме жазбаның және графикалық материалдардың дұрыс
рәсімделуі және ақпараттылығы ,
-МБК мүшелерінің сұрақтарына жауаптар ,
-рецензенттің бағалауы,
-жетекшінің бағалауы.
Қорғау процесінде МБК мүшелері жұмыстарды бағалаудын жекелеген
өлшемдері бойынша ақпаратты жинақтауға мүмкіндік беретін бағалау парағын
толтырады.
Дипломдық жобаны қорғау нәтижесі « өте жақсы» , «жақсы»
“қанағаттанарлық”және “қанағаттанарлықсыз”бағасымен анықталады.МБК
мүшелерінің арасында бағалау туралы пікір тең бөлінген жағдайда түпкілікті
шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды.
МБК- ның жабық отырысы аяқталғаннан кейін төраға білім алушыларға
үздік диплом беру туралы комиссияның шешімін хабарлайды .Дипломдық
жұмыстарды (жобаларды) қорғау нәтижелері қорғау күні жарияланады.
дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыны “техник
бағдарламашы” біліктілігі беріледі . Оқу жопарының барлық пәдерінің
кемінде 75% “өте жақсы”,ал қалған пәндер бойынша - “жақсы” ,мемлекеттік
емтихан мен дипломдық жобаны “ өте жақсы” тапсырған ,сондай-ақ өзін
ғылыми жұмыста көрсеткен білім алушыға үздік диплом беріледі.
Диплом жобасын қорғау “қанағаттанарлықсыз” деп танылған жағдайда ,
МБК білім алушының сол жобаны қайта жетілдіріп қорғауға ұсына
алатындығын немесе ТӘК белгілейтін жана тақырыпты әзірлеуге міндетті
екендігін анықтайды.
Белгіленген мерзімде дәлелді себептермен (құжатпен расталған) біліктілік
жұмысын қоғамаған білім алушы колледж директорының атына қорғауды
ауыстыру және қорғауға келмеу себептерін көсету туралы өтініш жазуы қажет.
Осы өтініш «Бағдарламалау» бөлімі меңгерушісімен келісіледі . Дипломдық
жұмыс (жоба) қорғаудан кейін колледж мұрағатына үнемі сақталады.
Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба білім алушының өздік
шығармашылық жұмысы болып табылады,оның негізінде Мемлекеттік
қорытынды біліктілік комиссиясы түлекке дипломдық жұмыс негізінде маман
біліктілігін беру туралы шешім қабылдайды.

22



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет