2 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ Дипломдық жұмыс жетекші құрған жоболауға арналған тапсырмадан
туындайтын бөлімдерден тұрады.
Әзірленетін тақырыптың ерекшеліктеріне қарай бөлімдердің мазмұны
нақтылап,жаңа бөлімдерді енгізу немесе жеке бөлімдерді біріктіруге болады.
Дипломдық жұмыста қолданылатын материалдар жете ойластырылуы тиіс.
Дипломдық жұмысқа қосымша ретінде ықшам диск (CD) болуы міндетті.
Онда: (мұрағатталған түрде) түсіндірме жазбаның мәтіні,бағдарламалардың
бастапқы коды,инсталяциялау үшін қажетті файлдар,жобаның презентациясы,
буклет болуы тиіс.Дискідегі файлдар жиынтығының толықтығы дипломдық
жұмыс жетешісімен тексеріледі.
2.1 «КІРІСПЕ» БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде зерттелетін мәселенің қазіргі кездегі жағдайына қысқаша
сипаттама беріледі және дипломдық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі
талданады,білім алушының тақырыпты таңдау себебі,жұмыстың зерттелуі
деңгейі,мақсаты көрсетіледі,дипломдық жұмыс тақырыбын ашу мақсатында
негізгі міндеттер қойылады.
Сонымен қатар жұмыстың құрылымы көрсетіледі «Кіріспе» бөлімі келесі
ақпараттан тұруы қажет:
Дипломдық жұмыстағы бағдарламалық қосымшаның қазіргі ақпараттық
технологиялар саласындағы күйі;
Тақырыптың өзектілігі;
орындалатын жұмыстың мақсаты.
Кіріспе мәтіні 1-2 бетте мазмұндалады
2.2 «ҚОЙЫЛЫМ» БӨЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ «Негізгі бөлім» бөлім МЕМСТ 19.201-78 сәйкес болуы және келесі
Бөлімшелерден тұруы тиіс.
2.2.1 ЕСЕПТІ ТҰЖЫРЫМДАУ Ол ауызша тұжырымдаманы (пәндік саланың сипаттамасын) және
математикалық моделін де қамтуы мүмкін.бөлімде таңдалған дипломдық
жұмыстың тақырыбы мен қосымшасының егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы
керек.мәтіндік тұжырымдаудан да,математикалық модельден де тұруы
мүмкін.Бөлімде,тағайындалуы толық сипатталуы қажет.
Ол үшін пәндік саланы зерттеу кезінде келесі кезеңдерді орындау қажет.
-әзірленетін дипломдық жұмыс тақырыбын бірнеше бөлімдерге бөліп,
Сипаттау.Әрбір бөлім туралы түсінік қалыптастыру;
23
таңдалған пәндік сала бойынша ішкі айналымдағы ақпаратты
ағындарды сипаттау;
- жалпы тақырып бойынша,оның бөлімдері бойынша модельдеу және
сараптама жасау;
- дипломдық жұмыстыңтың тақырыбының шешімдерін қолдану аумағы;
- таңдалған тақырып бойынша қолданыстағы шешімдерге шолу жасау;
- таңдалған тақырып бойынша қолданыстағы шешімдерді жаңғырта
отырып қолдану;
қойылған есепті шешу нәтижесі бойынша қортатын ақпарат.
Математикалық модель есепті шешу әдісін көрсете отырып,
математикалық түрде сипатталуы қажет.