Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар №7 дәріс. Желілер және телекоммуникациялар


TCP/IP – әр деңгейде жатқан екі хаттама



бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#120635
1   2   3   4
TCP/IP – әр деңгейде жатқан екі хаттама.
• TCP хаттамасы – транспорттық деңгейдегі хаттама. TCP хаттамасына сәйкес, жіберілетін мәліметтер кішігірім пакеттерге «бөлінеді», содан соң әр пакет таңбаланады.
• IP хаттамасы – желілік деңгейдегі адрестік хаттама. Ол хабар қайда баратынын көрсетеді.
Қазіргі заманғы Интернетте ақпаратты тасымалдау бірнеше деңгейден тұратын көпдеңгейлі құрылымға ие. Ондай құрылым OSI (Open Systems Interconnection) моделінің эталоны деп аталады.
OSI моделінің деңгейлері:
1. Физикалық деңгей – байланыс жолының физикалық сипаттамалары анықталады;
2. Каналдық деңгей – желі түйіндерінің физикалық деңгейді қолдану ережесі анықталады;
3. Желілік деңгей – хабарды адрестеу және жеткізуге жауап береді;
4. Транспорттық деңгей – хабарлама компоненттерінің жүру кезегін анықтайды;
5. Сеанстық деңгей - әр жұмыс станцияларындағы екі қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланысты реттейді;
6. Ұсыну деңгейі – компьютер ішіндегі форматтағы мәліметтерді ұсыну форматына түрлендіреді;
7. Қолданбалы деңгей – қолданушыға желілік бағдарламалармен байланыс жасау мүмкіндігін береді.
TCP/IP желілеріндегі әрбір компьютерде үш деңгейлі адрестер бар:

  • физикалық (MAC адресі);
  • желілік (IP адресі);
  • символдық (DNS атауы).

MAC адрес (физикалық адрес) жергілікті желідегі құрылғыларды бірегей анықтау үшін қолданылады. Ол өндіруші зауытта желілік карта немесе маршрутизатор сияқты құрылғының тұрақты жадысына жазылады.
MAC адрестің құрылымы
IP-адрес
Интернет-хаттама ағылшын тілінен IP-мекен жайы деп аударылады. Ол 4 октеттен, яғни
4 байттан тұрады.
192. 168. 65. 79.
11000000. 10101000. 01000001. 01001111
8 бит
32 бит (4 байт)
Компьютер номері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет