1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жобалау оқу процесін қорытындылап, білім алушының өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігіне тексеру болып табылады. Дипломдық жұмысқа оқу жоспарын барлық теориялық пәндер бойынша, технологиялық және диплом алдындағы өндірістік тәжірибені орындаған білім алушылар ғана жіберіледі.
Дипломдық жұмысының немесе дипломдық жобалаудың мақсаты:
1)мамандық бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларды жүйеге келтіру, бекіту,кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық,экономикалық, өндірістік міндеттерді шешуде қолдану;
2)тәжірибелік және ғылыми зерттеулерді жасағанда кез келген сұрақтарға жауап беру, біліктілігін дамыту;
3)білім алушылар өздігімен қәзіргі заманға сәйкес өндірістік, ғылыми, техникалық мәдени,және сонымен қатар кәсіби шараларға дайындау:
Аттестатсиялық жұмыс жұмысқа арналған материалдарды іріктеуді білім алушы теориялық курысты аяқтамай жатып бастауы мүмкін және диплом алдындағы өндірістік тәжірибені өту кезінде аяқтауы қажет.
Дипломдық жобаға немесе дипломдық жұмысқа жетекші (кеңес беруші) ретінде колледж оқытушыларынан немесе өндірістен білікті инженер маман тағайындалады. Жетекшілер білім алушылардың дипломдық жұмыс жазу барысын апта сайын қадағалау отыруы тиіс, ол үшін білім алушыларға тапсырма және айлық кесте беріледі.
Жетекші дипломдық жобаға немесе дипломдық жұмысқа жеке тапсырма әзірлеп, диплом қорғаушымен талқылайды. Тапсырма дипломдық жобаның немесе дипломдық жұмыстың барлық кезеңдері қарастырылуы қажет, Дипломдық жобада тапсырманың барлық бөлімдерді, одан кейін өзгертілуі мүмкін емес.
Аяқталған дипломдық жоба немесе дипломдық жұмыс кеңес берушінің пікірімен бірге бөлім меңгерушісіне рецензияға жіберіледі. Дипломдық жобалардың немесе жұмыстардың рецензияға колледж директорының бұйрығымен осы саланың білікті мамандарынан тағайымдалады.
Дипломшы рецензиямен аттестациялық жұмысты қорғауға дейін танысуы қажет.
Жобамен (жұмыспен), пікірмен және рецензиямен танысқаннан кейін бөлім меңгерушісі білім алушыны орындаған дипломдық жобаны немесе дипломдық жұмысты қорғауы туралы шешім қабылдайды. Дипломдық жобаны немесе жұмысты қорғау Мемлекеттік біліктілік комиссиның (МБК) ашық отырыстарында жүзеге асады. МБК құрамы колледж директорының бұйрығымен анықталады.
8
Дипломдық жоба немесе дипломдық жұмысты қорғауға білім алушыларға өздері орындаған жұмыстың мазмұны туралы қысқаша баяндама жасауға және МБК мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге (10-15 минут) мүмкіндік беріледі. Білім алушы аттестациялық жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарап,кеңес берушінің нұсқаулығымен шектеліп қана қоймай, жобалауға қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге тиіс. Дипломдық жобада немесе дипломдық жұмыста қабылданған шешімдерді қорғау керек екенін есте ұстау керек.
Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба мамандық бойынша әдебиеттерді тереңдетіп зерттеу негізінде жүзеге асырылады (оқулық,оқу құралы,монография,мерзімді әдебиет, дәріс курстары,журналдар, оның ішінде шет тілдерінде,нормативті әдебиет және т.б ).
Достарыңызбен бөлісу: |