Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар №7 дәріс. Желілер және телекоммуникациялар


Желі адресі IP адрестің сыртқы және ішкі түрлері бар. Ішкі



бет4/4
Дата23.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#120635
1   2   3   4
Желі адресі
IP адрестің сыртқы және ішкі түрлері бар.
Ішкі
Сыртқы
Ішкі (жеке, жергілікті, «сұр») IP-адресі – жергілікті желілерде пайдаланылады, ол Интернет желісінде маршрутталмайды.
Сыртқы (ашық, жаһандық, «ақ») IP-адресі Интернетке шығу үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта интернет хаттамаларының екі буыны бар, олар: IPv4 және IPv6.
-255.0.0.0- А класының маскасы;
-255.255.0.0- В класының маскасы;
-255.255.255.0- С класының маскасы;
ІР адресінде жалпы бөлім-сегменттің номері болуы керек.
Сегменттегі екінші бөлім компьютер номері болады.
Ішкі желі маскасын ІР адрес жазбасымен ұқсас сипаттайды,
мысалы, 255.255.255.0 немесе ІР адреспен бірге,
маска жазбасында біріңғай разрядтар санын көрсету арқылы,
мысалы 192.168.1.1/24. Бұл маскада 24 бірлік бар дегенді білдіреді.
ІР адрестерін тағайындау ережесі
Домендік атау
DNS ағылшын тілінен домендік атаулар жүйесі деп аударылады. Ол IP-мекен жайын алу үшін қажет. Домен атауы – бір немесе бірнеше сөзден тұратын сайт атауы, ал қосалқы домен жоғары деңгейдегі доменнің бөлігі болып табылады. Ұлттық, географиялық, коммерциялық және коммерциялық емес домендер жоғары деңгейлі домендер болып саналады.
www
Интернет желісі
.SMK. EDU. KZ
Екінші деңгейлі домен
Бірінші деңгейлі домен
Үшінші деңгейлі домен
Домендердің кейбір мысалдары:
DHCP сипаттамалары.
Dynamic Host Configuration Protocol (DHCP) - IP желілерінде қолданылатын автоматты конфигурация протоколы. IP желісіне қосылған компьютерлер желі арқылы басқа жүйелерге қосылмас бұрын конфигурациялануы керек (Адресі, желі маскасы, қажет болған жағдайда шлюз, DNS және т.б.).
DHCP жұмыс принциптері.
Динамикалық хостты конфигурациялау протоколы RFC 951 және 1084-те анықталған стандартты бастапқы жүктеу интернет протоколынан (BOOTP Bootstrap Protocol) бөлінді, бұл IP адрестерін динамикалық түрде тағайындауға мүмкіндік берді (сонымен қатар дискісіз жұмыс станцияларын қашықтан жүктеу). Динамикалық IP тағайындауды қолдаумен қатар, DHCP клиенттерге барлық қажетті TCP/IP конфигурация деректерін, сондай-ақ белгілі бір серверлерге қажет деректерді ұсынады.
Сурет 1. DHCP сервері IP адрестерін тағайындауды автоматтандырады
Бекіту сұрақтары
  • OSI анықтамалық моделі туралы түсінік.
  • OSI моделінің деңгейлерін тізімдеңіз және олар қандай функцияларды орындайды?
  • Транспорттық деңгейде қолданылатын хаттамалар?
  • Желілік деңгейде қандай протоколдар қолданылады?
  • Соңғы сымсыз технологияларға қандай технологиялар жатады?
  • IP адрес дегеніміз не?
  • MAC адрес дегеніміз не?
  • DNS адрес дегеніміз не?

Қолданылған әдебиеттер
  • Джумагалиева А.М., Нургазинова А.Ж., Смаилова Л.Қ, Күлмүратова А.Ш., Информатика: ақпараттық жүйелер, Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 247 б.
  • Мадешова А.Б., Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы: оқулық/ Қазақстан Білім және ғылым министрлігі. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-303 б.
  • Мырзабекова Г.Е., Күлмұратова А.Ш., Смаилова Л.К., Тәжібай Л.К., Интернет технологиясы. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 191 б.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет