Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар №7 дәріс. Желілер және телекоммуникациялар


Желілердегі физикалық және логикалық байланыстардың топологиялары әр түрлі көптеген белгілері бойынша ажыратылады. Атап айтсақ



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#120635
1   2   3   4
Байланысты:
ИКТ лекция7

Желілердегі физикалық және логикалық байланыстардың топологиялары әр түрлі көптеген белгілері бойынша ажыратылады. Атап айтсақ:
  • беру жылдамдығы (жоғары жылдамдықты, төмен жылдамдықты);
  • пайдаланылатын кабельдің түрі (коаксиалды, оптикалық, бұралған жұп);
  • кабельдің физикалық орналасуы (сақина, жұлдыз, нүкте-нүкте, шина);
  • пакет (кадр) форматы (Ethernet, Token Ring, FDDI, IP);
  • тарату ортасы (сымды/сымсыз, RRL).

Компьютерлік желілердің топологиясы

Жұлдызша типті топология

Сақиналық типті топология

Сақиналық типті топология

Шиналық типті топология

топологияларды таңдау


Топология

Артықшылығы

Кемшілігі

Шиналық

Кабельді үнемдеу. Ақпаратты жіберу ортасы барлық жұмыс станциялары қол жеткізе алатындай коммуникационды жол формасында ұсынады. Қарапайым және сенімді. Жеңіл таратылады.

Көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс жасау кезінде желінің жіберу мүмкіндігі азаяды. Кабельдің істен шығуы көп қолданушының жұмысын тоқтатады.

Сақиналық

Барлық компьютерлер бірдей ене алады. Қолданушылардың саны шығаруға әсер етпейді.

Бір компьютердің істен шығуы барлық желінің жұмысын істен шығаруы мүмкін. Желінің конфигурациясын өзгерту барлық желінің жұмысын тоқтатады.

Жұлдызша

Желіге жаңа компьютерлерді қосуға болады. Орталықтандырылған бақылау және басқару. Бір компьютердің істен шығуы желі жұмысына әсер етпейді.

Орталық түйіннің істен шығуы барлық желінің жұмысын істен шығарады.

Хаттамалар (Протоколдар) – мәлімет тасымалдаудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде компьютерлер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.
Желідегі байланыс түйіндерін ұйымдастыру үшін иерархиялық түрде ұйымдастырылған қажетті хаттамалар жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады. Коммуникациялық хаттамалар бағдарламалық және аппараттық түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Төменгі деңгейдегі хаттамалар бағдарламалық және аппараттық құралдармен, ал жоғарғы деңгейдегі хаттамалар таза бағдарламалық жасақтамамен жүзеге асырылады.
Желідегі байланыс түйіндерін ұйымдастыру үшін иерархиялық түрде ұйымдастырылған қажетті хаттамалар жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады. Коммуникациялық хаттамалар бағдарламалық және аппараттық түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Төменгі деңгейдегі хаттамалар бағдарламалық және аппараттық құралдармен, ал жоғарғы деңгейдегі хаттамалар таза бағдарламалық жасақтамамен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет