«Ақпараттық жүйелер»мамандығы бойынша аттестациялық жұмысты орындау әдістемесі: Әдістемелік нұсқаулық


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ



бет8/14
Дата05.07.2022
өлшемі60,7 Kb.
#37505
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
03-18 тобы дипломдық жоба

1.2 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ
ЖӘНЕ БЕКІТУ
Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жобаның болжамалы тақырыбын түлек шығарушы ТӘК анықтайды және жыл сайын кемінде 30 % жаңартылады , ТӘК кеңесінің отырысында қарастырады және бекітіледі. Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба тақырыбын анықтаған кезде кәсіп орынның, білім беру мекемесінің, ұйымының және қәзіргі еңбек нарығының нақты міндеттері мен тәжірибелік дағдыларының көлеміне сәйкес келуі керек.
1.Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба тақырыптары мамандық бойынша өндірісте кездесетін негізгі мәселелерді қамту және күрделілік деңгейі бойынша білім алушылардың колледжде оқыған кездерінде алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының көлеміне сәйкес келуі керек.
2. .Дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба тақырыптарын колледж оқытушылары және жұмыстарды жасауға қызығушылық танытатын кәсіпорын мамандарымен бірлесіп жасайды және қарастырырылады.
3.Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын білім алушыларға бекіту (жетекшілерді және орындау мерзімін көрсету) колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді. Дипломдық жобаны бір топтың екі білім алушысына орындауына болады .
4.Бекітілген тақырыптар бойынша дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба жетекшілері әрбір білім алушы үшін жеке тапсыпмалар жасайды.Тапсырмалардың көлемі дипломдық жұмысты жазуға берілген уақытқа сәйкес келуі керек .
5. Дипломдық жұмыс тапсырмасының формасын мамандықтың ерекшеліктеріне сәйкетікте ТӘК бекітеді .
6.Дипломдық жұмыстардың тапсырмаларын ТӘК – мен қарастырылады , оған дипломдық жұмыс (жоба) жетекшісі қол қояды, жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетумен ТӘК төрағасы бекітеді және бет санын қоймай , бірақ беттердің жалпы санына кіреді , титулдық беттен кейін димполдық жұмысқа тігіледі.
7. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмалар өндірістік тәжірибе басталғанға дейін екі апта бұрын студенттерге беріледі.
8. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма материалдарынан, білім алушы құрастырған сұрақтардың тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, құрастырылған бағдарлама құрылымынан, бағдарламадан, кестелердің, диаграммалардың, сызбалардың, суреттердің, дипломдық жұмыс жазудың нақты күнтізбелік кестесінен тұрады. Дипломдық жұмысқа тапсырма формасы қосымшада А4 келтірілген.
9.Күнтізбелік кесте әдебиеттерді таңдаудан бастап алдын-ала қорғау өткенге дейінгі дипломдық жұмысты орындаудың барлық кезеңдерін көрсетумен бүкіл кезеңге құрылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет